Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәрбие негізі – ғылым, даналық негізі – білім.


Тәрбие негізі – ғылым, даналық негізі – білім.

Тәрбие негізі – ғылым, даналық негізі – білім.

Адамның қабілеті жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістеу өте қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық – ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.

Ақыл-ой тәрбиесі –көріп-білу, жүрекпен терең сезіну біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп тектен-текке айтпаған. Сөз бастаған шешенді, қол бастаған батырмен пара-пар қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.

Ғылымды меңгеру, даналық ойға ие болу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты,-деп айтқан Ыбырай атамыз.

Ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, жұмбақ ерекше роль атқарады. Жұмбақ баланың логикалық ой-өрісінің дамуына әсер етеді, тапқырлыққа тәрбиелейді. Жұмбақ адам баласы санасының даму сатысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп  білу үшін, ойды жетектеу, талпындыру, қиялын кеңейту мақсатында туған.

Балалардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі – жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат – біріншіден жиналғандарды күлдіріп, көңіл көтеру болса, екіншіден әр сөзді дәл, шебер айтуға, тіл ұстартуға көзделеді. Мысалы қазақтың салты бойынша ойын-сауыққа келген жастардың бәрі ән айтып, күй ойнап, өлең оқуға тиіс. Ал өнерден құралақан келгендерге жаза ретінде жаңылтпаш айтқызған. Егер жаңылтпашты дұрыс айтпаса күлкіге қалған.

Баланы ойланғыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде ұлттық ойындардың өзіндік  орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап, шынышаққа дейін саусақтардың аттарын жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындарда ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қаралған.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Мектепалды даярлық – білім бастауы
«Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні»
Ұрпақ тәрбиесі – болашақтың тірегі.
Ұрпақ тәрбиесі – болашақтың тірегі.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі
Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2237 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз