Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі-адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні, нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Облыстардағы педагогикалық институттар мен училищелер де, тіпті гимназиялар мен лицейлер де, колледждер, орта мектептерге дейін оқу бағдарламалары өзгертіліп жаңа оқулықтар мен әдістемелер, басқа да құрал-жабдықтары шығарылып жатқаны жайында аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс-күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, «халық педагогикасы даму сатысында» деуге болады. Халқымыздың белгілі жазушысы,ғалым педагог С.Ғаббасов: «халық педагогикасы әлде қайда терең,көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым» дейді.Халық тағлымы осы кезге дейін ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да,жұртымыздың жігері қажып, рухани сусындаудың көріністерін жиі ұшыратып жүрміз. Халқымыздың табиғатына жат осынша ма керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мысалы,ата-бабамыз өсиет еткен, «малым жанымның, жаным-арымның садағасы» дейтін тағылымымыз қайды? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзақылыққа ойланбай бара салатын болды. Мінеки, осыншама қасіретке шара қолданар кез жетті. Ол үшін ең алдымен құр дақпыртқа бармай,шынайы «халық педагогикасын» ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан-дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудару керек. Қазіргі жаппай айтып отырған әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де негізінен тән-құрлыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар ғана. Тек бұл жағын ғана емес, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен биологиялық индивид ретінде қарап,оны тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн. С.Ғаббасов адам тәрбиесі физологиялық кезеңдерге бөлініп, халық педагогиканың жеті түрлі негіздерін ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда адам тәрбиесі бірден семья құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталады деп,оған ерекше мән берді. Қазақтың халық педагогикасы бұрын соңды еш уақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Бірақ, жұртымыз нағыз халық педагогикасының орнына этнографиялық ілімнің жетістіктерін пайдаланып жатыр.
Ежелден белгілі этнографиялық ілімнің тарауларына үй тұрмысына қолданылатын заттар, ою-өрнек, өрімдер мен зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер мен тағамдар, музыкалық аспаптарды айтатынымыз белгілі.Әрине, бұлар да адам тәрбиесіне ерекше әсер ететін халық педагогикасының қолтаңбалы көріністері екендігін ашып айту керек. Адам баласында тән құрылысы мен жан дүниесі-деп аталатын екі жүйе бар. Тән құрылысының тәрбиесіне-этнографиялық ілімнің жетістіктері әсер етсе, адамның жан дүниесінің тәліміне халық педагогикасының негіздері мен жүйелері, ішкі сезімдер мен түсінікті оята алатын небір нәзік әдістері ықпал етпек.
Тән құбылыстарының дұрыс сақталуын өзіңді сақтау түсінігі арқылы, физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа ауысқан жан дүниесін жетілдіруді өзі шыққан тіршілік әлеміндегі түсінік тәрбиеден-бүгінгі айтып жүрген халық педагогикасының бастауын алады екен.Бастапқы сәтте,халық педагогикасы мен физологиясы ұстап тұрған тек түсіністік ақыл екендігін ерекше дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Міне, сондықтан да, халық педагогикасының ғылыми негіздерін ізденсек, тек ғылыми физологиялық заңдылықтарынан ғана табуға болады. Өйткені, адам тәрбиесі тікелей адамның физологиялық әрбір кезең тәрбиесі халық педагогикасының негіздері болып қаланады. Оларды шартты түрде былай жіктеуге болады:
1. Халық педагогикасының І-ші кезең незгізі (немесе семья құруға дайындық және ұрық тазалығы). Бұнда қазіргі ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мәселесі қозғалады. Яғни арақ ішу, шылым шегу, апиын тарту сияқты зымиян қылықтардан сақтандыру. Бұлардың одан тараған ұрпаққа келтірер зияны туралы сөз ету. Ұрық тазалығы-адам тәрбиесінің алғы шарты.
2. Халық педагогикасының ІІ-ші кезең негізгі (немесе ана құрсағындағы тоғыз ай). Бұл кезеңде жүрек тәрбиесінің әсерімен балада мінез-құлықтың және қабілеттің негіздері қалыптасатын айтады. Тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын талап етеді.
3. Халық педагогикасының ІІІ кезең негізгі (немесе бесіктің тәрбиелік мәні). Бұл жүйе ақыл тәрбиесінің басталуын қалыптастырады. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірте-бірте бесік жырының әуенімен өзара үндесіп жетіле береді.
4. Халық педагогикасының ІV –ші кезең негізгі (немесе Байлібек кезеңі). Адамның бұл кезеңінде ақыл тәрбиесінің пәрменді ықпалымен, жүректе бірте-бірте марқая жетілетін оның қоғамдық тұлғасы қалыптаса бастайды.
5. Халық педагогикасының V-ші кезең негізі (немесе балабақша кезеңі).
6. Халық педагогикасының V-ші кезең негізгі (немесе Бастауыш мектеп кезеңі).
7. Халық педагогикасының VІІ-ші кезең негізі (немесе орта білім беру және әлеуметтік кезең).
Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні туралы, халықтық педагогиканың V-ші кезең негізі-балабақшаға тоқталайық.
Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейрімді етіп тәрбиелеуде мектепке дейінгі педагогиканың негізгі көзі болып табылады. Балабақша «Балбөбек» атты төл бағдарламамен жұмыс жасады. «Балбөбек»-халықтық педагогиканың негізі. Бұл дегеніміз бала тәрбиесіндегі ұлтымыздың әдеп ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағыннан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші ата-анасынан, екінші-ұзтазынан, үшінші-құрбысынан» деген екен.
Тәрбиешілер баланың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетін ұстанады. Ертегілерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, ұлттық ойындарды, бесік жыры, санамақтар,мақал-мәтел, шешендік сөздер, сол сияқты тәрбиелік шара,баламен жеке жұмыста «өтірік өлең» мен «төрт түлік жырлары» көп қолданылуға тиіс. Бағдарламаның басты жаңалығы мен құндылығының бірі тақырыптық жүйеде таныстырылып баланың мінез-құлқын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйлесімді қалыптастыру көзделген. Күнделікті сабақта тәрбиешілер қарапайым сабақтың өзін ұлттық бұйымдар мен ұлттық заттармен өткізу жүйелі түрде жүргізіледі. Мысалы: ІІші сәби «Күншуақ» тобындағы математика сабағын алсақ «Жуан-жіңішке», «ұзын-қысқа» тақырыбында ұлттық бұйымдарын (ағаш үй, сандық,көрпе-көпшік, ыдыс-аяқ) қолдану барысында жүреді. Балабақшаның 6 тобында да ұлттық бұрыш ұйымдастырылған. Онда әр баланың жас ерекшелігіне сай альбом, буклет, жылжымалы папка түрінде мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақ,жұмбақ, ұлттық ойындар жинақталған.
Күнделікті сабақтар мен шараларда жеке ата-анамен жұмыстың бір көзі ретінде «ашық есік күндері» ұйымдастырып баланың не біліп, не үйренгенін, күні кешегі «Тіл мерекесіне» арналып өтілген «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты апталықта орта топтағы өткен шара «Туған тілім-бала тілім, өз тілім», «Ана тілі отбасында» атты ашық сабақтар өтті. Қуыршақ театрында таңданған ертегіміз «Торай мен тышқан», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілері. Ұлттық ойындар «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Көкпар», «Асық ату» ойындары жиі ойналады. «Қуыршақты киіндіреміз», «Қуыршақты ұйықтатамыз» түрінде өтетін дидактикалық ойындарда ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Баласының өнерінен, білімінен
ұлттық нышанда көрген ата-ана ұрпағының тәрбиелі де, Отанын, елін сүйетін азамат болып шығатынына педагогикалық ұжымға мыңда алғыс айтуда. Ананың әуенімен нәресте сезімін оятатын бесік жырлары, баланың балдай тіліне арналған даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылпташтар, қиял-ғажайып ертегілер балдәурен балалық шақтың құмарта қызығатын ойындар арқылы сәби санасын оятып, ойын кеңейту, халықтың нағыз азаматын баулап өсіру негізінде қалыптастыратын біздің ұлттық рухани байлығымыз ұлттық педагогика, халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүріміз болып табылады.
Тәрбие-баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен тәрбие мен білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жасап отырады. ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр. Адам өмір бойы тәрбиеленеді, бірақ оның бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуы-мектепке дейінгі жастағы уақыт. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие мен білім берудің бастауы-мектепке дейінгі ұйымдардың міндетінде.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 4697 |
|
|
|
«Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні»

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |