Диалогтік оқыту-оқушыларды оқу үрдісіне ынталандырудың және танымдық қабілетін дамытудың негізі
Калимова Бактыгуль Тулеугалиевна
Атырау қаласы, Жамбыл атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Тек қана мұғалімнің монологына негізделген дайын білім, яғни, «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, құр жаттандылық, үстірт білім алу жағдайлары орын алды.[1]
Қазіргі уақытта орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең таралуда. Соның ішінде диалогтік оқыту модулі оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып саналады. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» деген сөздер діттеген мақсатқа жетуге алғашқы қадамдар жасала бастады дегенді білдіреді емес пе?! Бізге, мұғалімдерге, осы оқыту мен оқудың педагогикалық тәсілдерін білім беру жүйесіне тиімді түрде енгізіп, нәтижесін сараптау тұр.
Белсенді әдістерді қолдану барысында белсенді үйренуші ұжым қалыптасады, сондықтан бірлескен әрекеттер арқылы қолайлы орта қалыптастыру, білімді өмірмен ұштастыру, тұлғалық дербестікке баулу керек.
«Диалогтік оқыту» модулі екі жақты: біріншіден, оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін құрал, екіншіден, барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін маңызды құралдың бірі.
Диалогтік оқытудың ұстанымдары:
Танымдық ұстаным. Әр адамда жаңа түсінік бірлескен жұмыс нәтижесінде қалыптасады деген қағиданы ұстанатын болса, онда ол әрқашан өзінің идеялары мен туындаған сұрақтарын басқаларға жеткізіп, талқылауға дайын болады.
Психологиялық тұрақтылық. Диалог барысында әр адамның ойлары мен идеяларының, пікірлері мен көзқарастарының мұқият тыңдалып, олардың сенімсіздік және күлкіден қорғалатынын білсе,онда ол қарым-қатынастың тең дәрежелі қатысушысы екенін сезінеді.
Құштарлық. Әр адам диалогтің қызық екенін сезіну керек.Диалог барысында өзін басты кейіпкер ретінде сезінеді. Диалогта интербелсенді әдістерді қолдану арқылы диалогке қатысушылардың пікірлерін ортаға салып, талқыға салады. Осылайша диалог тиімді әрі нәтижелі болып,қатысушылардың танымдық мүдделеріне сәйкес келеді.
Диалог барысында оқушылар (мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер сипаттағандай бірлесіп білім алуда немесе «пікір алмасу» барысында, олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің пайымдауынша, құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқарады.[2]
Оқушылардың өзара әрекеттестігін бақылай отырып, мұғалім диалогтік оқытуда:
-белсенді қарым-қатынасына: оқушы мен оқушы өзара әрекеттесе отырып, әрбір мәселеде өз пікір-көзқарастарын білдіріп отыруына;
-тұлғалық бейнесіне: мұғалімнің әр жеке оқушының танымын, ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуына;
-өзіндік бақылауына:өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамытуына;
-шыдамдылық қасиетіне: әркімнің пікірі құнды екенін түсініп, әртүрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлеріндегі ерекшеліктерді табуға ұмтылыс таныту, құрметтеу, қабылдауына көңіл бөліп отыруы қажет.
Ендігі әңгіме желісін білім беру жүйесіндегі негізгі ұстанымдарды қарастырып, мұғалім үшін, оқушы үшін табысты оқыту негізінде диалогтік оқытудың тиімділігі қаншалықты деген сауалға қарай ойыссам деймін.
Әдетте, көп жағдайда өткізілетін дәстүрлі сабақтарда оқушы өзіне берілген тапсырмамен бетпе-бет, жалғыз қалып қояды. Ол тапсырманы орындап шығу үшін көп күш пен көп уақыт қажет болады. Ал диалогтік оқытудың белсенді әдістерін қолдануда оқушылар аз уақытта көп мәліметтерді игереді және өз сыныптастарының көмегімен қиын материалды түсіну мүмкіндігіне ие болады.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Барнстың бұл айтқан тұжырымдамасымен толық келісемін, расында, оқушылар бір-бірімен пікір алмасу барысында бір-бірінің ойын толықтырады, бір-бірін тыңдай отырып, жаңа материалды қабылдайды және өзара сұхбаттасу арқылы меңгерген білімдерін есте сақтайды. Себебі, оқушылар мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз құрбыларының қарапайым түрде түсіндіргенін қызығушылықпен тыңдайды және бір-бірінің айтқан ойына сыни көзбен қарап үйренеді.Сондықтан өткізетін әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырамын.
Диалогтың оқытудың дебат және зерттеушілік әңгімесін Б.Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесінің «Түбінде адам болатын бала» тақырыбындағы сабағымда қолдандым. Сабақ барысында оқушылар «Oйлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша повестің басты кейіпкерінің бейнесін ашу мақсатында «Қожа-жақсы бала», «Қожа-жаман бала», «Қожа-сезімтал бала», «Қожа-болашағынан үміт күттіретін бала» деген түрлі позицияны ұстанып, кейіпкерді табиғаттағы құбылысқа теңеп, өздері таңдаған Қожаның әрекетіне топ болып жан-жақты талдау жасады.Топ мүшелері бір-біріне сұрақтар қою арқылы ұстанымдарының негізін талқылап жатқандарын бақылай аласың. Осы тапсырмада оқушылардың талқылауында әңгіме-дебатпен қатар зерттеушілік әңгіме де көрініс тапты деп айта аламын. Себебі, топта оқушылар бірге ойланып, топ мүшелері бір-біріне сұрақ қою арқылы тақырыптың мазмұнын ашуға тырысты, берген жауаптарын да дәлелдеп отырды.
«Сабақты және салт етістік» тақырыбындағы сабағымда интерактивті тақтадан тақырыпты ашу мақсатында суреттер көрсетілді, (жүк, мысық, көпір,сақина,иттер, кілт т.б) оқушылар осы суреттерге керекті етістіктерді (көтерді,ойнады, өтті,тақты,қашты,ашты)тіркестірді. Сол суреттерге байланысты оқушылармен жұптық жұмыс түрі жүргізілді. Етістіктің тіркескен сөзі қай септікте тұр? Басқа септік жалғауын жалғауға бола ма? Жұптық әңгіме кезінде оқушылар түрлі идеяларды ортаға салып,өз ойларын жеткізе білді. Топтық жұмыс ретінде:Тыйым сөздер жазу, бата жазу, мектептегі әдептілік ережесін жазу, оқушы үшін пайдалы кеңестер жазу сияқты тапсырмаларды бердім. Оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесе орындап, суреттерге сәйкес ойларын флипчартқа жазды. Бір оқушы постерді қорғады, жазылған сөйлемдерден етістіктерді тауып, мағынасына қарай салт және сабақты етістіктерді тауып талдады. Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді.
«Стикермен диалог» тәсілін де пайдаланып, сабақты етістікті, салт етістікке, салт етістікті сабақты етісікке айналдыру, «Екі ақиқат, бір жалған» берілген етістіктердің қайсысы артық, дәлелде тапсырмаларын бердім. Әр топқа өткен тақырыптар мен жаңа тақырыпқа байланысты негізгі етістік, туынды етістік, болымды етістік пен болымсыз етістік, сабақты етістік, салт етістік, күрделі етістік деген парақшаларды тараттым. Оқушылар берілген ұғымға байланысты жауабын бір-бірімен пікірлесіп, талқыға салып, флипчартқа жауаптарын жазды. Флипчарттағы өздерінің жауаптарының дұрыстығын қабырғадағы негізгі етістікке,салт етістікке, сабақты етістікке, күрделі етістікке байланысты ереже,негізгі белгілер жазылған плакатпен салыстырды. «Үш шапалақ» арқылы өздерін бағалады. Бұл сабақ барысында оқушылардың еркін жұмыс жасап, өздерінің жұмысын дәлелдеуде бірін-бірі мұқият тыңдап, алған білімін бекіте түсті.
Абайдың «Отыз бірінші қарасөзі» тақырыбындағы сабақта оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында қарасөздің мазмұнын түсініп, мәтін төңірегінде мынадай жұмыстар жүргізілді. І топқа: Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Мәтіндегі тірек сөздерді жазу. ІІ топқа: Мәтіннен есте сақтаудың себептерін жазу, түсіндіру. ІІІ топқа: Ой кеселдерін жазу, түсіндіру. ІV топқа: Мәтіндегі автордың идеясын жазу.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша топтарға суретті флипчарт таратылып, бүгінгі қарасөздің мазмұнына қандай байланысы бар екенін топ ішінде талқылауға берілді. Бір топқа бастың суретіне қарап, бүгінгі тақырыппен байланыстыра ойларын топта талқылау, екіншісі ұйқының бүгінгі тақырыппен байланыстыра ойларын топта талқылау, келесі топқа спортпен айналысып жүрген адамдардың суретіне қарап, бүгінгі тақырыппен байланыстыра ойларын топта талқылау, төртінші топқа тамақтанып отырған баланың суретіне қарап, бүгінгі сабақпен байланыстыра ойларын топта талқылау, флипчартқа түсіру
Топтық жұмыс ішіндегі тығыз қарым-қатынас оқушыларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тығыз байланыста жұмыстануға жеткізді. Бұл тақырыпта адам басында керексіз ақпараттардан арылу да, ұйқының да, дұрыс тамақтанудың да, спортпен айналысудың да, есте сақтауға септігі тиетінін оқушылар нақты мысалар арқылы түсіндіріп берді. Сабақ барысында оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа көзқарастары қалыптасып, жаңа, тың идеялармен танысып, білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алды.
Жоғары дәрежелі сұрақтарды қоюда оқушыларға ойлануға уақыт бере отырып ұсыну қажет деп есептеймін. «Беймәлім сұрақ» тапсырмасында конвертте тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.-31- қарасөзінің идеясының маңыздылығы қандай? Уайымсыздық пен салғырттық ұқсас ұғым дегенге келісуге бола ма? Неліктен олай ойлайсыздар? Абай бұл асыл ойларын жас ұрпаққа неліктен айтқысы келді? Абайдың шығармашылық қызметінің негізгі мұраты не деп ойлайсыңдар? Оқушылар алған сұраққа жауабын ойланып айтады. «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Берілген сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, мектепте ғана орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді деп ойлаймын.
Түйінді нәтижесінде:
-Диалогтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылды;
-Олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алды;
- Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері үздіксіз жүрді;
-Әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңірді, білім, идея, әрекет ету тәсілдері жүзеге асты;
-Оқушылар диалогінде көшбасшылық оқушыдан оқушыға ауысып отырды;
-Бұл үрдіс өзара бірін-бірі қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүрді;
- Жаңа білім алып қана қоймай, танымдық процестің өзін дамытты, оны әлдеқайда жоғары топтасып бірлескен әрекет пен еңбектесу дәрежесіне көтере алды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 3984 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |