Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп


Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Мұғалімнің портфолиосы:

Мұғалімнің тегі, аты, жөні:  Кабдылуахитова  Гульмира Ермековна

Жұмыс орны:  СҚО, Уәлиханов ауданы, Мортық орта мектебі

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты: бірінші

Еңбек өтілі: жалпы-20жыл, пән бойынша-2 жыл.

А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

 Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлағанда «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа алып, «диалогтік оқытуды» тәсілін енгізу арқылы сабаққа өзгерістер енгіздім. Алдымен өзіме сабақты тиімді, әрі қызықты өткіздім бе? Мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеті нәтижелі болды ма? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімінің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатындай дәрежеде оқыту үдерісін қалай ұйымдастыруға болады?Күн талабына сәйкес міндеттерді шешуге дайын ба?т.б. сұрақтар төңірегінде оқыту әдістерін пайдалануға бағыттадым. Себебі бүгінгі таңда мемлекетімізге үш тілде еркін сөйлейтін, мемлекеттің тарихы мен салтын білетін, саналы да білімді тұлға қажет болып тұр. Осындай тұлғаны даярлау біздің қолымызда.

Алдымен оқу әрекетінің белсенділігін ескердім. Оқу үдерісінде «Мен» тұжырымдамасын ескердім.

Өзін-өзі сыйлау «мен»тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлеріне жатады. Ол екі компоненттен тұрады-жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылдағанын және бағалағанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабілетті және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиімділік компоненті (Dаndura,2001). Осы айтылғандарды ескере отыра, мен оқушыға «мен білмеймін, менің қолымнан келмейді» деп айтудың орнына «мен білемін, менің қолымнан келеді» деген дәрежені жүзеге ұстануды үйреттім.  Оқушы өзіне сенімді болып, мұғалімнің қолдауын сезініп, алға жүруге ұмтылды.Осы тәсіл арқылы  оқушыда «мен» менталитеті қалыптасып, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі ұстану ұстанымдары туды.

Мен оқушылардың  ерекшеліктерін ескере отырып диалогтік оқытуды дұрыс жолға қоюға бағыттадым, өйткені диалогтік оқыту  оқушылардың білім сапасын арттырады. Диалогтік оқыту оқушының оқушыға, мұғалімнің оқушыға сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы оқу материалын меңгеруге көмектесті.

Сабақта оқушының басқалармен қарым-қатынасқа түсудің маңызы зор.Өйткені ақпараттық технология заманында балалардың көбі басқалармен қарым-қатынасқа түспейді, өзіне қажет ақпаратты ғаламтордан алады. Сондықтан көбінесе оқушының сөйлеу тіліне назар аудардым.

Мерcер мен Литлтон (2007) өз еңбектерiнде диaлог caбaқтa оқушылaрдың қызығушылығын aрттыру мен қaтaр, олaрдың бiлiм деңгейiнiң өcуiне едәуiр үлеc қоcaтындығы туралы айтады. Ғалымдардың айтқанына сүйене отырып, сабаққа құлшынысын арттыру мақсатында диалогтік оқытуды ескере отырып,балаларға қоятын сауалдарды толық жауап беретіндей етіп құрдым.Диалог құруда қоятын сұрақтарымды алдын ала жақсылап дайындап алып, баланың ойымен санасуды жөн көрдім.Диалог дұрыс жолға қойылған жағдайда оқу үрдісі ынтымақтастықта дамиды.Диалог негізінде «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» қарым-қатынас пайда болады. Менің сабағымда диалогтік оқыту көбінесе сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүзеге асты. Сұраққа жауап беруде уақыт бердім.Ал бала қателескен жағдайда «дұрыс емес» деп сөкпей, «ойланып көрші, тағы да қалай айтуға болады, қосатындарың бар ма, кім көмектеседі» деп оқушылардың ойлауына ықпал еттім. Оқушылармен сөйлесу мен тындау арасындағы байланыс нәтижеге жетелеп отырды.Әсіресе ол топтық жұмыста көрінді. Олар пікір алмасып, идеяларын ортаға салды,бір-біріне  түсіндірді, жауаптарын дәлелдеуге тырысты.Бұрынғы сабақта оқушылар диалог құрғанда  «ия» және «жоқ» деп дайын жауап бере салатын. Осыны қанағат етіп, олардың ойын әрі қарай өрбітуге назар аудармай келдім.Байқасам, осындай қысқа жауап оқушының сындарлы ойлау қабілетін өсірмей, білім алуына кедергі жасайды екен.Ал қазір оларға алға жетелейтін дұрыс сұрақтар қойылған соң  жауабына «меніңше,өйткені, себебі, неге десеңіз» т.б. сөздері қосатын болды.

Білім алуда диалогтік әңгіме сабақтың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің  үш түрі бар.

1.Әңгіме- дебат;

2.Топтық әңгіме;

3.Зерттеушілік әңгіме

Менің сабағымда көбінесе топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгіме орын алды. Топтық әңгімеде оқушылар топтық тапсырмалар орындады.Мәселен, постер құру, «Венн диаграммасы», «Синквейн».Топқа берілген тапсырманы өзара талқылау жасап, ортақ шешім шығара білді. Топтық әңгімеге белсенділігі төмен балалар дабасқалармен сұхбаттасу арқылы қатысып отырды. Зерттеушілік әңгіме де топтық жұмыста іске асты.Мұнда оқушыларға тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы бердім.

Жоспарлаған тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Сөздердің байланысу тәсілдері» тақырыбында өтті. Сабаққа жоспар құрғанда модульдердің көбі қамтылды. Сабақ бастамас бұрын оқушылармен тренинг өткізілді. Музыкалық көңілді жаттығу балаларға оң әсерін тигізді.

Сабақ барысы диалогтік оқыту тәсілі арқылы топтық жұмыс түрінде өтті. Балалар топқа бөлініп, білім деңгейлері әр түрлі балалар араласып отырды.Бұрынғы сабақта олар топқа бөлінбей жеке жұмыс істейтін.Сол себепті кейбірі өздерінің білгенін басқалармен бөліспей келетін.Сабаққа бірнеше жақсы оқитын балалар ғана қатысатын.Ал қалғандары жартылай ғана жұмыс істеп отыра беретін.Осы рет топтық жұмыстың пайдасы көп екені көрінді.Топтық жұмыста, біріншіден, ұйымшылдық туады. Екіншіден, бір бала да өзін керексіз деп сезінбейді, яғни әрқайсының өз рөлі бар. Үшіншіден,бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі,яғни әңгімелеседі.

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсайды екен[1.40].Осыны ескере отырып, диалогтік оқытуда ынтымақтастықты сақтауға көңіл бөлдім.

 Топқа бөлінгеннен кейін оқушылар өз-өзіне сенімді болып көрінді. Оқушылар сұраққа жауап беріп,  жауаптарын толықтырып отырды. Әрқайсысынан жауап беруде мысалдар келтіріп отыруды талап еттім.Сөйтіп теория практикамен ұштасып отырды. Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады Топта отырғанда балалардың дауысы да қатты шығып, қарсылас топтың жауабын тыңдап, сыни көзбен қарап отырды.

Сабақтағы диалогтік әңгіме топтық жұмыстан басқа жұптық жұмыста да көрінді. Оқушы түсіндіру әдісі арқылы өзінің жұбына  сөз тіркесі жайлы мәліметтерді түсіндірді. Оқушылардың белсенділігі артып, бірігіп жұмыс істеуіне септігі тиді.

Топтық жұмыстардан кейін балалар бәсекелестік емес, достық қарым-қатынаста тарқағанын байқадым. Кейбірі жай отырғанын аңғардым.Сондықтан осы балалармен жұмыс істеуді жалғастырып, оларға көбірек назар аударуым керек деп өзіме ескертіп қойдым.Келесіде оларды топта басты рөл беріп, диалогқа тартып отырамын.

Сабақтағы диалогты қарым-қатынас ұйымдастыру мен дамыту нәтижесінде оқушылар сұраққа қобалжымай, сенімді түрде жауап беріп отырғанын аңғардым.

Сабақта диалогтік оқыту әдісі сыни тұрғыдан ойлаумен байланыста болды. Өйткені диалог барысында берілген тапсырмаларды  сыни ойлауға бағыттадым. Диалогтік оқытудың төмендегідей тиімді жақтарын байқадым:

1.Оқушылар сыни ойлау арқылы пікір алмасады.

2. Бір-бірін тыңдау арқылы тақырыпты меңгереді.

3. Оқушылар бір-бірін оқытады

Сабақта түрлі кедергілер де кездесті. Мәселен, кейбірі өз ойын толық айтпады, қайталанған сұрақтар қойды, сабақ тақырыбынан аса алмады.

Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында оқушылар диалогтік әңгімелесу нәтижесінде сыни ойлауға үйренді, ойлаған шешімдерін салыстырды және қабылдады. Графикалық диктант орындау барысында құрастырылған сөз тіркестеріне талдау жасады, жұмыстарына ауызша баға берді.Содан соң тақырыпқа байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелейтінпрактикалық тапсырмаларды орындады.

«Қиысу» тақырыбын өткенде  оқушылардың тілегі бойынша топтық жұмыс формасында ұйымдастырдым. Топқа  тез бөлінді.Деңгейлері әр түрлі балалар бір-бірімен күлісіп, орындықтарын қойып жайғасып жатты. Топта басшы тағайындалды. Жаңа материалды оқыған соң, «Джиксо» әдісі арқылы материалды толық түсінген бала қарсылас тобына барып ой бөлісті.Джиксо әдісін қолдану негізінде  де диалог пайда болады. Оның тиімділігі –оқушының сөздік қоры молаяды, тілі дамиды, түсіндіре алады, қалғандары тыңдайды. Осы әдісті қолданғанда оқушылардың көбі тақырыпты тез түсінгендігі туралы айтты. Кейін олар «Джиксо» әдісі ұнағаны туралы айтады.Осы рет жаңа тақырыпты проблемалық сұрақ қою арқылы постер жасауды ұсындым.Диалогтік оқыту әдісі оқушы мен оқушы арасында көрініс тапты. Топ ішінде талқылаулар жүріп жатты.Оқушылар жаттанды білімді қағаз бетіне түсіре салмай, логикалық ойлауын дамытатын, әрі өмірмен байланысатын тапсырманы орындауға тырысты.Бірі сурет салып, бірі өлең құрастырып, бір-бірімен келісе алмай шешу жолын іздестіруде болды.  Осы тапсырма зерттеушілік, шығармашылық тұрғыдан берілген, жаңа өнім жасауға бағытталған жұмыс еді. Осындай тапсырманы орындау кезінде оқушылар еш нәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшіре салмайды, проблеманы шешуде ізденісте болады.Жұмыс барысында ақылдасып, бірлесе отырып орындады, өз беттерімен бір модель жасап, оны қорғады. Осы рет балалар аса ұяңдық танытпай, өзінің ойын анық, жүйелі түрде жеткізе білді. Сабақтың қорытындысында топ мүшелері стикерге баға қойып, өзіне ұнаған постерге жапсырды. Олар қандай баға және не үшін қойғаны туралы өз ойларын ашық айта білді.Зерттеудегі балалардың рөлі әр түрлі қырынан көрінді. А–деңгейлі бала  өзін көшбасшы ретінде танытты. Ол «Джиксо» әдісіне сай ойланбастан өз білімін басқа топпен бөлісуге барды,проблемалық тапсырманыатқаруда да жетекші рөлде болды. В3-деңгейлі постер қорғауда пікірін айтып жатты, сұрақтарға жауап беруге тырысты. С2-деңгейлі бала өз идеясын тудырып, соны постерге сурет арқылы салды.Алайда, ол постер қорғауға шығуға батылы әлі жетпей жатты. Ол орысша еркін сөйлеседі, қазақша сөйлеуде біраз қиналады. Келесіде оны  сабаққа көбірек тартып ынталандырып отырамын.

«Матасу» тақырыбы өткенде  сабақтың басында диалогтік оқыту әдісі  «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы жүзеге асты.Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер айтып сәттілік тіледі. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы бойынша топтар бір-біріне сұрақ қойды, жауап берді. Осы стратегия арқылы:

1.балаларға тақырып бойынша ойларын айтуға мүмкіндік туады;

2.жоғары деңгейлі сұрақтар қоюға үйренеді;

3.оқушының қандай деңгейде екенін тұрғаны анықталады

Постер жасауға аз уақыт кетірді.Ақылдасуда  жақсы оқитындармен қатар қалғандары да ат салысты. Бөтен іспен айналыспай, уақытты үнемдеп жұмсауға үйренді. Постерді қорғауға шыққан балалардың  кейбірі тұйық мінезділер.Соған қарамастан өз ойларын мысалдар келтіріп жүйелі жеткізді.

Семантикалық карта, сәйкестендір кестесі, мәтін құрастыр сияқты тапсырмаларды аз уақыт ішінде орындауға тырысты.Бекіту кезеңі тест тапсырмасы арқылы берілді. Ұпай арқылы топ басшылары баға қорытып жатты. Егер бірі ұпай санына қарай 4 немесе 3 деген баға алып қалса, топ басшысы оның сабақ  бойы жүргізген жұмысына назар аударып бағаны қорытуға құқылы болды.Рефлексияға бағалау парағы таратылды.Мұнда бала сабақ ұнады ма, белсенді болды ма, қай тапсырма ұнады т.б. сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің білім дәрежесін анықтады. Балалардың сабаққа қызығушылықтары арта бастағаны көрінді.

Барлық модульдің ішінен диалогтік оқыту әдісі сабақта басым болғандығының өз себебі бар.  Ауылдық жерде балалар ұялшақ болып келеді, сондықтан өз пікірін айта қоймайды.Олар мұғалімнің айтқанымен жүріп, өз ойын ашық түрде білдіре қоймайды. Қыдыратын немесе аралайтын жерлері бола қоймайды, сол себепті көпшілікте өздерін еркін сезіне алмайды.Компьютерлік ойындар да өз кері әсерін тигізуде.Сондықтан қазақ тілі сабағында мен үшін диалогтік оқыту әдісі білім беруді ұйымдастырудың жетекші әдісі болып табылды. Оқушымен әңгімелесу, тапсырма беру барысында мен осындай ұстанымдарды негізге аламын:

vДиалог құру барысында оқушылардың білімді өз бетінше алу, сондай-ақ іздендіру, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға баулуды ұйымдастыру;

vОқушыға субъект ретінде қарау:

vӨз ойын дәйекті түрде жеткізуге машықтандыру.

«Матасу» тақырыбын өткен кезде үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы іске асты.Сұрақтардың барлығы сыни ойлауға бағытталды.Топтық жұмыста оқушылар тапсырмаларды өзара талқылап, пікірлерін толық айтып отырды.

Сөйтіп диалогтік оқыту әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасты.Барлық сабақтарды жоспарлауда Блум таксономиясына сүйене отырып сұрақтарды дайындадым.Төмен дәрежелі сұрақтардан жоғары дәрежелер сұрақтар қойылды.Сұрақ қоюда түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау секілді техникалар қолдандым. Оқушыларға ойын жинақтауда мүмкіндік берілді. Сонымен бірге диалогтік оқыту басқа модульдермен ықпалдастырылды.

Сабақтарда балаларды диалогтік әңгіме тарту- оқытудың тиімді жолы екенін көрдім.

Қорытындылай келе, диалогтік оқыту әдісі тиімді екені көрінді. Оқушылар бір-бірін тыңдауға үйренді. Өздерінің жаңа идеяларын айтуға үйренді. Проблемалық сұрақтарды бірге шешуге үйренді. Өзіне деген сенімі туды.Іздену және зерттеу дағдылары пайда болды. Оқуға қызығушылықтары туды. Сабақ соңында рефлексия жасап отырдым. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жаздып отырды. Кейбір оқушылар пікірлерін ауызша да айтып отырды. Олар ойын  өз мүмкіндіктеріне қарай жүйелі түрде жеткізе білді.

Менің төрт сабағым да «сөз тіркесі синтаксисі» тарауына қатысты болғандықтан, диалогтік оқыту әдісін қолдану, талдауға, зерттеуге көп септігін тигізді.

Тәжірибе өту уақытында қиыншылықтар да кездесті. Мәселен, сабаққа басқа мұғалімдер қатысса, сабақ видеоға түсірілген кезде кейбір балалар аз сөйлеп, білгенін айтқысы келмей қояды. Оларды ынталандыра білуім керек деп ойлаймын.  Тіл дамыту жұмыстарына назар аударуым керек.  Бір-бірінің жұмыстарын бағалауда жетістіктерімен қатар кемшіліктерін да айтуға үйретуім керек.  Дегенмен оқушылар менің сабағымды тосқанына қарай осы бағдарлама негізінде жасалған сабақтар олардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Сабақта барлық модульдерді қамтуға ұмытпауым керек. Меніңше, сабақтар нәтижелі болды. Осы ай ішінде жақсы жетістіктер де көп болды. Балалардың танымдық іс-әрекеттері бір саты болса да, жоғарылағанын мектеп мұғалімдері  белгіледі.

Өзімді реттеу арқылы төмендегідей дағдылар қалыптасты:

1. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырдым.

2.Топтық, жұптық жұмыс жасау арқылы танымдық қызығушылықтарын дамытуда бағыт-бағдар бердім.

3.Топтық жұмыста АКТ-ны тиімді қолдану арқылы қызығушылықтарын арттыра алдым.

Диалог құру барысында оқушылар тәжірибе жинақтап, ой әрекеттері де жоғары деңгейге көтерілді.Топтық жұмыста ынтымақтастықпен оқуда олардың қабілеттері де біршама жоғарылай түсті. Сондықтан әр сабақта диалогтік оқытуды сыни тұрғысынан ойлаумен ықпалдастырып баланың ой-өрісін дамытуын жетілдіремін.

Келешекте жоспарлағаным:

Осы модульмен жұмыс істеу барысында әңгімелесу тәсілдерін жетілдіремін.Сұрақтарды оқушылардың жастары мен даму деңгейіне қарай қою керектігін ескеремін. Топтық жұмыста пікір алмасуға түгел дерлік оқушыларды қатыстырамын. Өткізген сабақтарымның кемшіліктерін ескеремін.

Қолданылған материалдар:

1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
“Сыныптағы диалогтік оқыту-Кембридж бағдарламасының тиімді әдісі ”
Информатика сабағында жеті модуль идеяларын қолданудың тиімділігі
Диалогтік оқыту-оқушыларды оқу үрдісіне ынталандырудың және танымдық қабілетін дамытудың негізі
Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс
Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Азық-түлік дүкенінде
Диалогтық оқыту
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 10056 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз