Жаппарова Мадина Мүсірәліқызы
Алматы қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту мектеп-интернатының өзін өзі тану пәнінің мұғалімі
Өзін өзі тану арқылы бойдағы әлсіздіктермен күресу
«Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі»
Сара Назарбаева Алпысқызы
Бұл пән – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны тек махаббатқа, шығармашылыққа, адамгершілікке баулиды. Адамгершілік адам өмірінің рухани негіздерін құрайды десек, адамгершілік мәселелеріне ойшылдар өте ерте кезден-ақ назар аударған. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Асан Қайғылар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қайталанбас мол мұра қалдырды. Адамгершілікке бастар бірден бір жол ол бойыңдағы кемшіліктерден арылу екенін дәл айтып кеткен ғұламалардың ойларына бір шолу жасап өтейік:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы екі түрлі ауруға дауа жоқ дейді: «Соның бірі «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деген қарғысқа ұшыраған ақымақтардың ақымақтығына дауа жоқ». Бұл дауасыздық кежірліктен бастау алады. Ал бабамыз Мөңке би ақырзаман белгілерін айта келе: «Ішегіне шынашақ айналмайтын, Ежірей деген ұлың болады. Ақыл айтсаң ауырып қалатын, Кежірей деген қызың болады» дейді. Бұл жерде де сол баяғы кежірлік, яғни қырсықтық, мойыны жар бермес жалқаулық, қыңырлық, тоңмойындық секілді мінездердің кесірін меңзеп отыр.
Абай Құнанбайұлы өз ойын былай өрбітеді: «Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық».
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қайрат қыл, жалқаулықтың жібін үзіп,
Көрген жан түңілмесін жібін үзіп.
Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң,
Жүресің көрінгенге көзің сүзіп», деген жолдарын оқи отырып, өз жан дүниеңе үңіле отырып, өз өзіңді зерттеп, тануға, кемшіліктермен күресуге талпыну арқылы өмірде өз орыныңды таба алатындығыңа көзің жете түседі.
Осы орайда ойлануға тұрарлық мына бір қарапайым болса да жанды жерімізді баса айтылған сөздерге назар аударайық.
Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ. Оның себептерін білесің бе? Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір. «Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш болғандықтан. Өзің біреулердің киген киімін сөз еткенсің, сондықтан, қымбат тұратын, бірақ өмірде еш мәні жоқ киімді киюге тырысасың. Сен бутиктерді аралап киім алып жүргенде ертең ғажап адам болатын, рухани кемел, материалдық жағынан тәуелсіз болатын адам жұрттың ығына жығылудан гөрі, жұрт оның ығына жығылатын жолдарды жасап жатады. Иә, күні ертең-ақ соның айтқаны болады. Мүмкін ол қазір сол киімдерді өзі тігіп жатыр. Бәлкім ертең ғаламат дизайнерге айналады. Әлемге әйгілі болады, сол кезде сен тағы да оның айтқанымен жүресің, себебі мода әлемін сол басқаруы мүмкін. Сол кезде сен тағы да осы сәнді киімді кимесем, жұрттан ұят болар деп әлі жүресің. Ғажап нәрсе ойлап табу үшін, ғажап адамға айнау үшін ең алдымен осы «жұрт не дейді?» деген қорқыныштан арылу керек. Бұл – бір! Екінші – өз бойыңдағы бойкүйездіктен арылу. Оның не екенін білмесем қалай арылам дерсің?! Бойкүйездік деген – өмірге селқос қарау. Мәселен, «шіркін шет тілін білгенімде ғой» дейсің де, қолыңа телефоныңды алып, ватсаппен, мессенджермен әлдекімдермен түкке тұрғысыз әңгіме айтып жатасың. Көп болса бір сәтке қызық болып көрінген ақпараттарды оқырсың. Немесе қазіргі жұмысыңды ұнатпайсың, ұнамағанына қарамастан сонда жұмыс істеп жүресің. Тіпті басқа жұмыс іздеп те көрмейсің. Бойкүйездік деген осы. Алға ұмтылғысы келмеу. Ал асқақ армандары бар, ертең әлемге әйгілі адам болатын, рухани кемел, материалдық жағынан бай адам сен өз смартфоныңды қызықтап отырған кезде ол шет тілінде 5 сөз болса да жаттап жатыр. Сен өзіңе ұнамайтын осы жұмысты әлі істеп жүресің, ал ол шетелге жұмыс бабымен ұшып бара жатады. Ерекше адам болып, өз өміріңді өз қолыңа алуға кедергі келтіретін тағы бір нәрсе – өзіңді өзгелерден ақылды санау! Ал шындығына келсек, сен ешкімнен де ақылды емессің. Рас, он, он бес, тіпті 100 кітап оқыдың дейік. Ол 100 кітапті басқалар да оқыған. Сен неге өзіңді елден ақылды санауың керек. Білім білгендікте емес, білікті өмір сүргендікте. Бәрін білем деп жата беруге де болады. Өзіңді өзгелерден ақылды санаудың ішінде мақтауға сену, өзің жеткен кішкенай жетістікке мастану жа жатады. Біздің ел титтей жетістікке жеткен адамның аяғын жерге тигізбей мақтайтыны бар. Бұл да болам деген жастың жолын байлайтын қасиеттердің бірі. Әлі алар асуы бар адамды мақтап-мақтап, оны «мен кереметпін, мааған жетер ешкім жоқ» деген пікірге сендіреді. Ал шындығына келгенде ешқандай да керемет шықпайды. Сен мақтанып, жеткен жетістікке мастанып отырғанда ертең әлемге танымал болатын, рухани кемел, материалдық жағынан тәуелсіз болатын адам әрі қарай биікке жылжып бара жатады. Ақпараттарға көп көңіл бөлу де үлкен кедергі. Есіңде болсын, ақпараттардың барлығы – ең маңызды нәрседен назарды бұрып әкету үшін жасалады. Сөз ойды білдірудің емес, ойды жасырудың құралы. Интернеттен керегіңді ғана тауып ала білу керек. Сен интернетке емес, интернет саған қызмет етсін. Өз өміріңді өз қолыңа алып, армандарға қарай қадам басу үшін ең негізгі кедергі – сіздің шындықтан қорқатын қасиетіңіз. Өзіңнің ешкім емес екеніңді бетке айтқан адамды жек көру. Ешқандай жетістікке жетпедім, өзім үшін де, өзгелер үшін де ештеңе істеген жоқпын деген шындықты мойындай алмау. Түкке тұрмайтын қуыс кеудені көтеріп алып, «мен міне, мынша жастамын, мынадай-мынадай жетістікке жеттім. Ал менен мықты кімің бар?» деп мастану жақсылыққа әкелмейді. Сол жерде қаласың. Ал ертең үлкен жетістікке жететін, рухани кемел, материалдық жағынан тәуелсіз болатын адам жеткен жетістігін місе тұтпайды. Өйткені оның әлі де ғажайып идеялары бар. Өзгерудің жолдары – осы бір жаман қасиеттерден арылу. Барлығын сілкіп тастап, алға ұмтылу. Өмірің өз қолыңда! Алға!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға |
Көрсетілім: 1882 |
|
|
|
Өзін-өзі тану арқылы бойдағы әлсіздіктермен күресу

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |