Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қоғамдағы «Қиын бала» ұғымы


Қоғамдағы «Қиын бала» ұғымы
Бектаева Гүлнәр Амангелдіқызы
Алматы қаласы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мек интернатының психологы
Тақырып: Қоғамдағы «Қиын бала» ұғымы
Адам өзін өзі тану үшін өзінің үш болмысын білуі керек. Оның біріншісі рухани болмыс (жан, рух). Адам өзінің рухани болмысын дін жолы арқылы танып, біледі. Екіншісі кісінің сезім мүшелері, көріп біле алмайтын нәзік болмыс (психикасы), мінез құлқы, ой өрісті зерттеу психология ғылымының үлесі. Үшіншісі адамның сезімі. Көріп сезе алатын тұрпайы болмысы, яғни тәні. Тәнді физиология және заттардың құрылымын қарастыратын ғылымдардың барлығы зерттейді.
Енді осы жердегі екінші мәселе, яғни адам психикасы адам баласының бір бірімен қарым қатынасқа түсіп, ортақ тіл табысуында үлкен орын алады. Ертеде педагогика ғылымы тәрбие арқылы бала кезінен бастап адам болмысын ыңғайлап, түзетіп алуға болады деп келді. Дегенмен, қазіргі қоғамымызда «қиын бала» деген түсінік қалыптасты. Бұл типтес мәселелерге келгенде мектептегі тәрбие қауқары жетпей жататын кездері болады. Осы орайда психология ғылымына жүгінуге тура келеді.
Жанұядағы, мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер жинақтала келе қоғамдық тәртіп қателіктерімен байланысып, «қиын балалардың» тәртібін одан әрі шиеленістіре береді.
Қоғамымымздың тұйыққа тірелген кезеңдерінде кейбір қоғамдық орындардың қызметкерлері мен жұмысшылары өз жанұясында балаларын тәрбиелеуге аз көңіл бөліп келеді. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер жөніндегі комиссия мен милиция органдарына тәрбиені дұрыс жүргізбейтін отбасыларды дер кезінде айқындап, тәртіпке шақырмаушылық бар, оларды дер кезінде қадағалап отыруы да нақты жолға қойылмаған. Сонымен бірге тәжірибелі заң нормаларын бұзуші үлкендердің өз ісіне жауап бере алмайтын жеткіншектерді ұрлық, тонау, озбырлық жасау сияқты әрекеттерге үйретулеріне дер кезінде тосқауыл болмайды. Зерттеулер дәлелдеп көрсеткендей, оқушылардың мектептен тыс кездерде тиянақты араласып тұратын серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған бағыты дұрыс болса жақсы, ал ол керісінше болса уақытын солай келеңсіз қткізіп, бір істен екінші іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар туады.
Жалпы тәртібі нашар балалардың шығу себебін зерттеушілер екі маңынада түсіндіреді: біріншіден бұған қоғамдағы жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады десе, екіншіден, балалар мәнез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктер мен психикалогиялық себептерін де қарастырады. Әлеуметтік себептерге: ата ананың бос уақытынығ, семьяның толық болмауы және т.б. жатады.
Ал психологиялық себептерге жататындар: балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы және оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық, балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезде оған айтқанын орындата алмау, баланың пайдалана алмауына қарамастан, оған балдырған кезінде толық еркіндік бері. Мысалы:
Ата ана мен педагогтар баланың қарым қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;
Жеткіншектің көше жолдастарымен байланысы тереідегені соншалық, қорқыту әрекеттеріне жүгінген жағдайда және т.б. қте сақтықпен тиым салу тәсілін методикалық шеберлікпен қолдану қажет.
Әрине бұл сәтте педагогтығ ,ата ананың, полиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.
Екінші әдіс моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағанда артықшылығы баланың ар ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Қиын баланың теріс қылығы туған туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай айыпталынады.
Сонымен қатар, педагогикалық ұжым, құрбы құрдастары, көршілестері де оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін бермес. Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жас өспірім өзі сыйлайтын сыныптағы құрбыларының талап тілектері мен пікірлерін жерге тастамайды.
Үшінші әдіс қиын баланың бағдарын, мақсат міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні оқушы қателігін түсінгенімен өмір тәжірибесінің жоқтыңынан өзін қалай ұстаудың жолын біле бермейді. Осы педагогикалық жағдайды дер кезінде байқаған педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін өзі тәрбиелеу программасын құруға көмек береді.
Қиын балалар мен көше жолдастарының араларындағы теріс қарым қатынастарының эмоциялық және романтикалық әсерлілігі жағынан, олардың ойынша өте қызықты саналады. Осы себептен олар бір бірімен қол үзбей жиналып, уақыттарын мақсатсыз тек қанағат алумен өткізеді. Әртүрлі топтар, фонаттар, рокерлер, панктер ірі және кіші қалаларда, аудандарда кездеседі.
Топ топ болып жиналып, сүйікті командасын қолдау, ол туралы ақпараттар алу, атақты музыкалық топтарды тыңдауғ қолдау, ішімдіктен, шылымнан арылту және СӨС на қалыптасытру, сонымен қатар балалардың қалау тілектерін басқарып, теріс жақтарын дәлелді ұғындырып, назарларын қоғамдық мәні бар істерге жұмылдыру қажет.
Педагогикалық жағдайды қолданылатын төртінші әдіс ескі байланысты мойындамау, оның мәні көше жолдастарымен қатынастарынан туған келіспеушілікті пайдаланып, қиын оқушының оларға деген көзқарасын өзгерту, араласудан бас тартқыздыру. Бұған қоса қиын баланың
Алдына динамикалық мәселе туғызып, оның қоғамға жат бағыт бағдарына қоғамдық мәні бар жұмыс пен рухани байлықты қарсы қою, оны өзінің таңдап алуына мүмкіндік жасау.
Міне, адам болмысының бұл қыры қыр сыры мен иірімдері көп күрделі ұғым.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балаларды тәрбиелеу
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Рухани-өнегелі тәрбие
Бала психологиясы
Қиын балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру
Ұлттық ойындар
Балалардың балабақшаға бейімделуі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 3347 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз