Өлеңмен жұмыс істеу арқылы оқушыларды шығармашылықа баулу
Шетел тілін оқып үйрену оқушылардың өз бетінше ойлау, есте сақтау дағдыларының жетілуіне, сезімі мен эмоциясының, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуына, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге деген ұмтылыстарын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған тұлға болуына ықпал жасайды. Оқушылардың шет тілін оқып үйренуге қызығушылығын оятып, оқу процесінінің өзі жалықтырмайтын, сапалы және тартымды болып өтуін ұйымдастыру - әр мұғалімнің міндеті. Сыныпта білім алуға қолайлы эмоциялық климат орнатып, оқушылардың оқып-үйрену дағдысын арттыру үшін мұғалім сабақтарында жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдануы керек. Сапалы білім берудің бірден-бір жолы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Баланың бойындағы дарындылық қабілетін танып, оның дамуына барлық жағдайларды жасау қажет. Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл-күйдің тууына себепкер бола білуі керек. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру, ойындар ұйымдастыру оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді. Баланың шығармашылығын арттыруда өлеңмен жұмыстың әсері өте зор. Өлеңді мәнерлеп оқу, аудару немесе өлең жолдарын құрастыру барысында оқушының есте сақтау қабілеті артып, сөздік қоры молайып, фонетикалық және грамматикалық білім дәрежесі жақсарады. Менің сабақта үнемі қолданатын және оқушыларымның өте қызығып орындайтын жұмыстарының бірі «Good advice» деп аталады.
A wise owl A wise old owl sat оn an oak The more he saw, the less he spoke The less he spoke, the more he heard Why don't you copy that wise old bird?
Оқушылар өлеңді оқып танысқаннан кейін өз өлең жолдарымды ұсынамын:
Teacher’s advice
The more you listen, the more you understand, The more you understand, the more you know The more you know, the more you are smart!
Осы өлең жолдарына қарап өз өлең жолдарын құрастыруды тапсырамын. Өлең жолдары тақырыпқа сәйкес және грамматикалық дұрыс құрылуы керек екенін ескертемін.
Students’ advice
The moreI read, the more I know, The more I know, the more I want to know.
The more you learn, the more you know The more you know, the less you don’t know
The more I eat fruit, the more I’m healthy The more I’m healthy, the more I’m happy!
The more I eat chocolate, the more I have a toothache, The more I have a toothache, the more I go to the dentist The more I go to the dentist, the more I feel pain.
Өлең жолдарын «Синквейн» әдісімен құрастыру оқушылардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқушылар әр тақырыпқа әр түрлі өлең құрастырады:
RAIN LOVE heavy, stormу great, pure pours, sings, drizzles lives, hopes, joins fresh as air after rain love makes us happy drops feeling
Өлеңмен жұмыс істеудің ішінде аудармамен айналысудың орны ерекше. Оқушы өлеңді мәнерлеп оқып қана қоймай, ол өлеңнің қалай жазылғанын, автордың идеясын түсінуге тырысады. Тілін оқып отырған елдің өмірімен, мәдениетімен танысу арқылы көзқарасы жан-жақты дамып, интеллектуалдік және эстетикалық мінез-құлық қалыптасып, шет тілін оқып үйренуге қызығушылығы артады. Оқушы шабыттанып, өлеңді өз тілінде, өз сөзімен жеткізгісі келеді. Мысалы, белгілі Шотландтық ақын Р.Бернстің «My heart’s in the Highlands»атты өлеңін шәкіртім Балнұр былай аударды:
My heart’s in the Highlands R. Burns Жүрегім биік жерлерде Әлі Балнұр
Жүрегім биік жерлерде, тек мұнда емес. Тауда өткізген күндерім естен кетпес, Естен кетпес жүгіріп жарысқаным Бұғы қуып, ойнаған желге ілесіп.
Қош болыңдар, таулы өлке, солтүстігім , Ер жүректер мекені-туған жерім Бір өзіңе асығып барғым келер, Мен сүйетін тауларың биік сенің
Шыңын мәңгі қар басқан заңғар таулар, Биік-биік мәңгі жасыл кең жоталар, Ормандар мен жабайы ағаштарым, Сарқырама, барлығың да қош болыңдар!
Ал Тахир деген оқушым «An autumn farm» деген өлеңді мынандай жолдармен жеткізіп отыр:
An autumn farm Күзгі фермада Жұмабаев Тахир
Күзгі аспан, рауандап таң атады, Ферма шулап, мал маңырап жатады. Жаңа күн басталады аулада, Самал желмен сыңғырлайды жапырақтар ауада Салқын ауа күздің исі шығады, Жеңіл аяз жерді қымтап алады
Оқушы бойындағы табиғат сыйлаған дарынды тани біліп, оны ұштауға осындай жұмыстардың септігі мол.
«Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды». Ш.Амонашвили. Төмендегі аудармаларым жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс істейтін әріптестерім мен шәкірттерге пайдалы болар деп ойлаймын.
Аудармалар. Баян Абдиева
My heart’s in the Highlands R.Burns Жүрегім менің тауларда. Жүрегім менің тауларда, Шыңдары көкпен тілдескен Бұғылар қуып самалды, Қыдырған желмен жүздескен.
Қош болып тұр, таулы өлке Батырлар туып, ержеткен! Өжеттік пен қайсарлық, Бойына сіңіп, ер еткен!
Қош болғын зәулім тауларым Біргемін мәңгі сенімен. Ой-қырың ыстық, сайларың Сарқырап ағам өзенмен.
Жүрегім қалды тауларда Шыңдары көкпен тілдескен Бұғылар қуып самалды, Қыдырған желмен жүздескен.
A red, red rose R. Burns Раушан гүл. Махаббат- әсем раушан гүл Бағымда менің бүр жарған Махаббат – нәзік әуен бір, Көңілімдегі мұңды арман.
Мендегі терең махаббат, Жүректі сырға көмкерген. Сезімім сарқып ортаймас, Теңіздер құрғап кеткенмен.
Теңіз де құрғап, суалар, Тауға да тұнар мұнарлар. Тек мендегі ғана махаббат Мәңгілік саған жыр арнар.
Қамықпа менің сүйіктім, Ешқашан сені ұмытпан. Оралам қайта өзіңе, Атқанда алдан күліп таң!
The Arrow and the Song (H.W.Longfellow) Жебе мен Ән.
Жебені атып аспанға, Қайда ұшқанын білмедім. Зымырап кеткен оғымның Жеткен жерін көрмедім.
Жүректі жарып шыққан ән, Қалықтап көкке самғады Әнімнің кімге жеткенін Самал жел маған айтпады
Шамалы уақыт өткен соң, Орманнан таптым жебені. Сынбаған қалпы тұр екен, Қадалып кәрі еменге. Ал әнімді сол қалпы, Сақтапты досым жүректе.
Жаңбырлы Брайтонда. Brighton in the Rain. Мен ешқашан Афины мен Римде болып көрмеппін, Ал Мысырдың кереметін тек суреттен көріппін Мен ешқашан теңіз асып, не ұшаққа мінбеппін, Мен ешқашан демалыста Брайтоннан кетпеппін. Мен ешқашан шет тағамын, не сусынын ішпеппін. Мен ешқашан шет сұлуын құшып, бірге жүрмеппін Мен ешқашан бөтен елде адасып та көрмеппін, Мен әрқашан осы жерде, осы жерден кетпеппін Мен бірнеше шетел тілін үйреніп, сөз жаттаппын, Бірақ соның біреуін де мен қолданып айтпаппын. Менің барған шалғай жерім қасымдағы “Мan” аралы, Сол аралда қаптап жүрген кілең шетел адамы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 2480 |
|
|
|
Өлеңмен жұмыс жүргізу арқылы оқушыларды шығармашылықа баулу

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |