|
|
Әдептілік - әдемілік.
Сабақтың тақырыбы : Әдептілік - әдемілік.
Сабақтың мақсаты : Адам бойындағы ұнамды , ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту , таным белсенділігін арттыру . Оқушыларды адамгершілікке , қарапайымдылыққа , кішіпейілдікке әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап ,талдау.
Көрнекілігі : әр түрлі суреттер ,мақалдар жазылған плакаттар , «құпия хаттар»
ойын сөздері ,асық.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Балалар бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз етпекпіз.
Сұрақ :
- Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
- Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
- Әдепсіз бала қандай болады ?
- Әдептілікті бізге кім үйретеді ?
Сонда адам бойында жақсы ,жаман қасиеттер болады екен . Бізге ақылдылық пен адалдық, қарапайымдылықты үлкендер үйретеді. Бойымызға анамыздың ақ сүтімен дариды .Біз оны түсініп ,ата-баба салт , әдеттерін үйренуге тырысамыз .Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп ,жаман мінез әдеттерден , ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Басқалармен қарым –қатынас жасағанда әдеп пен ақылды ұмытпайды. Осы орайда , Абай атамыз «Адам болам десеңіз» деп нені айтады. «Ананың тілін алса егер» өлеңінде не делінген еді?
ІІІ. Енді , әдептілік туралы сендер не айтар едіңдер?
Оқушылардың тақпақтары.
1-оқушы: Ата -ананың тілегі ,
Адам болып өскенің .
Адамдықтың тірегі ,
Адал болып өскенің .
2- оқушы Әдептілік дегенің ,
Әрқашанда керегің .
Әсемпаздық дегенің ,
Әуре сарсаң әлегің.
Сұлулық сыйлаған .
Сол саған пайдалы іс ,
Сауық пен кинодан .
4 - оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш ,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш ,
Төмендеп басың кетеді.
5- оқушы: Ұрыншақ бала жанында ,
Ұрыс пен керіс айқай – шу .
Ұстамды бала маңынан ,
Ұнамды қылық байқайсың .
6- оқушы : Шындықты сақтаймыз ,
Шыншылды жақтаймыз .
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
7 - оқушы: Сыйлап сәлем беремін ,
Көршілерді көргенде .
Ізетті деп білемін ,
Үйге қонақ келгенде ,
Әдепсіз деп сөкпесін ,
Анама айтып өкпесін
8 – оқушы : Су құйдым да құманнан,
Қолына мен әкемнің .
Содан кейін оған мен ,
Орамалды әпердім .
9- оқушы: Бақшаны суарып
Келді су алып .
Самауыр қайнатып ,
Үйде де, түзде де,
Қылығы өнеге .
Ұстазы бізге де ,
Ұнайды ол неге ?
10 -оқушы: Кім үлкенді сыйласа ,
Кім үлкенді тыңдаса ,
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.
Көрініс « Үлкенді сыйлаңдар » .
11- оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін ,
Төсегіңді жина өзің .
Асықпай іш тамақты ,
Жалама аяқ –табақты.
Пышақты ұста оң қолмен ,
Шанышқыны ұста сол қолмен .
Нанды үгітпе, қадірле ,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
12- оқушы : Салма аузыңа инені ,
Үзбе , жұлып түймені.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып ,
Құр бекерге қылтима ,
Болмашыға бұртима .
13 – оқушы : Іштарлыққа жол берме ,
Бақталастық , білдірме .
Мақсат қоймай алдыңа ,
Қыдырып құр қаңғыма.
14 - оқушы: Сыйла үлкен кісіні ,
Қамқорлыққа ал кішіні .
Сақта көше тәртібін ,
Бағдаршамның ал тілін .
Әдет қыл бұл ісіңді ,
Тазалап жүр тісіңді .
ІV. 1) Суреттер бойынша адамгершілік , сыпайылық ,әдептілік жайында әңгімелету . «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық », «Автобус ішіндегі бала» т.б.
2 ) «Жалғастыр » ойынын ойнату. «Не істеуге болмайды?»
Мұғалім бастапқы сөзін айтып ,оқушы ойланып жалғастыруы керек.
* Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
* Кішкене баланы жылатуға болмайды.
* Құстарды атуға болмайды .
* Сабақтан кешігуге болмайды .
* Сыныпта айқайлауға болмайды .
« Не істеу керек ?»
* Үлкен кісіні сыйлау керек .
* Үлкеннің тілін алу керек .
* Үлкендерге сәлем беру керек.
*Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.
3 ) «Сырлы хаттарға» жауап беру .
4) «Тыйым сөздерді айтып жарысу .
- Қорытынды : Сонымен , балалар, біз бүгін не туралы әңгімелеп , көрініс қойдық?
Әдептіліктің ең бірінші белгісі не?Жаман әдеттен аулақ болып, әдепті бала болыңдар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |