|
|
Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. 2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. 3. Ата – анаға мейірімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мектеп мүліктерін сындырмауға баулу, табиғатты қорғауға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Нақыл сөздер: «Бір жылы сөз – бір күнге азық», «Жалқаудың екі досы бар: Бірі ұйқы, бірі күлкі», «Татулық табылмас байлық», «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын», АКТ, слайдтар. Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка. Түрі: Бабалар еліне саяхат. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. – Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, инабаттылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол – біздің ата – аналарымыз. Анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсіне отырып, ата – баба, салт әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Бүгінгі тәрбие сағатымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалға сүйеніп, Бабалар еліне саяхат жасаймыз.
І. Бала елі. « Әдептілік әліппесі » ауылы. 1. Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің? 2. Әдепті бала қандай деп ойлайсың? 3. Әдепті бала болғың келе ме? 4. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады? 5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Абайдың: « Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан»,- дей келе, әр ауылға тоқталамыз.
Ән. « Бал, балалық »
ІІ. Әке елі. «Ақыл әліппесі» ауылы. 1. Ата – ананың тілегі, Адам болып өскенің. Адамдылықтың тірегі, Адал болып өскенің.
2. Әдептілік дегенің Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің, Әуре- сарсаң әлегің.
3.Спортпен айналыс, Сұлулық сыйлаған. Сол саған пайдалы іс, Сауық пен кинодан.
4. Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді, Тәртіпсіз бала күйініш, Төмендеп басың кетеді.
5. Ұрыншақ бала жанында, Ұрыс пен керіс айқай – шу. Ұстамды бала маңынан, Ұнамды қылық байқайсың.
6. Шындықты сақтаймыз, Шыншылды жақтаймыз. Шаршы топ алдында, Шығарып мақтаймыз.
7. Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті деп білемін Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін.
8. Кішіпейілділік. Су құйдым да құманмен, Қолына мен әкемнің. Содан кейін оған мен, Орамалды әпердім.
9. Үлгілі бала. Бақшаны суарып, Келді су алып. Самауыр қайнатып, Қылығы өнеге, Ұстазы бізге де, Ұнайды ол неге?
10. Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса. Сыйлы болар өзі де, Үлкен болған кезінде.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |