Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық валюта- төл теңге


Ұлттық валюта- төл теңге

 

 Ұлттық валюта- төл теңге

Тақырыбы :   Ұлттық валюта- төл теңге

Мақсаты:

1.Ұлттық валюта тақырыбын  қорытындылау,өзге мемлекеттің                                                    валютасымен   таныстыру.

2.Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді   реттеуге   үйрету. экономикалық терминдерімен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету,тілді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы,сөзжұмбақ    жазылған кеспе қағаздар,Ұлттық валюта теңге.

Әдісі:диспут, әңгіме.

Сабақ түрі: «экономикалық саммит»

                                                                 Сабақ барысы.

  1. 5 елдің өкілдері (АҚШ, ҚХР, БАӘ,РФ,) қатысатын «экономикалық саммит» ҚР-да өтеді.Оқушылар 5 топқа бөлініп отырады.
  • Журналист репортаж жүргізеді:Бес топ сыртта күтіп отырады.
  • Журналист сөзі:
  • Құрметті Қазақстандықтар ! Бүгін 1-2 минуттан кейін, біздің мектебімізде  Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған еліміздің Ұлттық валютамызды дәріптеу және өзгеде елдер валютасын таныстыру мақсатында

« экономикалық саммит»  жиынына куә болғалы  отырмыз! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуымен құттықтаймын! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Еліміздің аспаны ашық, биік мұраттарға жетелер алдағы күндеріңіз әрдайым қуаныш күлкіге толы болсын.Сіздермен бірге мен журналист Әлекен Мадина.

  •  Ақниет Ия,біздің журналисіміз дұрыс айтады, осы саммитке қатысушы елдерден келген өкілдер сыртта күтіп тұр. Сол кісілерді қошеметтеп  қарсы алайық! (Оқушылар кіріп орындарына жайғасады.)

Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздер ме, қонақтар, бүгінгі саммиттің төрағасы мен,  менің көмекшілерім Журналист Мадина,және  Ақниет.

  •  
  • Қайырлы күн, Саммитке келген делегация мүшелері! Қонақжай  қазақ жеріне қош келдіңіздер!
  • Бүгінгі жиынның басты себебі бүкіл әлемді  жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы тұратын, әрекеттер жайлы. Және де Ұлттық валютамызды дәріптеу. Жиналған  Мемлекет өкілдері өз ойларын ортаға салу үшін алдымен өздерін таныстарып өтсін. (өкілдер өздерін таныстырады)

 

 Мұғалім

  • Бүгінгі жиынымыз Тәуелсіздіктің 20 жылына арналған Рәміздеріміздің бірі төл теңге жайында болады.  «Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылап, өзге елдің валютасымен танысу» туралы болмақ. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін жиын барысында бірнеше сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарамыз.

Дөңгелек үстел  тілі-Мемлекеттік тіл -қазақ тілі екенін анықтап алайық.

Мемлекеттік өкілдер аударма тілді қолдануға болады

 ҚР өкілі:  оқушы-1 

Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993ж. 15 қарашада шықты. Алғашқы теңгелерде  қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл- Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан,Әбілқайыр хан бейнелері көрініс тапты .Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000, теңгелік билеттерде шығарылды. 2007 жылдан бастап жаңа нұсқалар шықты.

2- оқушы :

Қазақстан Республикасында ақша шығару,олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.

    Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар  мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді,қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тіртібін белгілейді.  Ұлттық банктың ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар.

3-оқушы

Онда қағаз ақшалармен қатар ,арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады.Таза салмағы 24 гр.,37гр тағы басқа әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.Мысалы,қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра»,ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты ір түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар.Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық банкілерінен алуға болады

Мұғалім.  Иә, 15 қараша ұлттық валютамыз теңгенің туған күні.Осыдан 18 жыл бұрын елімізде сауда айналымына еніп,қазіргі кезде бүкіл әлемге танылып,өз мәртебесіне ие болып отыр. Теңге ол біздің ақшамыз. Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар .Ақша барлық тауар өндірушілер,сатушылар,тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ақша – құн өлшемі ,айналыс құралы ,қазына жинау,төлем құралы

Төраға /мен: Осы дөңгелек үстелге қатысып отырған бестік мүшелерінен өз елдерінің валютасы жөнінде, Еуропа елдерінің валютасы жөнінде  мағлұмат беруді сұраймыз.

а) Мұса Жалғас/Ресей өкілі: Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90-жылдардың басында  Ресей өз рублін шығарды, жаңа кезеңі басталды.

ә)Мейірбек Мұсабек /АҚШ өкілі: АҚШ долларын білмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.

            Алдымен монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны қолданады.

б) АҚШ өкілі: Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия, Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.

Төраға/ мен: Өте жақсы, ендігі кезекте журналисіміз Мадина қаржылық жаңалықтармен таныстырады.

Журналист/Мадина:

  • Мен қысқаша саммитке қатысып отырған елдердің  және евроның теңгеге шаққандағы бағамы жайлы айтып кетейін. 1юань-22,06, теңге, 1 дирхам-41,05 теңге, 1$ -147,80 теңге, 1 евро -198,01 теңгені құрайды.

Төраға/мен:-Валюта жайлы әңгімемізді БАӘ-дан келген өкілдер жалғастырады.

Ақжол Наркез: БАӘ өкілі: БАӘ –дирхам деген ұлттық валюта жүреді. 1973 жылдан бастап енген, ең жоғары банкнот -1000 дирхам.

 Батырхан Жұлдыз ҚХР өкілі: Юань-ҚХР-дың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне берілен атау.

Мұғалім:

Компьютерден слайд көрсетіледі: есеп шығарайық!

1-есеп: Аспазшы бірдей бағамен 5 қасық және 3 шанышқы сатып алды. Қасыққа ол 350 теңге төлесе, шанышқы неше теңге тұрады?Тақтаға қол көтерілген оқушы шығады.

Жауабы:

Ш,С,Ш,Ж жазылады.

350:5=70 (тг)  70*3 =210 (тг)

2-есеп. Екі түптеуші 180 кітапты түптеді. Біріншісі күніне 5 кітаптан  барлығы 75 кітап түптеді. Егер екі түптеуші бірдей уақыт жұмыс істеген болса, екінші жүмысшы күніне неше кітап түптеген?

Жауабы: 75/5=15                 180-75=105             105/5=21

Төраға: енді осы кітаптар ішінен  шыққан үнемділік  пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді  өкілдер жаттап алыпты.Соларды тыңдайық.

  1. Тамшыдан тама берсе дария болар.
  2. Ескі киімді баптағаның

жаңа киімді сақтағаның

  1. Түстік өмірің болса

 кештік мал жина

  1. Қасықтап жинағанды

 шөміштеп төкпе.

  1. Алыстан арбалағанша

жақыннан дорбала.

  1. Саумал ішсең қымыз жоқ

байтал мінсең құлын жоқ.

  1.  Есептемегенге бәрі түгел
  2. Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
  3. Базары жақын-байымас.
  4. Шашу оңай-жинау қиын.
  5. Қолдағының құны жоқ.

Сауалдарға жауап берейік!

1-сұрақ. Тауар деген не?

2. Экономика дегеніміз не?

3.Қаржы дегеніміз не?

4.Сауда дегеніміз  не?

ҚХР өкілі: Тауар деп-...........жауап береді

РФ өкілі: Экономика дегеніміз... деп жауабын береді.АҚШ өкілі: Қаржы –ақша, ақша-айырбас құралы.

РФ өкілі: Сауда -сатушы мен тұтынушының мәмілеге келуі.Төраға :Сөзжұмбақ шешейік: (орнында отырып жасайды)

Тігінен:1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

Көлденеңінен:

  1. Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
  2. Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
  3. Ендігі кезекте бірнеше  блиц-сұрақтарға жауап беріп кетейік.
  1. 1 теңгеде неше тиын бар?
  2. Әлемнің неше кереметі бар?
  3. Валюта бағамы деген не?
  4. 1 долларда неше цент бар?
  5. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ң нешінші президенті?
  6. Қырғыз  елінің валютасы қандай?сум
  7. 360 теңгеге киллограмы 80 теңгеден  неше кг картоп келеді?
  8. Жапонияның валютасы қандай? иена
  9. Американдық доллардың  ең үлкен банкноты -100$.
  10. Нумизматика деген не?
  • Ендігі жерде дөңгелек үстелдің қорытындысын  шығарайық.Бүгінгі өткен дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе оқушыларымыздың

Тәуелсіздігіміздің 20жылдығына орай шығарған арнауын қабыл  алыңыздар!

-Оқушылар өлеңдерін жатқа айтады.  Үй тапсырмасы: Сөзжұмбақ құрастыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Банк жүйесі
Ақша дегеніміз не?
Ақша қызметтері және түрлері
Теңге.
Ұлттық валюта- төл теңге.
Ақша туралы ой
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Сатушы-консультант, сауда өкілі,мерчендайзер, сауда агенті, сату бойынша менеджер
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 3482 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык