Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық валюта- төл теңге.


Ұлттық валюта- төл теңге.

Ұлттық валюта- төл теңге.

Тақырыбы :                 Ұлттық валюта- төл теңге

Мақсаты:

1.Ұлттық валюта тақырыбын  қорытындылау,өзге мемлекеттің                                                    валютасымен   таныстыру.

2.Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді   реттеуге   үйрету. экономикалық терминдерімен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету,тілді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы,сөзжұмбақ    жазылған кеспе қағаздар,Ұлттық валюта теңге.

Әдісі:диспут, әңгіме.

Сабақ түрі: «экономикалық саммит»

         Қымбатты оқушылар! Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 21 жылдан асты. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар мектебімізде жалғасып жатыр. Сендер тәуелсіздік туралы не айтасындар?

М. Шаханов « Төрт ана »

Тағдырынды тамырсыздық іңдетінен қалқала,                Ауыр әрі, қасіретті болса да.

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,         Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Әр адамда өз анасынан басқа да,                                    Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,

Ғұмырына етер мәңгі астана.                                          Өзге ананың ұлылығын танымас,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,                                Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Болу керек құдіретті төрт ана,                                         Төрт анадан сенім таба алмаған.

Туған жері-түп қазығы, айбыны                                      Тамырсыздық басы қайда қалмаған

Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны.                                       Төрт анасын сыйламаған халықтың,

Жан байлығы, салт дәстүрі-тірегі,                                 Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қадамыңа шуақ шашар үнемі,                                          Қасиетті төрт ана- тағдырыңның тынысы,

Және туған тарихы,                                             Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.

Еске алуға қаншама,

Диас: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқыраған жарқын болсын!

Төгілген мейірім мен шапағатқа,

Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!

Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан!

Балғын: Ата-бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған,

Тәуелсіздік таңы атты-

Бақыттымын мен содан!

Бізге мұра қалалар,

Бізге мұра дала бар!

Тәуелсіздік тұғырын,

Қадірлейік, балалар!

 

Аружан: Қазақстан- елім менің,

Қазақстан- жерім менің.

Саған арнап айтылады,

Әнім менің.

Қазақ жері- Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан,

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен- Қазақстан.

Мағжан: Тәуелсіздік- тілегім,

Тәуелсіздік- тірегім.

Ертеңі деп елімнің,

Дүрсілдейді жүрегім!

Қымбат: Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы халқым менің,

Отаным жылдан-жылға гүлденуде!

Айым: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

Мадина: Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауы сұлу жері.

Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар.

Болғанда бірі сері, бірі батыр.

Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шахид еткен

Солардың құдіретті ой- арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.

         Осы 20 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Еліміздің экономикасы артып, басқа елдермен терезі тең бола бастады.

1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені еңгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды.

Ақше, теңге туралы не білесіңдер?

         Зилиһа: Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.

Тоғжан : Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.

  1. жүргізуші: Қазір айналыста негізінен 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік қағаз ақша (банкнот) қолданылуда. Құны төмен, күнделікті көп қолданылатын қағаз ақша тез тозады. Сондықтан оларды металдан тиын түрінде жасады.

2-жүргізуші: Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.

1-жүргізуші: Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Досбол Қасымов, Еркін  Жамалбаев, Нияз Наурызбаев сияқты суретшілер,  мүсіншілер атсалысып келеді.

Қымбат. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен ұлттық Банк әзірледі.

Қазақ ақшасының, тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан басталады екен. Хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланған.

Ерсін: Ғұндар алтын күміс құймаларды, екі жағында шимай жазуы бар теңгелерді сауда айналымына енгізген.

 VI-VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелерді шығарды.

Балғын: Әсіресе, Сырдария бойында өмір сүрген Шапырашты тайпаларының қолдан жасалған теңгелері өмір сүрді. Үш ғасыр бойы үздіксіз қолданыста жүрді.

 VI-VIII ғасырларда арыстан бейнесі, садақ суреті бар теңгелер болды. Мыс, күміс, алтын ақшалар салмағы 6,8 грамм болатын. Бетінде

« Мөнгү хани» деген жазуы болды.

         Зилиһа: ХХ ғасырларда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылы қараша айына дейін жалғасты. Рубльдер 1993 жылы 15 қарашада таңертеңгі 8.00- де теңгемен ауыстырылды. Бұл күн ұлттық валюта күні болып саналады.

         Арай: Ұлттық валютамыз – теңгені әзірлеу, жасау, айырбастау, айналысқа енгізу Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен құпия жағдайда жүргізілді. 1 жыл 2 ай аяқталды.   

Банкноттарды көркем безендіру кезінде белгілі тарихи тұлғалардың         ( әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Сүйінбай ) портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.

2-жүргізуші: Теңге дизайнерлерінің бірі- Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Хайролла Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер-бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.

1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан өзіндік ақша-банк жүйесі, алтын валюта қоры қалыптасқан тұрақты даму жолындағы іргелі ел.   

         2-жүргізуші: Теңге ерен еңбекпен келді, оны үнемдеп, ұқыптылықпен қарап, күтіп жұмсау Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.

Ұлттық ваюта күннен –күнге өз елімізде ғана емес,тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бол бастады.Өндіріс дамыған сайын ,елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын ұлттық валютамыз да нығая түсуде.

Ұлттық банк 2011 жылдың 11 шілдесінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды.Тұңғыш рет 3 қорғаныш жіп қолданылады.Сондай-ақ, мерейтойлық монеталар дайындалып қарашадан қолданылысқа енгізіледі.

Номиналы 50000 теңге, алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 100 дана,5000 теңге, күмістен жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 200 дана,500 теңге, күмістен жасалған,массасы 31.1 грамм, таралымы 5000 дана, 50 теңге ,нейзельбер қоспасынан жасалған,таралымы-50000 дана.

        Балалар өмірде әртүрлі жағдайлар болады.Мен сендерге әртүрлі жағдайлар дайындадым.Соларды оқып, содан шығудың жолдарын қарастырыңдар.

1 жағдай  Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың.Аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың.Сен машинаны алғың келді.Ал анаңда бары 600теңге ғана...Сенің әрекетің....

2 жағдай  Биылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді.Базардағы оқулық бағасы 450 теңге.Анаң таныстардан ескі,мұқабасы жыртық кітап тауып берді.Сенің іс әрекетің.....

3 жағдай  Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты.Билет бағасы 100 теңге.Сондай-ақ ағылшын кітабын алуың керек.Ол 130 теңге.Қайсысын таңдайсың? Әрекетің.....

Мінекей, сендердің тапқырлықтарың кез келген жағдайдан шыға білетіндіктеріңді көрсетіп тұр.

Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласыңдар?

Көрініс.

Әкесінің екі ұлы болыпты.Бірі Асан және Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:

Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі . Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.

Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:

-Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?

Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген  алтын ақшаны алып шығып –Міне, әке сенің берген ақша . Қарашы қалай сақтағанымды.

Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?

Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.

-Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.

Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады?  Еңбектен.

Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды  жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.

1.Теңге тиыннан өсер,                   2.Ақша кетуге тырысады,

Жылқы құлыннан өсер.                    Есеп ұстауға тырысады.

3.Есепсіз дүние жоқ.                     4.Базары жақын байымас.

Терең оймен ,шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті.Сонда Төле би:

-Кедейлік үш ағыйынды.Оның тұңғышы кежірлік,ортаншысы-еріншектік,кенжесі-ұйқы.Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен.

II-бөлім.

  • Журналист сөзі:
  • Құрметті Қазақстандықтар ! Бүгін 1-2 минуттан кейін, біздің мектебімізде  Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған еліміздің Ұлттық валютамызды дәріптеу және өзгеде елдер валютасын таныстыру мақсатында

« экономикалық саммит»  жиынына куә болғалы  отырмыз! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 21 жыл толуымен құттықтаймын! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Еліміздің аспаны ашық, биік мұраттарға жетелер алдағы күндеріңіз әрдайым қуаныш күлкіге толы болсын.Сіздермен бірге мен-журналист Тошанова  Тоғжан.

  •   Ақниет Ия,біздің журналисіміз дұрыс айтады, осы саммитке қатысушы елдерден келген өкілдер сыртта күтіп тұр. Сол кісілерді қошеметтеп  қарсы алайық! (Оқушылар кіріп орындарына жайғасады.)

Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздер ме, қонақтар, бүгінгі саммиттің төрағасы мен,  менің көмекшілерім Журналист Мадина,және  Ақниет.

  •  
  • Қайырлы күн, Саммитке келген делегация мүшелері! Қонақжай  қазақ жеріне қош келдіңіздер!
  • Бүгінгі жиынның басты себебі бүкіл әлемді  жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы тұратын, әрекеттер жайлы. Және де Ұлттық валютамызды дәріптеу. Жиналған  Мемлекет өкілдері өз ойларын ортаға салу үшін алдымен өздерін таныстарып өтсін. (өкілдер өздерін таныстырады)

 

 Мұғалім

  • Бүгінгі жиынымыз Тәуелсіздіктің 21жылына арналған Рәміздеріміздің бірі төл теңге жайында болады.  «Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылап, өзге елдің валютасымен танысу» туралы болмақ. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін жиын барысында бірнеше сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарамыз.

Дөңгелек үстел  тілі-Мемлекеттік тіл -қазақ тілі екенін анықтап алайық.

Мемлекеттік өкілдер аударма тілді қолдануға болады

 ҚР өкіліоқушы-1 

Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993ж. 15 қарашада шықты. Алғашқы теңгелерде  қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл- Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан,Әбілқайыр хан бейнелері көрініс тапты .Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000, теңгелік билеттерде шығарылды. 2007 жылдан бастап жаңа нұсқалар шықты.

2- оқушы :

Қазақстан Республикасында ақша шығару,олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.

    Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар  мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді,қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тіртібін белгілейді.  Ұлттық банктың ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар.

3-оқушы

Онда қағаз ақшалармен қатар ,арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады.Таза салмағы 24 гр.,37гр тағы басқа әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.Мысалы,қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра»,ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты ір түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар.Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық банкілерінен алуға болады

Жанерке:  Иә, 15 қараша ұлттық валютамыз теңгенің туған күні.Осыдан  20 жыл бұрын елімізде сауда айналымына еніп,қазіргі кезде бүкіл әлемге танылып,өз мәртебесіне ие болып отыр. Теңге ол біздің ақшамыз. Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар .Ақша барлық тауар өндірушілер,сатушылар,тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ақша – құн өлшемі ,айналыс құралы ,қазына жинау,төлем құралы

Төраға /мен: Осы дөңгелек үстелге қатысып отырған бестік мүшелерінен өз елдерінің валютасы жөнінде, Еуропа елдерінің валютасы жөнінде  мағлұмат беруді сұраймыз.

а) Мадияр/Ресей өкілі: Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90-жылдардың басында  Ресей өз рублін шығарды, жаңа кезеңі басталды.

ә)Руслан /АҚШ өкілі: АҚШ долларын білмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.

            Алдымен монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны қолданады.

б) АҚШ өкілі: Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия, Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.

Төраға/ мен: Өте жақсы, ендігі кезекте журналисіміз Тоғжан  қаржылық жаңалықтармен таныстырады.

Журналист/Тоғжан:

  • Мен қысқаша саммитке қатысып отырған елдердің  және евроның теңгеге шаққандағы бағамы жайлы айтып кетейін. 1юань-22,06, теңге, 1 дирхам-41,05 теңге, 1$ -147,80 теңге, 1 евро -198,01 теңгені құрайды.

Төраға/мен:-Валюта жайлы әңгімемізді БАӘ-дан келген өкілдер жалғастырады.

Ақниет: БАӘ өкілі: БАӘ –дирхам деген ұлттық валюта жүреді. 1973 жылдан бастап енген, ең жоғары банкнот -1000 дирхам.

 Балғын ҚХР өкілі: Юань-ҚХР-дың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне берілген атау.

Мұғалім:

Төраға: енді осы  үнемділік  пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді   тыңдайық.

  1. Тамшыдан тама берсе дария болар.
  2. Ескі киімді баптағаның

жаңа киімді сақтағаның

  1. Түстік өмірің болса

 кештік мал жина

  1. Қасықтап жинағанды

 шөміштеп төкпе.

  1. Алыстан арбалағанша

жақыннан дорбала.

  1. Саумал ішсең қымыз жоқ

байтал мінсең құлын жоқ.

  1.  Есептемегенге бәрі түгел
  2. Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
  3. Базары жақын-байымас.
  4. Шашу оңай-жинау қиын.
  5. Қолдағының құны жоқ.

Сауалдарға жауап берейік!

1-сұрақ. Тауар деген не?

2. Экономика дегеніміз не?

3.Қаржы дегеніміз не?

4.Сауда дегеніміз  не?

ҚХР өкілі: Тауар деп-...........жауап береді

РФ өкілі: Экономика дегеніміз... деп жауабын береді.АҚШ өкілі: Қаржы –ақша, ақша-айырбас құралы.

РФ өкілі: Сауда -сатушы мен тұтынушының мәмілеге келуі.Төраға :Сөзжұмбақ шешейік: (орнында отырып жасайды)

Тігінен:1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

Көлденеңінен:

  1. Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
  2. Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
  3. Ендігі кезекте бірнеше  блиц-сұрақтарға жауап беріп кетейік.
  1. 1 теңгеде неше тиын бар?
  2. Әлемнің неше кереметі бар?
  3. Валюта бағамы деген не?
  4. 1 долларда неше цент бар?
  5. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ң нешінші президенті?
  6. Қырғыз  елінің валютасы қандай?сум
  7. 360 теңгеге киллограмы 80 теңгеден  неше кг картоп келеді?
  8. Жапонияның валютасы қандай? иена
  9. Американдық доллардың  ең үлкен банкноты -100$.

 

  • Ендігі жерде дөңгелек үстелдің қорытындысын  шығарайық.Бүгінгі өткен дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе ,еліміздің  болашағы сендерсіңдер деп айтқым келеді және де кейбір адами  көрсеткіштерге  тоқталғым келеді.(слайдтарға тоқталу)
  • Абай атамыз айтқан  жақсы  қасиеттерді бойымызға  сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ жүрейік.
  • Еліміздің  экономикасын  дамытушы ,икемді,ұқыпты  тұлға болып  өсетіндеріңе  сенемін.
  • Тәуелсіздігіміз  тұғырлы  болсын!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық валюта- төл теңге
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Банк жүйесі
Ақша дегеніміз не?
Ақша қызметтері және түрлері
Теңге
Теңге.
Ақша туралы ой
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10845 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык