Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қорқыт күйлерімен жұмыс.


Қорқыт күйлерімен жұмыс.

Қорқыт күйлерімен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт күйлерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қорқыт күйлері туралы толық мағлұмат беру, түсіндіре отырып, ұқсастығын  айту.

Дамытушылығы: Қорқыт күйлерін орындай отырып аспапта шебер орындау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, үнтаспа

Сабақтың барысы:            І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) a-dur гаммасымен қол жүргіземіз штрихтарымен, арпеджиосы

б) d- moll гаммасының үш түрін  ойнатамыз

в) Қорқыт «Сарын» (ІІ түрі) аяғына дейін жатқа ойнау.

Қорқыттың «Сарын» күйін аяғына дейін аспапта орындату.

ІІІ. Актуальдау (суреттер бойынша жинақтау)

  • Қорқыт күйлерін жеткізушілер
  • Қорқытқа және қыл қобызға арналған ескерткіштері
  • Музейдегі экспонанттар
  • Қобыз түрлері

Сонымен бірге қобызға арналған маркалар шығарылған. Қорқыттың ағаштан жасалған мүсіндері де жасалған.

ІV. Жаңа сабақ «Қорқыт күйлерімен жұмыс»

Ендеше сол Қорқыттың «Тарғыл тана» күйін үйренеміз.

«Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі- аты аңызға айналған Қорқыт баба күйлері.

Халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша, қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп, оның қыл ішігінен жаһандағаы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы деп біледі. Қазақ музыка мәдениеті тарихында қобыз өнері ерекше орын алады.

Аңыз бойынша, Қорқыт VIII-ІХ ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүрген көрінеді. Қызылорда облысының «Қорқыт» станциясынан 5 км.жерде Қорқыттың моласы дейтін күмбез бар болатын, мұны жергілікті жұрт киелі орын санап, басына көп уақыт бойы шырақ жағып келген. Сырдарияның тасқын суынан мүжілген Қорқыт күмбезінің өзен жақ қабырғасы қопарылып, 1952 жылы құлап қалады. 1980 жылы сол ескі зиратқа жақын жерге архитектор Б. Ыбыраев пен физик- акустик С. Исатаевтың жобасы бойынша төрт қобызды біріктіру арқылы ерекше архитектуралық келісімде құйылған ескерткіш орнатылды.

Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік боьлыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты.

Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын қорқыт қояды.

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған

Қара жерді құм алған

Ол туғанда ел қорқып,

Туғаннан соң қуанған - өмірге келуі жайында жыр.

аңыз: Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің пәхилігін көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, түйесі Желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді... бұл кімнің көрі, -  деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деп жауап алады. Ақырында өзіінң туған жері Сырдария бойына келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «Күй атасы – Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын елжіретіп тыңдаған.

аңыз: Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарғай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяның терісін

Шынақ қылған қобызым,

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған қобызым,

Құлағыңды бұрайын,

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын.

 

Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.

Қорқыт күйлеріне терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл- күй мен майда қоңыр лиризм тән. Күйші шығармаларында халұы мен ілінің тағдырынғ болашағын ойлап, көірегі қарс айырыла қамығады, адамдардың қайғы –қасіретіне ортақтасып, мұң- шерін бөліседі. Өмірдің мәні, бақытты ғұмыр жайында тебіреніп ой толғайды.

Қорқыт күйлерінің басқа күйлерден ұқсастығы, ерекшелігі, формасы жетілген әуендік байланыс құрылымы бір жүйеге  келген бір- бірімен сабақтастық нақыш- саз.

Табиғи дыбыстарға еліктеу формасы өте күрделі бақсылар зікірінің желісі.

Қорқыт өнерінің мұрагерлері Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтабаев, Нышан Шәменұлы, Манат Қошаев, Тәттіқыз Бұзаубақова

Бүгінгі талдайтын күйіміз: «Тарғыл Тана» күйдің ең алдымен шығу тарихын айтып берейін.

Қорқыт қырық жасқа келгенде оған ажалының жақын екендігі жайлы бір құдірет аян береді. Қорқыт жарық дүниені қимай, адам баласы мәңгілік жасайтын Жерұйық іздемекші болып, Желмаясына мініп, жолға шығады. Мұны көрген тәңірі періштелерімен ақылдасып: «Егер бұл адам өлімді ешқашан аузына алмайтын болса, онда мәңгілік өмір сүреді. Жанын олжалағанына тәубе қылса, еркіне жіберейік, қанша өмір сүрсе де, жүре берсін», депті. Бұл сөзді естіген Желмаяға тіл бітіп: «Егер ешбір дүниеге мойын бұрмай, тек қана өмірді ойласаң, мен сені өлімнен алып шығамын», - деген екен. Бұдан кейін Қорқыттың көңілі жайланып, өлімді ешқашан ойына алмауға тырысады.

Бұл күні Қорқыт Желмаясымен ел аралап келе жатып, далада мал бағып жүрген жас баланы ұшыратады. Қорқыттан үркіп бір тарғыл тана табыннан бөлініп тұра қашыпты. Оны қайтарам деп қуа жөнелген баланың аяғына шөгір кіріп, танаға жете алмай, жылап отыра кетеді. Баланы аяған Қорқыт оны өзі қайтармақшы болады. Бірақ қанша қуса да, тана жеткізбейді. Әбден ыза болған Қорқыт: «Өлсем де жетемін!» - деп өршелене қуады. Мұны естіген тәңірі тарғыл тананы тасқа айналдырып жібереді. Денесі тасқа айналып, жаны шығарда  танаға тіл бітіп:

Менің өзім қара едім,

Қарадан туған ала едім.

Туған жерім- Қазалым,

Мына тау болды-ау ажалым,- деп ыңыранады. Тананың жарық дүниемен қоштасардағы осы қиналысын көрген Қорқыт сол жерде қобызын қолына алып, «Тарғыл тана»  күйін шығарған екен.

Сыр бойында, Қорқыт бейіті тұрған жерден терістікке қарай жүз шақырымдай жерде, Тарғыл деп аталатын тау бар. Бұл жаңадағы аңызға қатысты тау. Қорқыт қуғанда тас болып қатып қалған тарғыл тана бірте- бірте тауға айналыпты- мыс.

«Тарғыл тана» күйінің құрылысы күрделі емес. Жайлап басталған күй сарыны бірте- бірте екпіндей түседі. Күйді тыңдап отырып тарғыл тананың қашып келе жатқандағы тұяғының дыбысын, жиілей  түскен дем алысын, кеудесінен жаны шығарда қиналғанын көзбен көріп, құлақпен естігендей боласың. Күйдің соңында 1 цифры көрсетілген жерде «ре» ішегінде «соль»  нотасын төртінші саусақпен аздап қысыңқырап, шертіп жіберу керек. Сол кезде тананың «әк» деп барып демі үзілгені бейнеленеді.

V. Сергіту сәті: Күй тыңдау

 

VІ. Бекіту. Қорқыт күйінің айырмашылығы

«Сарын» күйі                                                           «Тарғыл тана» күйі

VІІ. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Қорқыт қай жерде дүниеге келді?
  2. Қорқыттың дүниеге келі ерекшелігі.
  3. Қорқыт күйлерін ата.
  4. Қорқыттың күйлерін жеткізушілер

VІІІ.  Үйге тапсырма : Қорқыттың күйі «Тарғыл тана» белгіленген жерге дейін санап ойнап келу.

Бағалау: Өте жақсы, жақсы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорқыт ата
Қорқыт-музыка, тарих және әдебиет әлемінде
Қобызға арналған күйлер. Қорқыт-күй атасы.
"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым
Қорқыт ата, Асан қайғы, Әбунасыр әл-Фараби дана-ғұламалар әлеміне саяхат
Қорқыт ата кітабы
Оғыз қаған жыры
Қорқыт ата
Қорқыттың нақыл сөздері
: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 2344 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык