|
|
Қорқыт-музыка, тарих және әдебиет әлемінде
6-сынып. Музыка сабағы
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт-музыка, тарих және дебиет әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік міндеті: Балалардың түркі тілдес халықтырға ортақ болған
Қорқыт мұрасымен таныстыру. Оның күйлерін тыңдату арқылы музыкалық білім беру.
Тәрбиелік міндеті: Қорқыт шығармаларын таныстыру барысында адамгершілік, патриоттық тәрбие беру. Достық, жолдастық және т.б.
сезімдері тәрбиелеу. Күйді тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық міндеті: Бала бойында халықтың көне мұраларына деген
қызығушылығын арттыру. Тарих, әдебиет пәндерінде алған мағлұматтарын
байланыстырып ой қорытындысын жасай білу. Музыканы тыңдай отырып,
қиялдарын дамытып, жан-жақты ой-өрістерін кеңейту.
Көрнекіліктер: Қорқыт портреті, музыка тыңдауға қатысты бейнеленген
плакаттар,техникалық оқу құралы, пластинкалар, қобыз аспабы, сөзжұмбақ.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ тақырыбы.
4.Музыка тыңдау.
5.Сабақты қорытындылау.
6.Үй тапсырмасы.
Сабақ элементтері |
Өту барысы |
Көрнекілік |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі |
- Сәлеметсіздер ме балалар? Сыныпта кезекші кім? Бүгін сабақта кім жоқ? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын сұрау |
- Балалар өткенде үйге қандай тапсырма берілді? Қане, кім айтады? (Үй тапсырмасын сұрау) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ |
- Барлығың да үй тапсырмасын жақсы дайындап келіпсіңдер, енді балалар мына өлеңді мұқият тыңдайық: «Қарағайдың түбінін, Қайырып алған қобызым. Үеңкінің түбінін, Үйіріп алған қобызым. Желмаяны терісін, Шанан қылған қобызым. Ортекенің мүйізін, Тиек қылған қобызым. Бесті айғырдың құйрығын, Ішек қылған қобызым. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Балалар өлең не жайлы толғанады? - Дұрыс айтасыңдар, қобыз туралы екен. - Балалар, сендер тарих, әдебиет пәндерінен өткенсіңдер. Қобыз туралы айтқанда біздің есімізге кім түседі? - Өте жақсы. Қобыздың атасы – Қорқытты есімізге алады екенбіз. Сендер тарих сабағында «Оғыз мәдениеті» тақырыбы бойынша Қорқыттың заманын, тегін өтсеңдер, әдебиеттен оның әдеби мұрасын, яғни, «Қорқыт ата кітабын» қарастырған боларсыңдар. Ал бүгін біз Қорқыттың музыкалық мұрасымен, яғни күйшілік дәстүрімен танысамыз. Алдымен, «Қорқыт кім?» Еске түсіріп өтейік. Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныстанған оғыз–қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы, батағой, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол – бірқатар аңыз-әңгімелер мен эпостық жырлардың негізгі кейіпкері, тұңғыш қобыз аспабын жасап, түрлі сарындар тудырған бақсы, жырау. Қасиетті қобызын шалып оғыз елінің тағдыры, болашағы туралы толғаулар шығарған Қорқыт пен қобыз үнемі егіз. Қазақ олардың бірін киелі музыкалық аспап, екіншісін бойынан қыдыр дарыған қасиетті тұлға ретінде таниды. - Балалар, қане барлығымыз мына аспапқа көңіл бөлейік. Жаңа қобыздың құрылысы туралы өлеңді жоғарыда айтып кеттік. - Қорқыт жайлы аңыз әңгімелер көп. Соның бірі – Қорқыттың «Қорқыт» деген күйіне байланысты шыққан аңыз. - Қорқыт қасиетті қобызын алып ел аралап, күй ойнап жыр толғап халықтың қуанышын, қайғысын күй арқылы жеткізіп отырады. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты. Бір күні Қорқыт бір төбенің басына шықса, әкесі баласын, баласы әкесін танымастай бірін-бірі қырып жатқан, сұмдық соғысың үстінен шығады. Қорқыт арашаламақ болып, екі жақты бірлікке шақырып жүгіреді. Бірақ еш нәтиже болмайды. Сонда ол қобызын алып, елінің қайғысын, қырғын соғысты күй арқылы суреттеген. Күй «Қорқыт» аталып кетіпті.
|
Қорқыттың портретін көрсету
Плакат ілінеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Музыка тыңдау
Үй тапсырмасы |
- Балалар, енді мұқият тыңдаңдар.( Күй «Қорқыт») - Балалар, күй нені бейнелеп тұр? Көз алдарыңа нені елестеді? Оқушының жауабы: - Маған күйдің басында кең далада жайқалып тұрған егін елестеді. Жұрт көңілді, барлығы астықты жинауға келе жатқаны көз алдымызда. Күйдің ортасы ойнала берген кезде кенет адамдар егінің бір шетін өрт шалғанын көреді. Халық азан-қазан шулап, өртті сөндіруге кірісті. Бірақ сұм өрт біраз жерді жалмап үлгереді. Жұрт жаз бойғы маңдай тер еңбектерінің далаға кеткеніне қайғырып, жылауда. Күйдің аяғы мұңлы. Бұл ел қайғысын жеткізген жері. Күйді тыңдау барысында, менің көз алдыма осы бейнелер келді. - Өте жақсы. Қане балалар тағы кім қалай түсінді? - Балалар, сендер білесіңдер тарихта қазақ халқы талай шапқыншылықты басынан өткерді. Көптеген батырлар өздерінің туған топырағын қасық қандары қалғанша аянбай қорғаған. Талай ақындар оларды жырларына қосып, жазушылар халық қайғысын, мұң-шерін жазған. Қорқытта жаугершілік кезінде талан-таражыға түскен, қуғын-сүргіңге ұшыраған халқының тағдырына қабырғасы қайысады, елінің болашақтағы бақыты мен тыныштығын, бейбіт күндерін аңсайды. Ол: «Елім-ай», халқым-ай, қолыңнан найза, үстіңнен сауыт түспед-ау. Ел басына мамырстан заман туып, шат-шадыман өмір сүре кездерің болар ма екен!?» - деген өзегін өртегенмұң-шері мен арман тілегін «Елім-ай» күйі арқылы толғаған екен. - Қане, балалар, енді күйді мұқият тыңдайық. - Балалар қобыздың үні қалай шығады, қандай әсер алдыңдар? - Мұңлы, зарлы, қайғылы, ащы, ызалы, кекті шығады. - Дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендер әдебиет сабағында «Қорқыт ата» жырымен таныстыңдар. Осы жырдан батырлыққа, бірлікке байланысты нақыл-сөздер білесіңдер ме? Кімнің есіңде бар, ойланыңдаршы? Кім айтады? - «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп туседі». - «Қайысқан қара балтасыз жау алынбас». - «Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер». - Өте жақсы. Балалар енді бәріміз мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Қорқыт жыры қалай аталады? 2. Қорқыттың киелі аспабы. 3. Қорқыттың туған өлкесі. 4. Ел қайғысы бейнеленген күйі. 5. Қобыз немен ойналады? 6. Қобыздың тиегі қандай аңнын мүйізінен жасалады?
- Балалар, бүгінгі тақырып түсінікті ме? - Енді үйге тапсырма алыңдар.
1. Қорқыттың басқа қандай күйлері бар екенін біліп келу. 2. «Елім-ай» күйіне байланысты сурет салу.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау.
- Балалар, сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
|
Қобыз аспабымен «Қорқыт» күйін орындап беремін
Қобызда «Елім-ай, халқым-ай» күйін ойнап беремін
|
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |