Сабақтың тақырыбы: "Көксерек – түз тағысы"
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: а) М. Әуезовтың әлемдік деңгейдегі классик суреткер екенін таныту; ә) Көксерек әңгімесінің тақырыптық, идеялық мазмұнын ашу; в) Әдеби – теориялық, танымдық ұғымдарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: М. Әуезов – Ш. Айматов шығармаларының негізінде оқушылардың дүние – танымын кеңейту, еркін ой, пікір мәдениетіне тәрбиелеу, бір – бірімен салыстыру және сабақтастыруды, жалпы болжам жасай білуді үйрету.
3. Тәрбиелік: Ізгі қатынасқа үйрету, адамды сүю, өзін қадірлеу,табиғатты қадірлеу, адам мен табиғат бірлігін сақтау,тұтастығын қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: схема-плакаттар,қаттама,кеспе қағаздар ,портрет- тер,бейнетаспа,суреттер. Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,пікірталас.
Сабақтың барысы:
1 – аялдама. Психологиялық дайындық. ( Ұйымдастыру кезеңі.)
Бейне таспадан Көксерек көрсете отырып оқушыларды сабаққа даярлау.
2 - аялдама.Сыр толғау, сырласу.(Үй тапсырмасын сұрау)
--Қане,балалар, үйге қандай тапсырмы берілген еді? Оқушы жауабы:--Үйге тапсырма:М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі және Ш.Айтматовтың «Жан пида» романын қосымша оқуға берілген.
1.---М.Әуезов кім? 2.---М.Әуезовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
Сөздікпен жұмыс. Табиғат, тіршілік, күрес сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздік арқылы жазып келу.
Табиғат—биологиялық жүйе,ондағы нәрселердің бәрі бір-бірімен өте тығыз байланысты. Тіршілік—тірі организмдердің өсіп-өніп, мекен ететін ортасы. Күрес—әрбір тірі организм өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қозғалысқа түседі.
Адам жер бетіндегі тірі организмдердің жоғары сатысы. Осы үш сөздің мағынасын анықтағаннан кейін, оларды бір – бірімен схема арқылы байланыстыру қажет.
3 – аялдама. Үй тапсырмасын бекіту. Яғни, тіршілік тірегі табиғат. Табиғат пен адам- егіз. Табиғат бәріміздің ортақ мекеніміз. Оны аялау, байлығын пайдалану баршамызға ортақ іс. Табиғатты таза сақтап, тіршілігімізге залалын тигізетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу басты парыз.
4 – аялдама. Ой ашар (жаңа сабақ)
- Балалар, сендерге қосымша көршілес қырғыз елінің жазушысы Шынғыз Айтматовтың « Жан пида» романын оқуға бергенмін. Шынғыз Айтматов қырғыз елінің әлемдік деңгейдегі классик суреткер жазушысы.Ал, балалар, біздің мақсатымыз «Көксерек» пен « Жан пида» шығармасын салыстыра отырып, екі суреткердің шығармада айтайын деген ойын, шығарманың идеясын, шығарманың ой – түйіні не, соған қорытынды жасаймыз, талдаймыз. Қазір мен сыныпты үш топқа бөлемін.Яғни, сынып топ болып жұмыс атқарамыз. 1 - топ. «Ойшылдар» тобы 2 - топ. «Зерделілер» тобы 3 - топ. «Ақылдылар тобы.
1. «Ойшылдар» тобына: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне талдау жұмысын жүргізу. 2. «Зерделілер» тобына : Ш.Айтматовтың «Жан пида» романына талдау жүргізу. 3.»Ақылдылар» тобына: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі мен Ш.Айтматов- тың «Жан пида» романы арасындағы үндестікті, сабақтастықты табу.
--- Ал, қане, қай топ дайын екен. Қорғау жұмысының барысын топтардың кеңесшісі жүргізеді.
1- топтың жұмысы: «Қаталдыққа қаталдықпен жауап» деген түз тағыларының арасындағы жазылмаған заңға бойлап, мәнін түсіну.Адамдар арасындағы жауыздық,қаталдық,қоршаған ортаға қамқорлықтың жоқтығы.Адамдар қасқырлардың апанын бұзып, күшіктерін өлтіріп тастап отырады. Қасқыр психологиясы бойынша осындай қорлықтардан кейін жер бетіндегі екі аяқтылардан өш алуға алдарына міндет етіп қойғандай болады.«Көксеректе» туғаннан бері көресіні осы екі аяқтылардан көрдім дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап береді.
2 – топтың жұмысы: «Жан пида» романы да осындай жүрек тебірентерлік сипатта жазылған.Түз тағылары Аққұртқа мен Тасшайнар адамдар тарапынан шыққан тағылыққа шыдай алмай, өз өмірлерін күйзелумен өткізеді.
3 – топтың жұмысы: М. Әуезовтің « Көксерек» әңгімесі мен Ш.Айтматовтың «Жан пида» роман арасындағы үндестік.«Көксеректе» оқиға басталғанда ауыл адамдары қасқыр ініндегі 7 бөлтіріктің 5 – еуін өлтіріп, біреуінің тірсегін қиып, біреуін ауылға алып келеді.Ол күшікке «Көксерек» деп ат қояды.Әңгіме осылай басталып, оқиға ары қарай дами түседі, оның аяғы кері қайтатын кекпен аяқталады.Адамдардың бұл әрекетінен қатаңдықты, табиғат ананың құшағындағы тіршілік иелеріне деген озбырлықты байқаймыз .Осы екі жазушының жұмысын салыстыра отырып, бір – бірімен астасып жатқан үндестікті байқаймыз.«Жан пидадағы» Аққұртқа мен Тасшайнар өз күшіктерін аман – есен өсіру үшін тау шатқалына кетеді. Сонда да адамдар тікұшақпен келіп, 3 күшіктің көзін жояды.Келесіде 5 күшігі адамдардың қамыс арасына қойған өртінен өлсе , соңғы жолы есерсоқ Базарбай 4 күшікті алып, қашып келе жатқанда Аққұртқа мен Тасшайнар артынан қуады. Қорыққан Базарбай 4 күшікті алып, амалсыз шопан Бостанның ауылына бұрылады. Өз күшіктерінің осы ауылға, осы үйге кіргенін иісінен сезген қасқырлар, күндіз – түні осы үйді қарауылға алып, ақыр соңында Бостанның 2 жасар баласын ұрлап кетумен тынады. Бала да өледі, қасқыр да өледі. Өлтірген Бостанның өзі.
Бұл не? Бұл адамның өз қолынан жасалған қиянат. Осыдан келіп білеміз.Олар да тіршілік иесі. Олар да өз ұрпағын аман – есен өсіруді ойлайды.
5 – аялдама.Ой толғаныс:
-- Ал, балалар, осы екі шығармадағы ең негізгі түйіні қайсы? Өз ойларыңды түйіндеп қысқаша шығарма жазыңдар. Оқушылардың ойлары, көзқарастары:Ол қасқыр,қасқырлығын істейді.Оны қанша үйрет,қолда тәрбиеле,жоқ бәрібір айналып келіп,қапылыста өзіңе тиеді. Оған себеп не? Себеп біреу – табиғаттағы барлық тіршілік иесінің өзінің өсіп, дамып, өркендеу жолдары бар. Ол күштеп бағындыруға әрқашан ; қарсылықпен жауап береді. Сол жолдан оларды ажыратуға болмайды деп ойлаймын.Сондықтан табиғаттағы қандай бір күшті пайдалануды адам баласы ізгі ақылмен ғана жүзеге асыра алады деп қорытынды жасаймын. Нәтиже:/ Венн диаграммасын пайдалану / Сонымен, балалар, екі шығарманы бір – бірімен салыстыра отырып білгеніміз: «Табиғатқа түсіністікпен қарау адам баласының ғана қолынан келетін іс екен, қатыгездік тек жабайы аңдар арасында ғана емес, адамдардың арасында да шығуы мүмкін дегенді білдіреді» - дей отырып, қазір мен адам мен қасқырға мінездеме бере кетемін. Ал осы жердегі адам бойындағы қандай мінезді біз өзімізге алуымыз керек деп ойлайсыңдар? Әрине, мейірімді, ақылды, сүйіспеншілікті алуымыз керек. Ал жаман мінезден, қасиеттен бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
Осының алдында алған білімімізді толықтыру үшін қазір мен сендерге кеспе қағазын үлестіремін.
1 – оқушы: – Бір мезгілде бас жағынан сатыр – сатыр, сырт – сырт ши тобылғы, қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тасырлатып келіп қалды. - Ал енді есімізге түсірейік: қазақ тілінен қазір біз қандай сөз табын өтіп жатырмыз? Оқушы жауабы: Еліктеуіш сөздер .Олар екіге бөлінеді: - Дыбыстық еліктеуіш, - Бейнелеуіш сөздер. - Иә, сонымен, мына сөйлемдегі еліктеуіш сөздер қайсысы екен? Олардың қандай затқа байланысты пайда болған еліктеу сөздер екенін атап көрсет. 2 – оқушы: - Қасқыр інін бұзудағы үлкендердің әрекетінен нені аңғаруға болады 3 – оқушы: - Көксеректің ашынып, ызақорлана түсуінің себебі не? Бейнетаспадан «Көксерек» фильмін көрсете отырып, тақтаға мынадай сұрақтар ілемін:
1. Көксерек алғашқыды ауыл иттерінен қандай зәбір – жапа шегеді? Оның себебі не деп ойлайсыңдар? 2.Көксерек ауыл адамдарынан көбінесе не үшін таяқ жеді? 3.Көксеректің тамаққа ашқарақтығынан нені аңғаруға болады? 4.Көксерек ауыл адамдарынан, иттерінен, зәбір көргенде қандай мінездер көрсетеді? Оның себебі не деп ойлайсыңдар? 5. Көксеректі өз ортасына жақындатқан қандай себептер?
Топқа аяқталмаған мақал-мәтелдер айтамын.
1.Бөрінің аузы........ 2.Қасқырды қанша асырасаң да....... 3.Қасқыр да қастық қылмас..........
Әр мақал-мәтелдің мағыналарына тоқталып өтемін,түсінік беремін. Сұрақ: - «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді? Оқушының жауабы: - Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады. Сұрақ : - Қалай ойлайсыңдар,кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауына не себеп бар? Оқушы жауабы: - Бұл әңгімені кемпірдің қарғысымен аяқтауына мен Әуезовтің озбырлыққа,жауыздыққа,қаталдыққа деген қарғысы деп түсінемін.Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа,бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге үндейді.
Тақырып деген не? Жазушының шындық болмыстан таңдап,талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз,арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні.
Идея дегеніміз не? Идея - ой пікірлерді насихаттайтын сана.
Сұрақ: - Қалай ойлайсыңдар,М.Әуезовке осындай ауыл өмірінен алынған,оның ішінде түз тағысы қасқыр мен адам арасындағы тартысты жазуына не себеп болды? Оқушы жауабы: - Мен бұл сұраққа жазушының әйелі Валентина Николаевнаның «Көксерек» әңгімесінің жазылу тарихы туралы мына бір естеліктерін айтып беруден бастасам деймін. /естелікті айтады./
6 - аялдама.Түйіндеу.(Жаңа сабақты қорытындылау.)
«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып,айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы,өзіндік ерекшелігі бар,оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.Сөйтіп,бұл шығармада Мұхтар Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты,түсіністікті негізгі идея етіп көрсетеді.Айталық,көзін де ашып үлгермей қолға түскен Көксеректің жетіле келе адамдарды жақтырмай,ауылдан қаша бастауын,оның себептерін соншама білгірлікпен суреттеуі Көксеректің түбінде өз ортасына қосылуына оқушының көзін жеткізеді.Сол арқылы жазушының айтайын деген ойын да байқауға болады.-Міне,балалар,біз бүгін Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі арқылы жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесін танып отырмыз. Бұл тепе-теңдік бұзылған жағдайда үлкен құрбандыққа алып келеді.Бүкіл әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері шығармаларымен мазмұндас болып үндесіп келіп тұрған М.Әуезовтің «Көксерегі» адамдарға үлкен бір міндет жүктеп тұрғандай сезіледі.Олай болса біз Әуезовті әлемдік деңгейдегі суреткер деп қарауымызлың өзінде осындай мән жатыр.
7 - аялдама. Еңбегі бардың - өнбегі бар. . (Оқушылардың білімін бағалау.)
8 - аялдама.Үйге тапсырма. . «Бақа көлін сүйеді,бұлдырық шөлін сүйеді,жігіт елін сүйеді.» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 10258 |
|
|
|
Көксерек - түз тағысы

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |