Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әуезов «Көксерек» әңгімесі


Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Тақырыбы:  М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Мақсаты:
              Әңгіменің идеясын жан-жақты талдай отырып ашу;
             Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып,  
             адамзат  табиғатпен  психологиялық  тепе-теңдікті сақтау  
             керектігіне көздерін жеткізу; іскерлік дағдыларын  
             қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге баулу,
              көк тәңірісі көк бөрі екенін дәлелдеп, түрлі  
             деңгейлік тапсырмалар беру арқылы таным көкжиектерін  
             арттыру.
Түрі: сын тұрғысынан ойлау, игерілген білімді қорытындылау
 
 Әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу
 Көрнекілігі:мультимедиа
 
Сабақ барысы:
1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету
Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау. 
 
I. Композициялық жоспар: 
( экрандағы композициялық жоспарға назар аударту)
Р/с
Әңгіменің композициялық
элементтері Композициялық жоспар Әңгіменің көркемдік әдіс-тәсілі
1 Оқиғаның басталуы Қараадыр табиғаты.Қасқырлар мекені. Суреттеу
2 Оқиғаның байланысы Адамдар шабуылы. Көксеректі
асырауы Баяндау
диалог
3 Оқиғаның дамуы Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы. Баяндау
Суреттеу
4 Оқиғаның шиеленісуі Көксеректің өз қандастарына қосылуы Суреттеу
5 Оқиғаның шарықтау шегі Көксеректің жойқын күшке айналуы Баяндау
Суреттеу
6 Оқиғаның шешімі Құрмаштың қазасы. Көксеректің
жазасын тартуы Баяндау
Диалог
 
II.  Композициялық жоспарға  сүйене отырып, нақты  дәлелдер-
       мен   Көксерекке   мінездеме беру 
 
III. Семантикалық карта
 
Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз.
(Экраннан көрсетіледі)
Кейіпкерлер сөзі кімдікі? 
Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Құрмаштың
әжесі Бейсембай
Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ? +
Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. +
Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп,
терісін алайық . +
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала
төбетім бір-ақ 
соғады.Араша
лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. +
Іздегендерің-
нің  өзі-сол,
бәрін істеп жүрген сол.      
Енді соны бір қолға берсе-ау! +
 
IV. Кубизм
1. Суретте- Көксеректің сыртқы кескін-келбетін суреттеңіз
2. Салыстыр- Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз
3. Зертте- Көк бөрінің қадір-қасиеті туралы әңгімелеңіз
4. Талда- Кейіпкерлер тағдырын талқыға салыңыз.
V  Проблемалық сұрақтар:
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек  Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
     Қорытынды:
  Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.
Әңгімедегі бейкүнә  бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!
Үйге тапсырма:
«Адам  және табиғат» (эссе ) жазу
Бағала

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көксерек - түз тағысы
Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесіндегі ата мен бала сағынышы
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Ахтанов, Күй аңызы
Еңлік - Кебек
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі. Бекіту сабағы
Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Батыр Баян -париоттық шығарма
Адамдар мен табиғат арасындағы бірлік тұтастығы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7741 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык