Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 5183 |
|
|
|
Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Сабақтың мақсаты:
а) әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;
ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, психологиялық тренинг өткізу «Мен жарық күнмін»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
М.Жұмабаевтың шығармалары
«Блиц кездесу» екі оқушыдан шығып бір-біріне сұрақ қойып,жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).
Ой қозғаустратегиясы.
-Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы. «Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі».
Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
-Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Қоршаған орта
Табиғат
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы
5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.
( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)
Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)
Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.
Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі
ойлайды оқиды қомағай табиғат перзенті
перзент қоректенеді Дала тағысы дала санитары
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен кКөксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Ой толғаныс. Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген
сұрақтарына жауап беремін.
1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |