Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3579 |
|
|
|
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Тақырыбы: С с дыбысы мен әріп таңбасы
Мақсаты: Балаларға С с дыбысы мен әріп таңбасын таныту арқылы берілген буындардан сөз құрату С с дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы балалардың білімдерін жетілдіру.
С с дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету. С с әрпінің баспа және кіші әрпін жаздыру.
Ұқыптылыққа ,таза ,әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне тұру.
( Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып , тілектер тілейді.)
ІІ. Үй тапсырмасы:
- Балалар, өткен сабақта қандай дыбыс пен әріп таңбасымен таныстық?
- Б дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Б дыбысынан келетін сөздер айтып жіберейікші.
- Тірек сөздермен жұмыс
Ш дос
Т ай Ай жан
М бек
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ:
Туған айға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (С әрпі)
Сыйқырлы қорапшада жасырынған заттарды жұмбақ жасыру арқылы алып шығайық:
Сабын, сіріңке, сүлгі, су, сәбіз , қасық, кесе, т.б.
Әліппе дәптермен жұмыс.
- Балалар,қандай суреттер көріп отырсыңдар?
САҒАТ, АСЫҚ , ҚАС
, - Сағат сөзінде С дыбысы қай жерде келіп тұр?
Асық сөзінде ше?
Қас сөзінде ше? Дұрыс айтасыңдар, С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
С с дыбысына дауысты дыбыстар қосып буындар құрау.
С---- А СА , С---- О СО, С---У СУ,
ІҮ. Сергіту сәті.
Жел соқты, ағаштардың басы тербелді,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақтың астына, тығыла қалды көбелек.
Дәптермен жұмыс:
* С с дыбысын дәптерге таңбалап жазу
* Тақтаға жазу.
* Кеспе әріптермен тақтаға сөздер жазу.
Ү. Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз қандай әріп таңбасымен таныстық?
- С с дыбыс дауыстыма, әлде дауыссыз ба?
- Кім С с дыбысынан келетін сөздер айтады?
- С с дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
- Буындардан сөздер құрап жіберейік
БА—С, ҚА—С, ТА—С, ЖА—С т.б.
- Сабағымыз аяқталды.
- Мен сендердің ата-аналарыңа «Қуанышты хабарлама» жіберемін
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |