Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Организмнің ішкі ортасы. Қан.


Организмнің ішкі ортасы. Қан.

 Организмнің ішкі ортасы. Қан.

Суттикожанова С.А.

Панфилов атындағы орта мектеп

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қоғалы аулы

 Жаратылыстану пәндерінде интерактивті модульдік оқыту технологиясын пайдалану  арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мен білім сапасын көтеру.

 

Модуль № 6

«Қан», 4 сағат

 

Модульдің құрылымы

Модульдің құрылымы

Сабақ саны

Сабақтың тақырыбы мен түрі

Уақыт

мин.

Кіріспе

1-сабақ

Оқушыларды сабақтың модульдік құрылымымен таныстыру

Әр оқушы алдындағы қойылған мақсаттармен таныстыру

Тақырыпты түсіндіру, тірек-сызба сызу

 

 

3

 

2

 

40

Диалог

2-сабақ

Материалды қорытындылау.

Әр оқушымен жеке тексеру жұмыстарын жүргізу

«Адам мен құрбақа қанының құрылысымен таныстыру»

 

 

35

 

10

3- сабақ

Рольдік ойын «Қан институты»

Топтық жұмыс

 

Қорытынды

4-сабақ

Зачет

45

 

Оқушы білуі тиіс:

- қанның маңызы мен құрылысы;

- қанның құрамы;

- фагоцитоз механизмі;

- қан құю ережелері;

- иммунитет түрлері;

- қан тобын анықтау ережелері;

- егудің маңызы.

Оқушы нені жасай білуі тиіс:

  • Адам қаны микропрепаратын анықтай білуі;
  • Қанның дене тұрақтылығы мен ішкі ортаның қызметіне әсері жөнінде түсіндіре білуі.

Негізгі түсініктер мен терминдер:

Қан, тасымалдау қызметі, гуморальды қызмет, плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, қанның ұюы, фибрин, фибриноген, гемоглобин, О2 қаныққан қан, СО2 қаныққан қан, фагоцитоз, антидене, иммунитет, туа пайда болған иммунитет, жасанды иммунитет, табиғи иммунитет, егу, емдік сарысу, ИТИС,ВИЧ.

№1 сабақ . Қан.

Сабақтың барысы:

  1. Ұймдастыру кезеңі:

Мұғалім сабақты төмендегі модуль бойынша кіріспеден бастауына болады. Қанды көптеген жылдар бойы ең қасиетті күш деп есептеді. Мысалы: Ерте заманда гректер құдайға жылда бір адамды құрбан етіп отырған, қанның жұмбақ сырларын зерттеумен айналысқан.

Қан біздің организмдегі ең негізгі дәнекер ұлпа. Мемлекетті транспорт байланыстарынсыз елестете алмасақ , сол сияқты организмді де қансыз елестету мүмкін емес. Қан тамырлары арқылы қан бүкіл денеге оттегін, су, ақуыз т.б. заттарды тасымалдайды.  Ғылымның дамуына байланысты қанның көптеген қыр-сырын анықтады.

Қанның қызыл түйіршіктері. Қанды зерттеген итальяндық анатом, дәрігер Марцелло Мальпиги қызыл түйіршіктердің /қан клеткалары/ қалқып жүргенін көрген. Оларды қан клеткалары емес май түйіршіктері деп есептеген. Тек микроскопты жасап шығарған голландық Антоний Левенгук оны қан түйіршіктері екендігін анықтап кейін «қан клеткалары»деп атады.

         Неге адам қан көп жоғалтқан жағдайда  тіршілігін тоқтатады, ал дер кезінде басқа адамның қанын құюдың арқасында өмірін сақтап алуға болады? Неге??? Деген көптеген сұрақтарға «Қан» тарауына берілген модульдік сабақ кезінде танысамыз.

  1. Лекция. /тірек сызбалалар қосымша берілген бөліктен көруге болады/.

Қан дәнекер ұлпаның бір түрі.

Қан төмендегідей қызмет атқарады:

  • Қан тамырларынан қан айналу;
  • Оттегін тасымалдау;
  • Қор заттарды жеткізеді;
  • Көмірқышқыл газы шығарылады;
  • Тыныс алуға қатысады;
  • Ас қорыту мен бөліп шығаруға қатысады.

Қан дене температурасын реттейді. Ішкі мүшелерге қанның құйылуынан терінің температурасы көтеріледі. Денеге бөгде заттардың енуінен лейкоцит клеткалары тіршілігін тоқтатады. Соның арқасында ағзаның қорғаныштық қасиеті жүреді. Қан гуморальдық реттелуге және ішкі секреция бездерінің гормондарын тасымалдауға қатысады.

Қан. Қан плазмасымен /50-60%/ қан клеткаларынан /40-50%/ тұрады. Қан плазмасының құрамында: су, ақуыз, майлар, глюкоза, клетканың тіршілік цикліне қажетті қор заттары, , минералды тұздар, ферменттер, гормондар болады. Плазманың құрамы өзгермейді. Қан клеткаларына эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер жатады. Қанның ерекше қасиеттерінің бірі –қанның ұюы,Са тұзының қатысуымен жүреді. Қанға қызыл түс беретін – эритроцит. 1мм– 5 млн эритоциттер болады. Тыныс алу мүшелерінен Обүкіл денеге таратылып, организмнен СО2 шығарады.

Лейкоциттер организмнің қорғаныштық қызметіне қатысады. Қан клеткалары сүйектің қызыл кемігінде, өтте, лимфа түйіндерінде түзіледі. Төрт қан тобы бар. Әр адам өз қан топтарын білуі тиіс.

Лейкоциттердің арқасында организмнің бөгде заттарға қарсы тұратын қорғаныштық қызмте пайда болады. Мысалы: фагоцитоз /ауруды қоздырушы микробтарды жойып отырады/ және антидене қалыптасады.

Иммунитет түрлеріне қарай екіге бөлінеді – туа пайда болатын, жүре пайда болатын. Осылардың арқасында малдың ауру түрлерімен адам ауырмайды. Туа пайда болған иммунитетата-аналарынан тұқым қуалау арқылы беріледі. Жүре пайда болатын иммунитет адамға медицина  саласының адамдары егуден /вакцинация/ пайда болады. Олардың түрлі ауруларға қарсы егілетін түрлері болады. ЖИТС /СПИД/ - жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы. Организмнің иммундық жүйелерін зақымдап ауыр ауру ЖИТС қоздырушысы – вирус. Ол 1983 жылы алдымен Францияда , кейін АҚШ-та бөлініп алынып сипатталды. ЖИТС вирусын адамның иммундық тапшылық вирусы АИВ /ВИЧ/ деп белгілеу қабылданған. ЖИТС вирусы ауру адамнан сау адамға ең алдымен стерильденбеген медициналық инструменттерден, қан құю кезінде, кездейсоқ жыныстық қарым-қатынас арқылы беріледі.

  1. Тірек сызбамен таныстырып, және дәптерге жазу.

Мұғалім тірек-сызбамен таныстырып, негізгі ойын жинақтауға уақыт беріп, дайын болған оқушылар тақтаға шығып жауап береді.

  1. Қорытынды: Жұптық жұмыс: тірек сызба бойынша мұғалімнің түсіндіргенін ауызша айтып береді.
  2. Үйге тапсырма: тірек-сызбаны жаттау. 103-105 беттерді оқу.

№2 сабақ. Өткен тақырыпты қорытындылау.Мұғалімнің дайындаған тапсырмаларын оқулықпен жеке жұмыс жасау.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

  1. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс.

  1. Төменде берілгеннің ішінде адам организмінде қанның атқаратын қызметіне жататынын ата:
    • Құрылыс;
    • Транспорттық;
    • Биокатализдік;
    • Гуморальды реттелу;
    • Тірек;
    • Қорғаныштық,
  2. Адам организміндегі қан құрылысына берілген сызбаны толықтыру:

Қан плазмасы

  1. Қанның түзілуі жүретін мүшелерді ата:
  2. _________________
  3. _________________
  4. _________________
  5. _________________
  6. _________________

4.Анықтамалармен таныса отырып терминдерді жазу:

  1. Қан, тұйық қан тамырлар жүйесімен қозғалып______________________ қызмет атқарады.
  2. Қанның сұйық плазмасын бөліп алған соң __________________ қалады.
  3. Қанның ұюын_____________ қамтамасыз етеді.
  4. Құрамына гемоглобин кіретін ядросы жоқ қан клеткасы ____________.
  5. Лейкоциттердің микробтар мен бөгде заттарды қорытып жоюын __________________деп атайды.
  6. Антиденелерден дайындалатын дайын препарат _____________________.
  7. Жасанды иммунитет тудыратын _______________.
  8. ________________организмді бактериялардан қорғауға қатысады, _____________________ плазмадағы су мөлшерін реттейді, _______________қанның ұюында маңызды роль атқарады.

 

5.1-10 сөздердің ішінен плазма құрамына берілген сұрақтар бойынша жауаптар тізбегінің қажеттісін тап.

  1. Су
  2. нәруыз
  3. майлар
  4. көмірсулар
  5. гемоглобин
  6. ас тұзы
  7. фибриноген
  8. фибрин
  9. қан сарысуы
  10. гормондар мен биологиялық активті заттар.
    • Плазмадағы органикалық заттар
    • Плазманың көп бөлігін құрайтын заттар
    • Қоректік заттар
    • Қанның ұюы қандай заттардың орнына келуіне байланысты
    • Қанның ұюы кезінде түзіледі
    • Тұрақты /9%/ түрде құрамына кіреді
    • Ішектен қан құрамына кіреді
    • Дене клеткасынан қанға енеді
    • Қанға қызыл түс беретін ақуыз
    • Ерімеген ақуыз, жарақаттың қан тамырларын бітейді
    • Қанның ерігіш ақуызы.
  11. Практикалық жұмыс:

Тақырыбы: Адам және құрбақаның қанының микроскопиялық құрылысы.

Құрал жабдықтар: адам мен құрбақа қанының боялған дайын микропрепараттары, микроскоптар.

Жұмыстың реті:

  1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
  2. Заттық үстелшеге адам қанының микропрепараттарын орнатыңдар,

препаратты қараңдар, эритроциттерді тауып, суретін салыңдар.

  1. Зат үстелшесіне құрбақа қанының микропрепаратын орнатыңдар.
  2. Құрбақа қанының эритроциттерін қараңдар және суретін салыңдар. Адам қанының эритроциттерінен айырмашылығын табыңдар.
  3. Адам және құрбақа қанының қайсысы оттекті көп тасымалдайтынын ойланыңдар. Неліктен?

 

 

 

 

Үйге тапсырма: «Қан институты» рольдік ойынға дайындық, тірек-сызбаны оқу. «Лаборотория » тобын құру. 27-33 тақырыптарды оқу, қосымша «Книга для чтения физиологии, анатомии и гигиене человека»25-48 беттер.

№3 сабақ Қан

«Қан институты» рольдік ойын, тақырыпты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. ойын

а/ білімді анықтау

ә/ лаборанттар мен эксперттерді таныстыру-5 мин.

б/ Топпен жұмыстың орындалуы-15 мин.

в/ Лаборанттардың есебі-20 мин.

г/ Қорытынды шығару-5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эксперттердің басшысы тапсырмаларды алып топпен жұмыс істейді- 15 мин.

Одан кейін әр лаборанттар топтары есеп береді. /Әр топ жауаптарына -5 минут уақыт беріледі/. Соңында есеп берушілерден кейін қорытынды шығарып, қосымша сұрақтар беріледі.

         Лабораттардың жауаптары 5 балдық көрсеткіштермен бағаланады және эксперттер мына кіритерий бойынша бағалайды:

  • Қысқашалығы;
  • Нақтылығы;
  • Сендіре білуі;
  • Қосымша материалдар қолдануы;
  • Эмоциялылығы;
  • Терминдерді қолдануы;
  • Өз сөзіне тұра алуы.

Соңында эксперттердің басшысы қорытынды шығарады. Қатысушылар бағаланады. Оларды мұғалім топ құрамына қарай 3-4 оқушыдан тағайындайды. Топтар жұмыстарын жүргізу кезінде олар кеңес берулеріне болады. Сабақтың қорытындысы тірек-сызба түрінде беріледі.

  1. Үйге тапсырма: Зачет сабағына дайындалу. §27-33тірек сызбалар мен терминдерді қайталау.

№ 4 сабақ. Зачет сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұймдастыру.
  2. Тестілеу.
  3. Организмнің ішкі ортасына ......... жатады.

а/ қан және лимфа

б/қан және ұлпа сұйықтығы

в/қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа.

  1. Ересек адамның қан мөлшері:

а/ 3л

б/5л

в/8л.

  1. Қан плазмасы құрамындағы судың мөлшері:

а/ 85%

б/90-91%

в/98%.

  1. мм3 эритроциттер саны /ерлер мен әйелдерде құрамы бірдей/

а/ 3-4 млн

б/4-5 млн

в/4-5 мың.

  1. Эритроциттердің негізгі атқаратын қызметі?

а/ өкпеден оттегін бүкіл ұлпаларға таратады

б/өкпеден оттегін бүкіл ұлпаларға таратып, ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын алып келеді

в/ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын алып келеді.

  1. Гемоглобин ...

а/ жай ақуыз

б/ақуыз емес заттар

в/ құрамына темір элементі кіретін күрделі ақуыз.

  1. 1мм3 лейкоцит клеткаларының саны

а/ 2-3 мың

б/6-8 мың

в/10 мыңнан аса.

  1. 1мм3 тромбоцит клеткаларының саны

а/ 50 мың

б/100мың

в/150-400мың.

  1. І-ші қан тобына қай топтың қанын құюға болады?

а/ тек І- қан тобын

б/ І және ІІ

в/І, ІІ, ІІІ, ІV

Дұрыс жауаптары:1-в; 2-б; 3-б; 4-б; 5-в; 6-б; 7-в; 8-б; 9-в; 10-а.

І- нұсқа

  1. Қан қандай қызмет атқарады?
  2. Емдік сарысу дегеніміз не?

ІІ-нұсқа

  1. Қанның ұюы қандай жағдайда жүреді?
  2. Иммунитет дегеніміз не?

ІІІ- нұсқа

  1. Иммунитет түрлерін ата
  2. Қан топтарының түрлері, Резус-фактор?
  3. Үйге тапсырма: Қан айналым жөнінде қосымша материалдар жинау, танысу.

Тірек сызба

                Транспорттық    тыныс алу         қоректік                қорғаныштық

 

Бөліп шығару                гомеостаз   гуморальдық реттелу       температураның             

                                                                                                            тұрақтылығы

 

 

Қанның құрамы

 

 

50%-60% -плазма                                                               Қан клеткалары

 

Сарысу          фибриноген /ақуыз/      1. эриторциттер-100-120 тәулік /500мың/

  1. лейкоциттер -1-7 тәулік /4-8 мың/
  2. тромбоциттер- 5-8 тәулік /200-400мың/
           
   
 
     
     
 

 

 

 

гепарин               тромб

       
     
   

 

 

                                                  Са2+!

 

 

Қан топтары

          І

 

ІІ                  ІІІ          85%- Rh+

                                    15%- Rh- 

       
       
 

 

 

 

        ІV

 

 

 

Активті                                                  пассивті

/егу/                                                       /сарысу/

 

                               Жасанды

 

 

                             иммунитет

 

 

                                  табиғи

 

 

жүре пайда болған                 туа пайда болған

 

Агглютинация-жабысу

Донор               реципиент

       
       

 

 

             ҚАН

 

 

 

 

 

 

 

     Ине/шприц/

Клеткалық иммунитет             фагоцитоз

Гуморальдық иммунитет: «антидене, антиген»

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлпа сұйықтығы. Лимфа
Думан сайыс
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Жүрек жұмысы
Организмнің ішкі ортасы
Қанның құрамы мен қасиеттері
Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы
Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС
Қан тамырлары. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері
Қан құрамы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 8237 | Қосты: Суттикожанова Сандугаш Айтмуханбето | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык