Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Думан сайыс


Думан сайыс

Сыныптан тыс шара: Думан сайыс

Тақырыбы: Қан айналым жүйесі. Иммунитет.
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қан топтары және резус-фактор туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін, білімдерін дамыту. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Денсаулықты күтуге, оның гигиеналық талаптарын орындауга, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ-жауап, сайыс, әй айту.
Құрал-жабдықтар:  Бейне фильм, слайттар, ән таспа. Белгі. Танометр. Жгут, секундомер, есептеуіш, зер зат құралдары.
Пән аралық байланыс: валеология, тарих, ән, қазақ тілі, орыс тілі пәндері.
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ топқа бөлу. Тапсырмаларды түсіндіру. Топты таныстыру.

Негізгі бөлім:

Саламатсыздар ма. № 43 орта жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларының «Думан сайысына»  қош келдіңіздер!

Бүгінгі  Думан сайысымыз «Қан айналым жүйесі» тақырыбына арналады.

Бұл сайысқа екі топ қатысуға келіп отыр.

Оң қанаттың І топ топ басшысы Ержанова  Әсемгүл.

Сол қанаттың ІІ топ басшысы  Қайыржанов Фархат.

Құрметті топ басшылары қош келдіңдер кезекті сіздің топтармен танысудан бастайық.

Ітоп басшысы: Менің тобымда 8 сыныбының оқушылары Алшын, Даяна, Айым, Сұлтан.

Топтың аты: Білімділер. Топтың ұраны «Білімді мыңды жығар-білекті бірді жығар». Біздің жанкүйерлеріміз оң қанатта.
ІІ топ басшысы: Менің тобымда 8б сыныбының оқушылары Аршат, Дана, Зарина, Самат.

Топтың аты: Зеректер. Топтың ұраны «Білім инемен құдық қазғандай». Біздің жанкүйерлеріміз сол қанатта.

Сіздерге сұрақ қойып думанды жүргізетін  жүргізуші: Гүлбану Ізбасарқызы.

Біздің бүгінгі сайысымыз, 6 айналымнан тұрады. Әр айналымнан кейін сіздерге негізгі жасырын ән ойналады. Сол әнді тауып орындаған топқа қосымша 2 ұпай беріледі.

Сонымен сіздер дайын болсаңыздар І айналымды бастайық.

Ендеше І айналымды ашық деп жариялаймын!

          Ереже: қарама-қарсы тұрған екі ойыншы сайысқа түседі. Екі ойыншыға экран арқылы бір бейне  сұрақ беріледі. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

         Барлығы 5 бейне сұрақ. Қай топтан кім бірінші жалау көтереді сол жауап береді.

1 айналым. Cіздердің қазақ тілі,орыс тілі, биология пәндерінен білімдеріңіз сыналады.

1.Қан  құйылып алынғаннан кейін қандай компонеттерге бөлініп алынады?

2.Антанинаға не себептен салмағын өлшеу тапсырылды?

3.Неліктен қан екі пробиркаға құйылды?

4.Лейкоциттің маңызы неде?

5.Плазма мен эритроцит қандай мақсатта қолданылады?

Жасырын ән табу. Тапқан топқа 2ұпай беріледі.( Е. Қасанғалиевтің «Атамекен» әні). Табылған ән қатысушылармен бірге айтылады.

ІІ айналым. Cіздердің қазақ тіліндегі орфографиялық білімдеріңіз сыналады.Сөздердің дұрыс жазылуын сынға саламыз.

(Арта қалған топ бастайды).

Ереже: Топ мүшелері айтылған сөздің дұрыс жазылуының әріптерін атауы керек.

І топқа  Қоздырғыш

ІІ топқа Әмбебап донор

І топқа  Агглютинация

ІІ топқа Реципиент

І топқа Жұқтырылған

ІІ топқа Қажеттілік

Жаңа сөздіктермен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын ашу керек.

Иммунитет -организмнің оған енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы иммунитет деп аталады.

Агглютинация -эритроциттердің бірігіп қалуын атайды.

Тромбоцит- қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері.

Резус-фактор- ерекше нәруыздық зат.

Әмбебап донор- І топың қаны кез-келген топтағы адамға құюға  болады сол себептен әмбебап донор депаталады

Антидене лейкоциттердің организмге ауру қоздырғыштарының енуіне жауап ретіндегі ерекше нәруыздары.

ІІ айналымның  2бөлімі: Танымды кеңейтіп, тілді байытуға арналған сұрақтар.

Ереже: Бірінші топ басшысы қарсы топқа жасырын сөз айтады және оның үш нұсқалық жауабын береді. Ал қарсы топ оның дұрыс жауабын табу керек. Бір дұрыс жауап бір ұпай.

 

 

1. Лейкоциттердің организмге ауру қоздырғыштарының енуіне жауап беретін ерекше нәруыздар антиденелер түзуі

3. Бала кезде сақтандыратын  әлсіретілген немесе тіршілігінжойган ауру қоздырғыштары  екпе егіледі.

3.Жұқтырылған жануар немесе адам қанынан алынған емдік сарысу.

Сонымен ІІ айналымда маресіне жетті ұпай саны   ----       алда ----- тобы.

Ал сіздер   қарсы топ қапы қалмаңыздар жасырынған әнді табуға тырысыңыздар. Қосымша  2ұпай беріледі. («Балдаурен» әні)

 

ІІІ айналым.  Тарихта ерекше орны бар тарихи тұлғалар беріледі. 1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беріп, осы тарихи тұлғаларды табу керек. Қанша сұраққа дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай беріледі.

1 топ сұрақтары.

1.Нобель сыйлығын алған, фогоцитоз құбылысын ашқан ғалым.  Орыс ғалымы. Иммунитеттің биологиялық теориясын тұжырымдаған.

(И.И. Мечников).

2.Тұңғыш ана тілінде жаратылыстану ғылымы ішінде «Жануарлар» кітабын жазды.    (Халел Досмұхамедов).

3.Қан айналымды ашқан ғалым.    (В. Гарвей).

4.Өте ұсақ қан тамырлары-капиллярларды ашқан.     (М. Мальпиги).

5.Адам қанының топтарын ашқан.     (К. Ландштейнер).

6.Вирустарды ашты.      (Д.И. Ивановский).

7.Жасушаны ашқан ғалым кім?     (Р. Гук)

8. Грецияның ұлы ойшылы.       (Аристотель)

 

 

2 топ сұрақтары.

1.Микроскопты алғаш жасаған кім?      (Галеолей)

2.Фотосинтез құбылысын ашқан ғалым кім?      (К.А.Темирязов)

3.Шешек аурына ем қолданған біртума қазақ шипагері кім?   (Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы)

4.Жануарлар дүниесін зерттеуде үлкен үлес қосқан қазақтың ұлы ғалымы кім?           (Ш.Уалиханов)

5.Бактериялар мен қарапайым организмдерді ашты.     (А. Левенгук).

6.Сілекей бездерінің қызметін, шартты рефлексті ашқан ғалым. (И.П. Павлов).

7. Абай жолы романын жазған ғалым (М.Әуезов)

8. Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, (Абай Құнанбаев)

9.Мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат, қазақ жерлерін біріктірген әйгілі хан.( Абылай)

Жасырын әнді табу ұсынылады. («Достарым» әні)

ІV айналым. Экраннан бейне сауал.   Бейнефильмде сұрақтың кілті бар, соны табу керек.

І топқа ЖИТС инфекциясына есірткінің қандай қатысы бар?

ІІ топқа Не себептен қанның резус факторын анықтайды?

Жасырын ән табу.

V айналым. 2шағын бөлімнен тұрады. І бөлім сенемін және сенбеймін. Оған топ басшылары қатыстырылмайды тек көмекші болады.

Сайсымызды бастайық.

1.Адамдарда қанның 1 2 3   тобы бар сенесіз бе?  сенбеймін.

2.Қан адам дене салмағының 7,7% құрайды сенесіз бе? Ия сенемін.

3.Резус-фактор (Rһ-фактор)-адам мен макака-резус маймылының қанында болатын ерекше  нәруыз сенесіз бе? Ия сенемін.

4.Қан ұйымайтын ауру гемофилия деп аталады сенесіз бе? Ия сенемін.

5.Дүние жүзінде ең сирек кездесетін қан тобы 4 топ сенесіз бе? Сенемін өйткені дүние жүзіндегі адамдардың қанының 5 пайызында осы қан тобы бар және құрамында алтыны бар деп бағаланатын қан тобы.

6.Тромбоциттер.Қан пластинкалары түссіз,домалақ немесе сопақша пішінді ядросы бар жасуша сенесіз бе? Сенбеймін өйткені оның ядросы жоқ.
7.ЖИТС Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы ауру аты сенесиз бе. Ия сенемін.

8.ІV топтың қаннын І топқа құюға болады. Сенесіз бе? Сенбеймін.
9.Фибриноген- плазманың ерігіш нәруызы сенесіз бе? Сенемін.

ІІ бөлім. Көрнекі құралдар арқылы жүзеге асады. 3зат беріледі, соның ішінен сұраққа қатысты нәрсені табу керек.

Осы берілген заттардың ішінен сұраққа қатысты затты тауып берініз.

1. Қан тоқтатуға арналған құрал. (Жгут)

2. Қан қысымын өлшеуге арналған құрал. (Танометр).

Жасырын ән табу. («Қазақ жігіттері» әні)

 

VІ айналым.  Әр топта 4 әріптен бар сол әріптерден 1 минутта көп сөз құрастыру керек. Құрастырылған дұрыс сөзге бір ұпай беріледі.

І топқа

Эротроциттер қанға қызыл түс береді.

Қан неге қызыл? Себебі онда темір атомдары бар.

Қан беретін адам донор деп аталады.

Адамның қаны тамыр арқылы ағады.

Cынық арба итерсенде жүрмейді.

Алтын көрсе жолдан таяр.

Тромб болмаса қан ағады.

Мықты жігіт  қамал алады.

Қызыр келсе үйіңе береке келер.

ІІ топқа.

Ұрлық түбі қорлық.

Кемік қанды жасайды.

Ет-етке сорпа бетке.

Сүрек мықты болса өсімдік өседі.

Екі аяққа бір күрек табылады.

Иесін сыйлаганның итіне сүйек сал.

Би -жүрек жұтқан батыр.

Ұйқының қанық болғаны жақсы.

Ән орындалады. «Қара жорға» әні.

Сонымен жеңімпазымыз  анықталады.  Есеп ------------  -   топ жеңіске жетті. Думан сайысымызды тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Сіздерді құттықтаймыз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Организмнің ішкі ортасы. Қан.
Зерде.
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Организмнің ішкі ортасы
Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС
Елім менің атты танымдық ойыны
Жүзден жүйрік
Елім менің думаны
Қан тамырлары. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері
Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5930 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык