Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Организмнің ішкі ортасы


Организмнің ішкі ортасы

Тақырып: Организмнің ішкі ортасы

Мақсаты: «Организмнің ішкі ортасы» тақырыбын бекіту
Міндеттер:
1.Қанның қызметі, маңызы және құрамы туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.
2.Қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Гигиеналық тәрбие беру.
                                                  Сабақтың өту барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі  –оқушыларды түгендеу, кіріспе бөлімі -5мин
А)тапсырмаларды анықтау
Б)зертханалар  мен  сарапшыларды таныстыру
2.Негізгі бөлім- 30 мин
А)тапсырмаларды орындау (топтық жұмыс) - 15 мин
№1  зертхана  тапсырмалары
«Қанның қызметі мен құрылысы»
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз  канның құрамы мен қасиеттерін зерттеп,анықтауы  керек:
1.Қанның құрамы неден тұрады?
2.Қан плазмасының құрамы қандай?
3.Қан ұюы дегеніміз не? Оның маңызы. Қанның ұю қабілетінің төмендеуі неге әкеліп соғуға  мүмкін?
Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:
Организмнің ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығы,қан плазмасы, қанның формалық элементтері, қан сарысуы, гемофилия.
 
№2  зертхана  тапсырмалары
«Қанның  формалық элементтері»
 
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз  канның құрамы мен қасиеттерін зерттеп,анықтауы  керек:
1.Қанның қандай жасушаларын формалық элементтер деп атайды? Түзілу орны мен  қасиеттері.
2.Эритроциттердің құрылысы қандай? Олар қайда түзіледі? Олардың қызметі неге байланысты?
3.Неліктен биік таулы жерде туратын адамдардың қанында эритроциттердің  саны артады?
      Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:
Эритроциттер, гемоглобин,лейкоциттер, лимфоциттер,тромбоциттер, фагоцитоз.              
                                         
№3 зертхана  тапсырмалары
«Организмнің  қорғаныш қызметі және иммунитет»
 
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз  иммунитет механизімін зерттеп,анықтауы  керек:
1.Инфекциялардан организм қалай қорғанады? (иммунитет механизмі)
2.Антидене (қарсыдене)   және антиген (қарсыген) дегеніміз не?
3.Иммунитеттің қандай түрлерін білесіңдер?
Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:
Иммунитет, антидене, антиген, жұкпалы аурулар.
 
№4 зертхана  тапсырмалары
«Қан құю.Донорлық»
 
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз  канның қасиеттерін зерттеп,анықтауы  керек:
1.Қан топтарын ата.  Оларды қалай анықтауға болады?
2.Қан құюдың қандай ережелері бар?
3.Резус-фактор  дегеніміз не ? Қан құю  кезінде резус-факторды неге назарға алу қажет?
Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:
Қан құю, қан топтары, резус-фактор, донор, реципиент.
 
Тапсырмаларды алып, «зертхана  басшысы»  топта жұмыс ұйымдастырады.
Артынан- топтардың есебі
 
Б) зертхана есебі    - 15 мин
Әр топтың есебі-4 мин
Топтың жұмысын сарапшылар келесі көрсеткіштермен бағалайды:
1.Жинақылық
2.Дәлелділік
3.Жүйелілік
4.қосымша әдебиет қолдану
5.эмоционалды жеткізу
6.терминдерді пайдалану
3.Қорытындылау бөлімі - 5мин
Сабақтың аяғында бас «сарапшы» қорытынды жасайды.(ТС бойынша)
Оқушылардың жұмысын бағалайды 
Үй жұмысы: ТС  қайталау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Организмнің ішкі ортасы. Қан.
Думан сайыс
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Жүрек жұмысы
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС
Қан тамырлары. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері
Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Қан құрамы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4092 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык