Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін»


«Өзімді-өзім танумен өсіп келемін»
«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Пән мұғалімі: Азизова Айман 5-сыныптар
Апта-2 Күн-2 күн Сабақ- 5
Сабақтың тақырыбы: «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін»
Сілтеме: Орта мерзімді жоспар, слайд
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі бағалау түсініктерін кеңейту
Оқытудың мақсаты:
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижелері:
Оқып-үйренуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді.
Ойын еркін жеткізе алатын болады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу белсенділіктері артады.
Өзін-өзі бағалай отырып,сыныптастарын бағалап үйренеді.
Қадамдар:
1-тапсырма
Ой қозғау.
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті
3-тапсырма
Дәйексөз талдау.
4 –тапсырма
Дәптермен жұмыс. 5-тапсырма
Логикалық тапсырмалар
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
• І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты топтастыру,әр түрлі түстер арқылы бөлу;
топқа бөлу, ереже құру
Ой қозғау. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, сабақтың мақсатын түсіндіру сабақтың мағынасын ашу үшін сұрақтар беру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ойын «Таныс болайық»
ІII.Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл-диалог
IҮ. Ой толғаныс.
Әр топқа сұрақ беру арқылы ой қозғау
«Дәйексөз» талдау
Сыни тұрғыдан ойлау –дәлелдеу
АКТ- слайд арқылы оқушыларға ойлау қабілетін дамытуға логикалық тапсырма беру.
Ж-бы: 1-қорапта ақ, 2-қорап: жасыл,
3-қорап:қызыл ,4-қорап: қара
• V. Сергіту сәті.
• ҮІ. Сабақты қорыту.
Жаңа ақпаратпен таныстыра отырып,дәптермен шығармашылық жұмыс беру
Сыни тұрғыдан ойлау- талқылау үшін тапсырма беру
• ҮІІ. Бағалау.
Жүректен-жүрекке «Шаттық шеңбері» оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі және оқулықтағы
Ж. Қалжанованың «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін» әнін шырқайды.
Оқушылар топқа бөлінеді, топбасшысы мен сыныптың ережесін өздері бекітеді
Топ мүшелерін рөлдерге бөлу
(хатшы, басшы, хабарлаушы, тәлімгер)
Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы әңгімелесу жүргізеді
Балалар жеке жұмыс жасайды
Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды
Жұптық және топпен жұмыс жасайды , пікір алмасады
Тапсырманы топта талқылайды
Слайд бойынша көрсетілген жұмбақтың жауабын іздейді
Барлық топтар сергіту жаттығуын жасайды
Жазбаша жұмыс орындайды
Криптограмманы шешу арқылы «өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзін оқиды
Сабақты қорытындылап, аяқтау мақсатында шеңбер құрып, оқулықтағы Ә.Орманшинаның «Мен де өсіп келемін» өлеңін хормен айтады.
Оқулықпен жұмыс
АКТ, слайд арқылы оқулықтағы сұрақтар беріледі.
1. Өзіңді-өзің таны дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Өзін-өзі тану «сарқылмас қазына» деуге бола ма? Неліктен?
Оқулықтағы «Таным тағылымы» аңыз-әңгімесін диалог бойынша оқу
Топтарға тапсырма беру
1 топқа сұрақ. Егер сендер сиқыршы болсаң,дар қандай үш тілек тілер едіңіз?
2 топқа сұрақ. Сендерде көп ақша болса, не нәрсеге жұмсар едіңіз?
3 топқа сұрақ. Егер сендер ата-анаңыздай үлкен болсаңдар, бірінші кезекте не істер едіңіз?
4 топқа сұрақ. Жаныңдағы достарыңа не үйрете аласыңдар?
5 топқа сұрақ. Сендер өскенде қандай адам боламыз деп есептейсіңдер?
Аудиотаспа арқылы дәйексөздер тыңдалады:
«Егер сен есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, ең болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!» Абай.
«Дүниеде ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну»
Әл-Фараби.
Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқып бере отырып,дәптермен жұмыс жасауға нұсқау беріледі. Бір күніңе есеп жазу
VIII.Үйге тапсырма Балалар сыни тұрғыда ойланып, сұраққа жауап береді.
Мәтінді оқушылар рөлге бөліп оқиды. Берілген сұрақтарға топ болып жауап береді.
Топтасып жұмыс жасайды
Дәйексөзді талдау үшін «жақсы мен жаман» туралы Венн диаграммасы арқылы салыстыру жүргізеді. постермен қорғау.
Өзін-өзі тәрбиелеп үйрену үшін дәптеріне бір күніне есеп беретіні туралы эссе жазады.
Өзін-өзі тану дәптеріндегі 1,2 тапсырмаларды үйде орындап келу
Рефлексия :Смайликтер арқылы, т.б.
Бағалау : Топ басшысы бағалайды. Бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалайды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Сабақ тақырыбы және мазмұны
Біз осындай баламыз 2-сынып
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Саясат және билік
Алғашқы ұстазым
Мен соғысты жек көрем!
Рационал сандарды бөлу
"Адам және отбасы" 9-сынып Өзін-өзі тану
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 10454 | Қосты: Азизова Айман Хожагалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык