Мылтыкбаева Гулрайхан Оразбековна
ОҚО Ордабасы ауданы
Жамбыл атындағы жом
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлау» модулі қалай кіріктірілгендігі туралы есеп.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» - деп Strong, Ward & Grant атап кеткендей мұғалім мектептің жүрегі болуы тиіс деп есептеймін.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған.
Осы орайда, Елбасы Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеу, батыл шығармашылық іздену , оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру талап етілді. Бұл жолда жаңа технологиядан пайдалану тиімді екені анықталды.
Жаңа технология деп отырғанымыз – дамыған мемлекеттердің оқу саласында қолданып отырған технологиялары. Осы ретте, оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері қамтылған жеті модулді Бізге ұсынып отыр:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
• Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
• Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
• Талантты және дарынды балаларды оқыту
• Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
• Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Жоғарыда аталған жеті модульдің бірі – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. «Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту». (Нұсқаулық-13 бет).
«Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Нұсқаулық -49б.)
Өзімнің төрт тізбектелген сабақтар топтамама сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ендіруімнің мақсаты – оқушыларға білімді өз бетінше іздендіру; өзінің айтқан ойын дәлелдеу; ой тұжырымдау; жеке, топпен жұмыс істеуге бейімдеу; оқушылардың оқуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Мұнда оқушы тек еркін пікір жүргізіп, айтып қана қоймай, өз ой-пікірін қағазға түсіреді немесе суреттейді. Жалпы алғанда, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің ең тиімді әдісі – негізгі идеяны суреттеу. Мұнда мұғалім тарапынан сабақтың тақырыбы мүлдем айтылмайды. Сол тақырыпқа байланысты тапсырмалар береді. Оқушылар тапсырманы орындау барысында жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Және қосымша сурет бойынша өз ойларын жазып, сызу да беріледі. Бұл жерде әлгі сурет бойынша баланың ойы сан жаққа кетуі мүмкін. Тақырыпқа сай келмеуі де мүмкін. Алайда бала ойланды. Ойын дәлелдейді.
Баланың ойы біткеннен соң мұғалім сурет ненің суреті екендігін айтып, жаңа сабаққа оның қандай қатысы бар екендігі түсіндіреді.
Негізгі идеяны суреттеу әдісін төменде көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасына түгел қолдандым:
• «Қазақстан ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту ісі»
• «Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының аса көрнекті жазушысы»
• «Шоқан Уәлиханов қазақтың ағартушы ғалымы»
• «Ұлы ақын Абай өмірі».
«Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту ісі» атты бірінші сабағымның мақсаты - оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында жаңа тақырып туралы сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру. СТО-ң мағынаны тану фазасы бойынша жаңа сабақты миға шабуыл арқылы бастадым. Сабақтың негізгі идеясын ашу мақсатында оқушыларға интербелсенді тақтадан медресселер мен мектептер жайлы бейне ролик көрсеттім. Оқушылар қазақ халқының бұрынғы уақытта тәлім мен білім алған оқу ордаларымен танысты. Сол уақыттағы ағарту саласының тірегіне айналған медресселер мен мектептер жайлы өз пікірлерін айтты. Суретке қарап өз ойларын жүйеледі. Және де тапсырманың орындалу деңгейін, қойылатын бағаның әділ болуы үшін бағалау критерийлерін ұсындым.
Оқушылар тапсырманы керемет орындады. Өздерінің бұрын алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстырды. Яғни қазақтың бас ақыны Абайдың «Ахмет Риза» медрессесінде оқығанын баяндады. Ыбырай Алтынсариннің қараңғы қазақ даласында тұңғыш білім шырағын жаққан тұлға екенін нақты жеткізді. Яғни оқушылар бейне роликтен жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Сурет бойынша оқушылардың ойы сан жаққа кетті яғни, оқушы сыни тұрғыдан ойлана білді. Бірінші топтың жұмысын «жақсы» деген бағаға бағаладым. Екінші топтың жауабына «Орта деңгей» деген баға қойып, ал үшінші топқа ынталандыру мақсатында «Білімді топ» деп ынталандырдым. Оқушылар сурет арқылы әсер алып, шығармашылық қабілеттері артып, тақырып бойынша алған мәліметтерін инсерт әдісімен өздеріне түртіп алды. Тақырыпты өту барысында сыныптың құрамында жан-жақты әрі дарынды оқушылардың бар екенін білдірді. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін Абдуғап Ұлан есімді оқушым нақышына келтіріп, әдемі әсермен оқып берді. Ұлан бұрын алған білімін жаңа сабақта сәтті пайдаланып, шығармашылығымен бөлісті:
Міне осылай, бірінші сабағым өз мақсатына жетті.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша екінші жоспарлаған сабағымның тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының аса көрнекті жазушысы» болатын. Сабағымның мақсаты: «Ыбырай Алтынсариннің қазақ ағарту саласында алатын орнын, оқудағы жаңа тәсілдер арқылы меңгерту. Оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру және теориялық білімдерін шыңдау. Жаңа сабақты оқушыларға ДЖИКСО әдісі бойынша меңгертіп болған соң, тапсырма ретінде шығармашылық жұмыс жасаттым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, мәтін бойынша постер қорғаттым. Мәтінді үш топқа бөліп бердім және сол мәтіннің мазмұнына қарай тақырып қоюды тапсырдым. Мысалы: бірінші топ – «үздік педагог» деген тақырып қойып, автордың педагогика саласына сіңірген еңбектерін сомдаған; екінші топ – «Ыбырай салған із» тақырыбында ағартушының келешек ұрпаққа қалдырған сара ізін көрсеткен және оны өздерінің білім алу жолындағы мақсаттарымен байланыстырған; үшінші топ – Ыбырай Алтынсаринді «Мәуелі ағашқа» теңеп, оның әрбір еңбегін мәуеге ұқсатқан. Оқушылар постерді қорғау арқылы ойларын жүйеледі, көшбасшы болуға талпынды. Сонымен қатар, дарынды және талантты оқушыны анықтау үшін «Ұстаз» ролін сомдауды ұсындым. Тапсырманың орындалуына 5 минут уақыт бердім. Оқушылардың уақытпен санасуы үшін әр топ үстеліне құмсағат қойдым. Бірінші болып екінші топ өз жұмысын аяқтады. Олар өз тапсырмаларын, яғни «Ұстаздың» ролін кітап ұстап тұрған ұстаз бен тәлім алып тұрған шәкіртті бейнеледі. Ол көріністен ұстаз бен шәкірттің бойындағы оқу-білімге деген құштарлығын байқатты. Екінші топ өз жұмысын «өте жақсы» деген баға критерийлеріне сай қорғады. Одан әрі бірінші топ өз жұмысын қорғады. Бұл топ «Ұстаз» тақырыбын оның бойынан табылатын негізгі қасиеттің бірі әділетсіздікке жаны қас тұлға екенін Ыбырайдың өмірімен байланыстыра сомдады. Бұл топтың еңбегін «жақсы» деп бағаладым. Үшінші топ – ұстаздың бейнесін оқулық жазып отырған, берешегі бізге құнды дүние қалдырған адамның болмысын көрсетті. Осы топтың көрінісін алдағы уақытта тағы да ынталануы үшін қол соғу әдісімен ауызша марапаттадым. Бұл іс-әрекеттен кейін, оқушылардың Сыни тұрғыдан ойлауға біршама дағдыланып қалғандарын байқадым. Осы топта мінезі ауыр, әрі тұйық оқушы бар еді. Сабақта үнемі үндемей отыратын, қол көтеріп, сабақ айтуға талпынбайтын. Сол оқушы қасыма келіп, қосымша шығармашылық жұмыс орындағанын баяндап, бір парақты үстеліме қойып кетті. Параққа үңіліп қарасам, әдемі ғана ұйқасқан өлең шумағын жазыпты.
Мен бірден түсіндім, оқушы өзі ынжықтау болғандықтан, құрастырған өлеңін топтағыларға көрсеткісі келмеген. Немесе сыныптастарынан ұялған болуы да мүмкін. Жаңа сабақты бекітіп болған соң, рефлексия барысында оқушыларға «Бүгінгі сабақ несімен ұнады?» - деп, сұрақ қойдым. Оқушылар тақырыптан күшті әсер алдық, әсіресе драмалық көрініс көрсеткенде қатты шабыттандық»- деді. «Ондай болса, өздеріңдей тебіренген, шабыттанып, өлең шығарған үшінші топ мүшесі Бердібеков Мұхаммедті ортаға шақырып, сол өлеңін өзіне оқыту арқылы мен бүгінгі сабақты аяқтағым келіп тұр»- дедім. Мұхаммед өлеңін оқыды. Талантты оқушының тобын қол соғу арқылы ерекше марапаттадық. Оқушылар таң қалды. Кей біреулері құттықтап жатса, кей біреулері келесі сабақта бізбен бірге бір топ болса деп қызғаныштарын білдіріп жатты. Сабақтың алға қойған мақсатын оқушылар түгел орындады. Негізгі идеяны шабыттана суреттеді.
Үшінші сабағым «Шоқан Уәлиханов қазақтың ағартушы ғалымы» атты тақырыбында өтті. Сабақтың мақсаты – Шоқанның құнды дүниелерінің тарихын АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы таныстыру және қазақ мәдениеті мен тарихынан алатын орнын айқындау. Оқушыларды өнерге баулу. Сабақты Блум таксономиясына салдым. Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушылар ғаламторды қолданып, Шоқанның еңбегі жайлы ізденді. Негізгі танымал «Абылай», «Қашқарияға саяхат» және «Манас» еңбектерімен таныстырдым. Ол дүниелерінің ағарту саласындағы құндылығын сипаттадым. Шоқанның орыс ғалымдары, оның ішінде Достоевскиймен достығы туралы бейне роликті тамашалаттым. Оқушылардың жаңа сабақтан алған мәліметтерін постер арқылы қорғаттым. Әр тапсырманың орындалуына 5 минуттан уақыт берілді және тапсырманың орындалу барысына бағалау критерийінің ресурсын әр топқа жеке-жеке ұсындым. Бірінші топ – Шоқан Уәлихановтың білімге қадам басу сәтін - теңіздегі еріксіз жүзіп жүрген балыққа теңеді. Бұл топ жаңа сабақтан алған әсерін осындай бейнеде жеткізіп, сөздік қорларының (Арыстанбек Сара) мол екенін байқатты. Топ «өте жақсы» деген бағаның критерилеріне сай жұмыс жасады. Екінші топ – Шоқанның бейнесін қараңғы түндегі жарық айға теңеп, оның еңбектерін жарық сәулелеріне балаған. Бұл теңеуден Шоқанның қазақ тарихында, сонымен қоса ағарту саласында оның жарық сәуле екенін көрсете білді. Оқушылардың шамалары келгенше беріліп орындағандарынан пәнге, өнерге деген қызықушылықтары артқанын байқадым. Жалпы осы топтың еңбегін «жақсы» деген бағаға лайық деп бағаладым. Үшінші топ өздерінің постерін Шоқанды «аққан жұлдызға» теңей отырып, бейнелегенін баяндады. Және постер қорғауды топтағы аз сөйлейтін оқушыға тапсырғанын айтып, оны сөйлеуге дағдыландырып жатқандарын мәлім етті. Оқушы постерді қызығушылықпен қорғап, ықыласпен талпынды, бойындағы сөзге, өнерге деген жылы құштарлық сезімдерін жеткізді. Бүгінгі сабақтың негізгі идеясын Шоқанның зерттеу еңбектерінің құндылықтарын сипаттау арқылы аяқтады.
Жоспарлаған төртінші сабағымның тақырыбы: «Ұлы ақын Абай өмірі» болатын. Мақсаты: Ұлы Абайдың өмірін, өнерін және құнды дүниелерін меңгертуде оқушылардың шабытын арттыру арқылы сыни көзқараспен қарауға дағдыландыру. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде бүгінгі жаңа сабақты өткен тақырыптармен байланыстыру мақсатында сыныпты «Ыбырай ауылы», «Шоқан ауылы», «Абай ауылы» деп үш топқа біріктірдім. Әр топ өздерінің топтарын қорғау мақсатында автордың бір еңбегінен үзінділер оқыды. Онда оқушылар өткен сабақтардан алған білімдерін ұтымды қолданып, бір-бірінің пікіріне ден қойды. Жаңа сабақтың бөлімін ақын Абайдың өмірінен сыр шертетін слайд шоу көрсетумен бастадым. Оқушылар слайдтан данышпан Абай жайлы қысқаша мәлімет алып, өз білімдерін толықтырды. Одан кейін оқушылар ДЖИКСО әдісімен берілген мәтінді қорғады. Автор жайлы алған білімдерін жан-жақты талқылады, өзге топтардан қойылған түрлі сұрақтарға қосымша жауап берді. Бір топтан дарынды және талантты баланы топ мүшелерінің өздері анықтап, Абай бейнесін сомдау үшін талантты оқушыны топтың атынан шығарды. Аталған оқушы Абайдың роліне кіріп, ақынның талапты іздеген шәкіртке арнап айтқан «Ғылым таппай, мақтанба!» өлеңін Абайша оқыды. Бойындағы ерекше қасиетін көрсете білді. Келесі тапсырманы өткен үш тақырыпты бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, қорытынды ретінде алған білімдерін жүйелеуді ұсындым. «Құмырсқа» бейне ролигін көрсету арқылы алда берілетін тапсырмаларды топтасып орындағанда ғана жетістікке жететінін ұғындырдым. Жаңа тақырыпты пысықтауды асық лақтыртып, Кубизм әдісінің негізінде жасаттым. Оқушыларды дебаттың шарттарымен таныстырдым. Асықты оқушылар лақтырады, түскен бетіне қарап, шарт бойынша орындайды. Тапсырма үш топқа да жалпы берілді. Асықтың төрт жағына: салыстырыңыз, суреттеңіз, жаңалық ашыңыз және ойыңызды мәлениетті сөйлеу арқылы жеткізу секілді шарттарын қойдым. Ноутбукте талқыланатын тақырыптарды бердім. Оқушылар тапсырманы жақсы деңгейде орындап шықты. Сабақтың «өнер» бөлімінде оқушыларға шығармашылық тапсырма берілді. Яғни әр топтан ұстаз шығарып, қорғату. Бұл жерде Шульманның ілімі бойынша оқушылар басындағы білімдерін іс-тәжірибеде қолданып көреді. Қолдың іс-әрекеті арқылы алған теорияларын дәлелдейді. Серінің бойында бар қасиеттерді саралап, өзінің бойынан көрсетуге тырысады. Топ-топ болып, бір-бірімен жарысады. Бірінші ұстаз «Ыбырай ауылы» тобынан шықты. Ол топтың көшбасшысы – Асылбек Нұрсұлтан деген оқушы еді. Ол асықты лақырып, «салыстырыңыз» беті бойынша Ыбырайды Абай және Шоқанмен жан-жақты салыстырды. Екінші болып «Шоқан ауылынан» топтың белсенді оқушысының бірі – Арай есімді қыз шықты. Ол асықты лақтырып, түскен беті «суреттеңіз» бойынша үш тұлғаның ішкі және сыртқы қасиеттерін суреттеді. Әр автордың өзіне тән белгілерін еңбегімен ұштастырды. Үшінші «Абай ауылы» асық лақтырып, шарт бойынша «жаңалық аш» бетін қорғады. Қорғаған оқушы Қалдарбек Айнұр мені қатты таң қалдырды. Алғашқы «ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту ісі» атты сабағымда миға шабуыл ретінде қазақтың ағарту саласындағы қайраткерлер жайында бейне ролик көрсетіп, оқушыларға мәтін құратқанмын. Осы тапсырма оқушылардың есінде қалып қойған екен. Міне осыны сәтті пайдалана отырып, Қалдарбек Айнұр жаңалық аша білді. «Абайдың адамдық әлемі» тақырыбында ой айтылмағанын алға тарта отырып, келешекте осы тақырыпты одан әрі зерттеуге лайық екенін баяндады. Осы төрт тақырыптың шеңберінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және пысықтау мақсатында «Оқу, білім біз үшін» тақырыбында эссе жаздырдым. Эсселерімен таныса отырып, оқушылардың төрт сабақтан алған білімдері мен әсерлерін байқадым. Бастысы, түрлі әдістердің көмегімен олардың пәнге деген қызығушылықтары артқанын білдім.
Қорытынды Жалпы төрт сабағыма сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін кіріктіріп, оның ішінде «негізгі идеяны суреттеу» әдісін тапсырмаларды орындату барысында да тиімді пайландым. Сабақтың сәтсіз жағы - оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындағанда уақытты тиімді пайдалана алмай қалды. Бұл кемшілікті келешекте оқушылардың бейімделуіне байланысты түзетуге болады деп ойлаймын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2690 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |