Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.


Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына  Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені  туралы рефлексивтік есеп.

  

           Сыни  тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педогогикалық түсінік.  Бұл модульдің   оқушылар үшін де мұғалімдер  үшін де сыни тұрғыдан ойлауды, дамытуды көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.[1.49б]

         Бір  айдан  кейін   алған теориялық  бiлiмiмiздi тәжірибе  жүзiнде жүзеге acыру үшiн мектепке келдім. Бағдарламаның жеті модульін ықпалдастыра отырып  ортa мерзiмдi caбaқ жоcпaрымды құрдым. Сол модульдердің ішіндегі   сыни тұрғыда ойлатуға үйрету модульіне тоқталғым келеді. Сыни тұрғыда ойлаудың дағдылары төмендегідей  бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация арқылы сипатталады. Себебі осы модуль  тарих пәнінің мұғалімі ретінде  пәнге  жақын келеді  деп ойлаймын. Өйткені оқушылар сабақ барысында деректерді  ойлайды, талқылайды, зерттейді.  Мен  бұған дейін  сыни тұрғыдан ойлау туралы курстарды оқыған жоқпын, бірақ осы курс барысында  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульімен таныса отырып   бірнеше сабақтарымда   пайдалануға  бел будым. Осы модульді қолдану барысында менің түсінгенім оқушылар өз беттерімен білім алуға тырысты, өздерінше қорытынды жасап  және терең ойлай бастады.

      Мен 7"В" сыныбында "Қазақ халқының мәдениеті " деген тақырыпта сабағымды өткіздім. Мақсатым: Қазақ  халқының мәдениетінің түрлерін ажырата отырып,ерекшеліктерін  салыстыруды үйрету. Бұл  сабақта қазақ халқының мәдениеті туралы бейнебаянды  көрсеттім. Бейнебаянды көрсеткеннен кейін  "миға шабуыл"  әдісі арқылы "қалай ойлайсыңдар  бұл бейнебаян не туралы?", "бұл бейнебаянды неліктен көрсетіп отырмын?","бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?" деген сұрақтар қоя бастадым. Себебі  мұндай сұрақтарды қоя отырып  сын тұрғысынан ойлатуды   дамытуды көздедім. Сұрақтар дұрыс қойылса оқушылардың ойлау деңгейіде артады. Бұл  сұрақтарға  көптеген оқушылар С деңгейдегі  І,   Қ,  Н секілді белсенді оқушылар бірінші қол көтеріп жауап берді. Сөйтіп бүгінгі сабақ тақырыбын айқындап алды. Оқушыларды  жұп-жұпқа бөле отырып тақырыпты оқуға тапсырма бердім. Ары қарай  сыни тұрғыдан ойлаудың  ББҮ стратегиясын  тақырыптың  мағынасын ашу үшін орындаттым.  ББҮ кестесін оқушылар жеке өз беттерімен толтырды. Олар мәтінмен таныспай тұрып  мәдениет туралы бірінші  "Білемін" және екінші "Білгім келеді"  деген жолдарын өз беттерімен толтырды.  Мәтінді оқу   немесе талқылау барысында оқушылар үшінші  "Үйрендім" жолын толтырды.

 

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәдениеттің екі түрі бар

Материалдық және рухани мәдениет

Мәдениеттің  қандай ерекшеліктері бар екенін.

Мәдениетті түріне қарай ерекшеліктерін айыра білуді

 

Оқушылар  бұл кестені толтырған кезде тек қана кітапты және қосымша  интернет материалдарын пайдаланды.  Ал  сыныптағы А деңгейдегі  Б,  А сияқты оқушылар  тапсырманы орындаған  кезінде  қиналды. Себебі бұрынғы дәстүрлі оқуда ол оқушылар тек мұғалімнің көмегі арқылы оқып жүрді. Сондықтан оларға  кестенің бөлімдерін  толтыру  туралы түсінік  бердім. Оқушылар  сабақ барысы кезінде осы кесте арқылы толық мәлімет алды. Оқушылардың тақырып туралы түсініктерін  дамытып, ойларын кеңейту  үшін әр топқа  келесі шығармашылық, бірінші топқа - материалдық мәдениет, екінші топқа - рухани мәдениет туралы постер қорғау, ал үшінші топқа интернет материалдарын пайдалану арқылы  қазіргі мәдениеттің ролі тақырыбында тапсырма бердім. Жигсо әдісі арқылы оқушыларды қозғауға салып, тапсырманы түсіндіруге бағыт бердім. Бұл жерде үшінші топтың оқушылары жасаған жұмыстары өте ерекше болды, себебі тапсырма бойынша олар бұрынғы мәдениетті қазіргі мәдениетпен салыстыра отырып өздерінше зерттеу жүргізіпті.  Мысалы: бұрынғы киіз үй мен қазіргі үйлерді, көліктерді, киімдерді қазіргі заманмен салыстырып, бейнелеп постер қорғады.  Нұсқаулықта  Мерсер (2000) сипаттағандай оқушылар білімді бірлесіп алуға немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып  табылады деген екен.(1.40) Шынымен де топтық  жұмыстарда оқушылардың  пікір алмасқанын  Мерсердің  сипаттамасын көруге болады екен. Сөйлеуі қиын, сыныпқа араласа алмайтын оқушының да өздерінің сурет салуда шығармашылық икемділіктерін көрсетуге тырысты.  Бұл тапсырмада топ ішіндегі көшбасшылар анықталды сондай-ақ ақпараттық технологияны меңгергендіктерін көрсетті. Мен бұл тапсырмада  оқушылардың   сыни тұрғыдан  ойлауын және шығармашылық қабілеттерін  анықтадым деп ойлаймын. Одан кейін сабақтың  қорытындысында әр топтан микрофон әдісі арқылы тақырып туралы түйінді ой  айтуға тапсырма бердім. Бұл жерде  С деңгейдегі  Н, М, Г, В деңгейдегі Қ секілді оқушылар ойларын айтып қорытынды жасады. Бұл жерде топ көшбасшыларын  байқадым.  Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек ( Wolf and Alexander,2008) (м.51) деген нұсқаулықтағы осы сөзді оқи  отырып,  Ж және  Н  деген оқушыларыма "Ұлттық тағамдар және оның маңыздылығы " тақырыбында таныстырылым жасауға тапсырма бердім. Бұл таныстырылымда ұлттық тағамдардың ішінде қымызға аса мән беріп және қазіргі кезде қалай өндірілетінін, пайдасын айтып қорғады.  Бұл тапсырманы орындау кезінде көп жұмыстанғаны көрінді. Жалпы таныстырылымның көрнекілігі және мағыналылығы ерекше болды. Менің ойымша тапсырмаларды бере отырып  оқушыларды сыни ойлаттым  деп ойлаймын. Бірақта осы сабағымда  Б, А, М. сияқты   оқушылар үндемей қалды. Олар белсенді оқушылардың тасасында қалып қойды ау деген оймен келесі сабағымда оларды ортаға қосып, сөйлетуге тырыстым.

        Келесі өткізген сабағымның тақырыбы: "Қазақ халқының  шығармашылық  дәстүрі". Бұл  сабақта  жаңа сабақтың тақырыбын  анықтауда ой  қозғау  сұрақтарын  қойдым . Әр топқа "ақын",  "жырау",  "қазақ халқының музыкалық аспаптары" деген сөздер жазылған бетшелер тараттым.  Сол  бойынша оқушылардың топ болып ақылдасып,топтың  әрбір оқушысы  осы сөздер арқылы өз түсініктерін айтуын тапсырдым. Бұл тапсырманы бере отырып,  біріншіден  сол сөздер арқылы сыни ойлауға және сөйлеу мәдениетін дамытқым келді. Екіншіден топ ішінде үндемейтін оқушыларды да сабақ барысына қосқым келді. Бұл жерде топ басшылары өзінің тобындағы мүшелеріне тапсырманы орындауға көмектесті. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын  дамытады(1.28б)  деген сөзін  мен осы тапсырманы берген кезде түсіндім. Топ басшысы  І. С деңгейіне жататын өзінің  тобындағы А деңгейдегі  А-ға берілген тапсырма бойынша көмектесті. А-да  бұрын ондай тапсырманы орындау туралы  ой  болмағасын ба аздап  қысылып қалды, бірақта  өзіне артылған сенімді ақтағысы келді ме ең алдымен  жауап  берді. Әр топ  бұл тапсырманы  бірлесіп, ұйымшылдықпен орындап шықты. Одан кейін әр топқа тақырыптың мағынасын ашу үшін тақырыпты оқи отырып, постер қорғауға шықты.  Бірінші топ мүшелері Ж,  Г,  Б,  А.   ақындардың  қызметі  туралы  айта отырып музыкалық аспап домбыраның суретін салып, оны  үшінші топтың тапсырмасымен байланыстыра отырып айтқандары мен үшін жаңалық болды, себебі бұл жерде оқушылардың шығармашылығы мен сыни ойлай алатынына көзім жетті.  Үшінші топқа мүшелері  Б , Н,  Г.  және Н. деген оқушылар  ұлттық  музыкалық аспаптардың  суретін интернет материалдарын   пайдалана  отырып  әр түрлі түске келтіріп салды және олардың қолданылуы туралы мәлімет айтып, екі топтың тапсырмасымен байланыстырып, қазіргі кезге дейін қолданыста жүргенін дәлелдеді. Олар кейбір музыкалық аспаптар  ақындар мен жыраулардың  өмірлік  жолдасы болғанын және сол арқылы өздерінің өнерлерін көрсеткенін айтты. Бұл жерде  оқушылардың  терең ойлайтындарын  және қабілетті  оқушылар екенін байқадым. Барлық топтарда  тапсырманы  орындау  кезінде  Мерсердің  айтуынша  зерттеушілік әңгіменің жүргізілгенін байқадым.

        Келесі  берген тапсырмада оқушылардың   жеке жұмыс жасауына бағыттадым. "Ойлан, тап", аталатын  тапсырмада  мәтіндегі қалып қойған сөздерді табуға тиіс болды. Бұл тапсырманы орындау оңай болды себебі оқушылар мәтінді оқыған кезде мағынасына қарай сөздерді дұрыс таба білді. ""Сәйкестендіру"  тарихи  тұлғалар мен оның шығармаларын сәйкестендіруде   оқушылар аздап  қиналды. Демек оқушыларға  сыни ойлауға итермелейтін тапсырмаларды көбірек беруім керек  деп  шештім. Одан кейін сөзжұмбақ шешуге бердім. Сөзжұмбақ  шешуде  алғашқы үш  домбыра,  дауылпаз,  дабыл  сөздерін  көп сөйлемейтін А.  тез тауып айтты. А. бұл үш сөздің байланысы  қандай деп сұрақ қойып едім, ол аздап ойланып, бұлар бүгінгі өтіп жатқан  музыкалық аспаптар деп жауап берді. Бұл жерде мен өзімнің сабақты жоспарлаған кездегі үндемейтін оқушыларды сабақ үдерісіне қоса отырып, сөйлеу мәдениеті мен сыни ойлауды  дамыту жөніндегі мақсатыма аз да болса да жеткенімді байқап,  қуанғандай болдым.  Сабақты қорытындылағанда "ыстық орындыққа" оқушыларды шақырдым. "Ыстық орындықта " отырған оқушыға сұрақтар қойылатынын айттым.  Ең бірінші сыныптың С деңгейдегі оқушысы   Ж. ыстық орындыққа отырып, түрлі сұрақтарға жауап беріп отырды.  Оқушы мен оқушы арасындағы сұрақтар қою арқылы диалог қалыптасты.  Ж. ойланып жауап беріп отырды, арасында түсініксіз сұрақтар  қоймаңдар деп ескерту жасап қойды. Оқушылар сұрақ қойған кезде таласып қалып жатты. Одан кейін Б.  шығып сұрақтарға жауап бере бастады. Сыныпта сөйлемейтін  Д, А да ыстық орындыққа отырып,  бір, екі  сұраққа жауап берді. Оларды бұрын тақтаға шығарып сөйлете алмайтынмын.  Тек жазбаша тапсырма беріп қана шектелетін едім. Кері байланыста олардың  "ыстық орындыққа"  отырған қызық екен деп жазғандарынан сөйлемейтін оқушыларды түрлі әдіс-тәсіл арқылы сөйлетуге болатынын түсіндім. Мен оларды сөйлете отырып, аздап болсада ойлануға жағдай жасадым деп ой түйдім. Жалпы бұл сабағымда оқушыларды сыни ойлауға қадам жасадым  деп ойлаймын.  

             Келесі  сабағымның тақырыбы:"16-17 ғасырлардағы тарихи шығармалар". Үй тапсырмасын сұрағанда "бүктеме" әдісін қолдандым. Бұл әдіс арқылы бір-біріне сұрақ қою арқылы  оқушылардың ойлау деңгейлерін  және жауапкершіліктерінің  қандай екенін байқадым.  Бір бет парақшаны таратып, бүктеме жасаттым, әр бүктелген жерге  үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды жазуды ,одан кейін жауап жазуға орын тастауды түсіндірдім. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін жинап алып, қоржынға салып араластырып, бір-бірден суырттым.  Оқушылар арасында таңданысты байқадым. Тездетіп сұрақтарды оқып, ойланып жауап жазуға кірісті. Одан кейін жауап жазып үлгере алмаған оқушыларға үйге алып кетіп жазуды тапсырдым, келесі сабағымда сол оқушылар бүктемені жолдастарына тапсырып жатқанын байқадым.  Кейбір оқушылар сұрақ қиын екен десе, кейбіреулері оңай екен деп, үй тапсырмасын дұрыс оқымаған екенмін деп кері байланыста ойларын жазыпты, бұл жерде оқушылардың өздігінен оқуға реттеліп келе жатқандарын байқадым.

              Сабақтың  келесі бөлімінде оқулықпен жұмыс бердім. Бұл жерде "ақпаратпен алмасу" әдісін қолдандым. Бірінші   топқа мәтіндегі бөлім бойынша  тірек сызба жасауды, екінші топқа тарихи шығармаларға талдау жасауды және үшінші топқа екі топқа мәтін бойынша "Стикердегі диалог" құруды және  тілші ролінде сұрақ қоюды тапсырдым. С деңгейдегі  Ж  мен   Г біздің болашақтағы  таңдаған мамандығымыз тілші болу, жақсы  болды  деп қуанып кетті. Әр топ жұмысын бақылап жүріп, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды жүйелі, ақылдаса отырып және бұрынғыдай емес барлық оқушы қатысатындықтарын яғни әр оқушының өздеріне берілген жауапкершілікті түсініп  мұқият орындайтындықтарын білдім. Мысалы екінші топтағы А деңгейдегі  А-ның кітаптағы тарихи тұлғаның суретін әдемілеп салып жатқанын көріп, "неге салып жатырсын?" деп едім, осы тұлғаның еңбегі туралы айтамыз деді, яғни топтық жұмысқа үлес қосқанын көрдім. Тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтан басшысы шығып, топ-топқа өз жұмыстары туралы түсінік берді.Үшінші топ мүшелері тілші, бағалаушы, түсіруші болып әр топқа өздерінің стикердегі диалогтарын қойды. Дұрыс жауап берген оқушыларды  смайликтер арқылы бағалап  отырды. Марапатталған оқушылардың қуанғанын байқадым. Бұл тапсырманы орындаған кезде, оқушылардың қозғалысы көп болды және тапсырманы орындауда белсенділіктерін көрсетті.Тілші ролінде тұрған Жанна кәдімгі тілшілерге ұқсап, сол ролге еніп кеткендей   болды. "Стикердегі диалог" әдісі арқылы  оқушылардың арасында диалог қалыптасты және сұрақтарға жауап бере отырып, сыни ойлады және шығармашылық қабілеттері көрінді деп ойлаймын. Сабағымды қорытындылағанда  Блум кубигін пайдаландым. Кубикке  мынадай "неліктен?", "түсіндір","ата" деген сөздерді жазып, сол бойынша сұрақтар әзірледім. Неліктен? түсіндір? деп басталатын сұрақтар ашық деп аталады,  ал ата деп басталатын сұрақтар жабық сұрақтар деп аталады. Ашық сұрақтар оқушыларды ойланып жауап беруге итермелейді, ал жабық сұрақтар есте сақтау қабілеттерін анықтауға көбірек келеді.

 

Ашық  сұрақтар

Жабық сұрақтар

Неліктен Хайдар Дулати Кашмирге кетеді?

Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегін ата?

Өтеміс қажының "Шыңғыснама" атты тарихи шығармасында не жөнінде айтылатынын түсіндір.

М.Хайдар Дулатидің меңгерген тілдерін ата?

Әбілғазының еңбектері неліктен құнды саналады?

"Тарих" атты еңбектің авторын ата?

 

Ортаға әр топтың басшыларын шақырдым.  Мысалы  Н-ға ата деген сөзге байланысты "Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегін ата? "деген сұрақ қойдым, ол "Тарихи Рашиди " деп жауап берді. Г.   "неліктен Хайдар Дулати Кашмирге кетеді? деген сұраққа ойланып жауап берді. Яғни сұрақтар қою арқылы оқушыларды  сыни ойландырдым деп ойлаймын. Бірақта көптеген оқушылар  бұл тапсырма барысында  қамтылмай қалды. Сондықтан да алдағы уақытта барлық оқушылар қамтылып, жауап беретін тапсырма беруім керек екенін түсіндім.

          Төртінші тарауды қорыту сабағымда оқушыларды үш топқа  бөліп өтілген  үш тақырып бойынша тест құрастыруға тапсырма бердім. Оқушылар бірігіп отырып, тест құрастырды. Оны тақтаға іліп әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасады. Оқушылар көп ойланды, бір-бірімен өткен тақырыптарға шолу жасап, сұрақтар қойып стикерге жауаптарын жазды. Бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, білімдерінің қандай дәрежеде екендерін анықтады. Кері байланысты оқи отырып, оқушылардың өдеріне берілген тапсырманы орындау кезінде бір-бірінің қолдауларына сүйенгендерін және осындай сабақтардың қызықты екенін және бұрынғыдай емес өздері орындаған тапсырмалардың естерінде оңай сақталып қалғандарын жазыпты. Бұдан өзімнің қолданған әдіс-тәсілдерімнің дұрыстығын және оқушылардың сыни ойлай бастағандарын  және оқу мен білім алуға түсініктерінің өзгере бастағанын түсіндім.

      Сонымен тарих сабағында  бұл модульдің әдіс-тәсідерін  қолдана отырып оқушылардың:

-логикалық ойлауын;

-талдауын;

-салыстыруды;

-қорытынды жасауды;

-сөйлеу мәдениетін;

-шығармашылығын  және бір-бірін тыңдауды, пікір алмасуды және диалог құрып бір-бірімен әңгімелесуді, жан-жақты білімін кеңейтіп дамытуға  болатынына көзім жетті. Мысалы: С деңгейдегі  Ж, Н, Б деген оқушыларымның тобын ұйымдастыра отырып, тапсырманы тез әрі мағыналы орындауы және ақпараттық технологияны жақсы меңгеріп, қолдана алатынын көрдім. Д. деген көп сөйлемейтін оқушымның  тапсырманы интернеттен тауып, өз тобында ізденуші  роль атқарғанын көрдім. Нұсқаулықта айтылғандай  көзбен көріп, ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасағанда оқушылардың  өз беттерімен білім алуға тырысатындықтарын байқадым. Сабақ кезінде  оқушыларды түрлі тәсілдермен  топқа бөлу оларға ұнады деп  ойлаймын. Себебі, үндемейтін оқушылар топ ішінде өздерінің білмейтіндерін үйренді  және  өздерінің ойларымен  бөлісіп, сөйлеуге машықтанды. Сонымен қатар  жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы  оқушыларды сыни ойлатуға болатынын  білдім. Бұны мен өткізген төрт сабағымда өткізгенде байқағаным. Болашақта  бұдан да жоғары нәтижеге жететініме сенімдімін.

           Тарих  пәні  бойынша жүйелі, жан - жақты терең білім берілсе сыни ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасады деп ойлаймын.  Нұсқаулықта айтылғандай  жаңашыл идеялар мен келешекке ашық көзқараспен қарайтын  сыни тұрғыдан ойлайтын, болашағы мол тұлғаларды   болашақта осы модульдің стратегияларын  пайдалана отырып  жүзеге асыратыныма  сенімдімін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Қазақ халқының мәдениеті
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп.
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қос сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Қар
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 4350 | Қосты: Даутова Гулнур Темиргалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык