Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Х дыбысы мен әрпі


Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Х әрпі мен дыбысы туралы білім беру,сөз ішінен х әрпін табу.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту. Көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,  тізбектей оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет арқылы сөйлем құрау.
Сабақтың көрнекілігі: Х дыбысынан келетін сөздер,асхана, дәріхана cуреттері. 
Пәнаралық байланыс:дүниетану,  математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа   аудару.
 Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Ю дыбысы қандай дыбыс?
-а ю дыбысы бар сөздерді айту:
-ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
-А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.
-«Жарыс» мәтінін үш, төрт балаға  оқыту. Түсініктерін сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту:
«Кім зерек?» ойыны.
Үш дыбыстан құралатын 10 сөз айту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру.Аяғы жоқ жүреді,
                                   Аузы жоқ сөйлейді.
-Балалар,  кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?
-Хат. 
-Дұрыс ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс біріеші естіледі?
-Х дыбысы.Бүгінгі  сабағымызда   біз Х х дыбысы  мен әрпімен танысамыз.
-Х дыбысы дауыссыз дыбыс.
-Х дыбысы сөздің басында(хат),  ортасында (асхана)  соңында келеді (шах)
-Х дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіңдер? Дәрігерлердің үстінен көреміз, үйде аналарың киеді.
Сурет бойынша жұмыс жүргізу.
Балалар мына суретте  кімді көріп тұрмыз? Кім әңгімелеп береді?
Дұрыс Марат ауылдағы атасына хат жазып отыр.
Оқулықпен жұмыс.
«Кітапхана» мәтінін оқып беріп,  мағынасын түсіндіру.  Балалардың өзіне тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс   жұмыс.
Х х әрпін  әдемі, көркем жазу.  Ауада жазу,  тақтада жазу.
 «Кім шапшаң?» ойыны
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х.
 
V. Дәптермен жұмыс
 Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.
Жоғалған буын ойыны:
1. -------- лық
Ха ------- мит
----------- бар
 
2. Кітап -
Ас -
Дәрі - ------ хана
Шай -
 
3. Асыл -
Гүл ----- хан
Темір -
 
Сабақты қорытындылау:
- Х дыбысы қандай дыбыс?
- Х қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?
- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі.
 
Үйге тапсырма:
Х дыбысы мен әрпі.  «Кітапхана»  мәтінін оқып келу.
Бағалау:  Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Күні:  12.04.2014.
Пәні:  Дүниетану  ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы:  Өсімдіктерді қорғау – адамның  міндеті.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерді қорғау  және күтіп баптауға үйрету.  Пәнге деген қызығушылығын арттыру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3658 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык