Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менеджмент деңгейлері


Менеджмент деңгейлері

Менеджмент деңгейі

Сабақ жоспары

Пәні: Менеджмент негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:            Студенттерге менеджменттің мән-мағынасын, негізгі

                               категориялары  туралы түсіндіру.

 

Дамытушылық: Менеджмент жөнінінде терең  ғылыми-танымдық білім

                               қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру,

                                алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше

                               қорытынды жасауға дағдыландыру.

 

Тәрбиелік:   Қазақ хандығының  жайлы айта отырып, студенттерге туған 

                      республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі

                      жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды

                      ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Дәстүрлі

 

Сабақтың түрі: Аралас

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерақтикті тақта, слайд, 3D презентация, доп,

                                         үлестірмелі карточка,  

 

Пәнаралық байланыс: Тарих, экономикалық ілімдер тарихы, Математика

 

Сабақтың барысы:   

І. Ұйымдастыру: Топпен амандасу. Топты түгендеу.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

СӨЖ тапсырмалары (Қазақ хандығының құрылуы, Еуропа және Азия менеджменті)

Сонымен қатар, үйге салыстырмалы анализ жасауға Қазақ хандығы және қазіргі кездегі басқару жағдайы берілген болатын. Соған назар аударсақ.

Екі топ Қазақ хандығы мен Қазіргі басқару кезеңіне талдау жасайды.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)

Іскерлік ойын (Студенттерге  жеке және топпен шешім қабылдауға көмектеседі)

ІҮ. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі (10 мин)

Тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Студенттер өз болжамдарын жасайды) Болжам тренингі

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа білімді меңгеру кезеңі (20 мин)

               (Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)

  Әр түрлі ұйымдарда басқару деңгейінің әр түрлі көлемі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы үш негізгі категорияға бөлінеді (Парсостың анықтауы бойынша).

 

 

Инстититуционалды деңгей                        Жоғарғы звеноны басқару

                                                                              (топ-менеджерлер)

 

 

 

Басқару деңгей                                                Ортаңғы звеноны басқару

                                                                                 (мидл-менеджерлер)

 

 
   

 

 

Техникалық деңгей                                                Төменгі звенонны басқару

                                                                                         (супервайзорлар)

 

   Төменгі звено жетекшілері – бұлар операциялық жетекешілер басқарушылырдың емес, жұмысшылардың үстінен бақылайтын ұйым деңгейі. Қаржылық органдарда бұл – инспекторлар, бухгалтерлер, ревизорлар, операторлар. Олардың қызмет мазмұнының негізі құрамы:

  -Міндеттердің дұрыс орындалуы ақпаратты үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты өндірістік міндеттердің орындалуын бақылау;

  -Бөлінген ресурстардың қолдануына жауапты;

  -Төменгі звено басқарушының қызметі әр түрлі, көптеген өзара байланысты жұмыстан тұрады.

         Ортаңғы жұмыстың жетекшілері төменгі звено қозғалыстарын басқарады. Олар мәселелерді анықтайды, талқылау жүргізеді, жаңа шығармашылық ұсыныстар жасайды. ортаңғы звено жетекшілері – жоғарғы звено мен төменгі звено жетекшісінің арасындағы буын. Олар жоғарғы звено жасаған шешімдердің ақпаратын дайындайды және осы шешімдерді трансформация арқылы технологиялық ыңғайлы формада береді. Қаржы органдарында бұларға бухгалтерлер, жетекші және басты ревизор, аға операторлар жатады.

         Жоғарғы звено жетекшілері  –  аз көлемдегі топ. Тіпті ең ірі ұйымдарда санаулы адамдар ғана болады. Қаржы органдарының құрамына қаржылық бақылау басқарушылары, салық комитетінің төреағасының орынбасарлары және төреағалары, қаржы бөлігінің басқарушы, инспектор, бухгалтер, ревизор, оператор бөлігінің басқарушылары кіреді. Жоғарғы звенонвң мықты жетекшілері компанияның барлық бейнесіне өз ізін қалдарады. Жетістікті қызмет жасайтын қызметшілер үлкен ұйымдарда өте жоғары бағаланады, олардың еңбегі жақсы төленеді.

          Басқару әдістерінің сұрақтарын құру. Басқарушылық қарам-қатынастар – жоғарғы және төменгі, басқарушылар мен бағынушылардың қарым-қатынастары. Басқару әдісі объектіге субъект ықпалының құралы және олардың өзара ықпалының амалы болып табылады. Басқару әдістері туралы сұрақтарды құру басқару жүйесінің бөлімдер құрылымының басқарушылық қарым-қатынастары және басқару жүйесінің бөлімдер құрылымының басқарушалық қарым-қатынастары туралы сұрақтарды құру.

              Басқару әдісінің үш түрі бар:

1.Бұйрықты әдістің мынадай  механизмдері бар:

  - Әкімшілік – бұйрық, өкім,нұсқау.

  - Нормативті – жоғарыдан бекітілген материалды рұқсаттар, еңбекақы.

  - Экономикалық – жоғарыдан бекітілген материалды рұқсаттар, еңбекақы, төленетін пайданың пайызы.

  - Әлеуметті-психологиялық бүйрықта жарияланған ескерту жетекшінің ұсынысы бойынша  мақтау қағаздар, мадақтау, бұйрықтағы игіліктер, ұжымның әлеуметтік даму жоспары жіне оларды жүзеге асыру шараларының ұйымдастырылуы.

  Бұйрықты басқару әдісін- субъеккт пен обьектілер қарым-қатынастары, билік және тұтынушылық.

  1. Экономикалық әдіс. Механизмдері: аударылған пайданың келісімді, пайызды, өнімнің келісімді бағасы, келісімді еңбекақы, келісіммен қарастырылған м атериалды материалды рұқсаттар.
  2. Әлеуметті-психиологиялық әдіс. Механизмдерді келісімді: сын, ақпаратпен қамтамасыз ету, басқарушының халық алдында сөйлеуі.
    Ұйымның жетістігін, табысын құраушылыр:

     -Өміршеңдік;

     -Өмір сүру мүмкіндігін ұзарту;

     -Нәтижелік жәнек тиімділік;

  Владимир Довганьның 9 тиімді басқару принциптері:

  1. Басқару – өзінің маңыздылығы мен билігі үшін емес, адамдар үшін жасаланатын жұмыс.
  2. Жаман адамдар болмайды, орын таба алмай жүрген адамдар болады.
  3. Адамдарға үнемі қамқор болу.
  4. Бірлескен команда.
  5. Адамдарды жазаламау.
  6. Жеке күш факторы
  7. Кабинеттілік емес басқарушылық принциптері.
  8. Бағынушыларға міндеттерді толық тарату.
  9. Құзыреттілік принциптері.

 

 

VІ.Жаңа білімді бекіту кезеңі (15 мин):

Студенттерді 4-топқа бөліп жағдаяттық сұрақтар беріледі

         1-ші мысал Сауда дүкені

         2-ші мысал Дәріхана

         3-ші мысал Тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасы

         4-ші мысал Кітап дүкені

 

VII. Қорытынды (5мин): Табысқа жетуді әр адам армандайды. Егер ол мақсатына жетсе, ұйымның қызметі ойдағыдай деп саналады. Ойдағыдай басқару – табысқа бағытталған басқарулар. Менеджмент – табысқа, жетістікке бейімделген басқару.

 

VIII. Оқушыларды бағалау: Жалпы экономикалық білімдерін күнделікті әлеуметтік, тұрмыстық жағдай мен қоршаған ортамен байланыстырып, өз ойын ортаға салып отырған оқушыларды бағалау

  1. Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты оқып келу, қосымша материалдар қарастырып келу.

 

pjk
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Экономикалық өсу
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Қазақ хандығының сыртқы - ішкі жағдайы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қазақ хандарының тарихынан
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Кестелік процессор құралдарымен деректер
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 15097 | Қосты: Бақтыбаева Шаруфия Қашқымбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык