Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Стресспен қалай күресуге болады?


Стресспен қалай күресуге болады?

Стресспен қалай күресуге болады?

Мақсаты:  Оқушылардың ҰБТ – ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық  эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,оқу-танымдық қабілеттерін арттыру, стрестен арылу жолдарын үйрету.
  Міндеттері:
- Қарым-қатынастың үйлесімділігі;
- Өзін-өзі тану процесін тереңдету;
      -  Топтағы адамдардың көмегімен өзін тану;
- Оқушыларды ҰБТ-ге дайындауға кеңес беру;
- Психоэмоционалды және ақыл-ой қысымын түсіру;
- Үрейді азайту.
Сабақтың түрі: Психологиялық тренинг.
Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ – жауап, пікір талас, ойындар.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, қағаз, түрлі – түсті бояу.
1. Топтың жұмыс ережесі.
Мақсаты: Тренинг барысында бірыңғай жұмыс істеу кеңістігі мен қылық ережелерін қалыптастыру.
Уақыты: 7 минут.
Нұсқаулық:  Сен өзіңді патша немесе ханшайым екендігіңді елестет, ал біз- аудитория- сенің патшалығың. Сен тренинг кезінде өзіңнің әр түрлі ережелеріңді ұсына аласың. Осы ережелер барлық мұғалімдерге қолайлы жағдай туғызатындай болуы тиіс. 
    Сен өз патшалығыңда қандай ережелер енгізесің? Ойлап тапқан ережелер тізімін қағазға жаз. Ал енді бірыңғай жалпы топтың ережелерін шығарайық. 
   Сіздер маған айтып отырасыздар, ал мен ватманға жазып отырамын.

Патша ережелері.
   1. Кешікпеу. Тренингке белгіленген уақытта келу.
2. Сөзді бөлмеу. Әркімнің өз пікірін айтуға құқығы бар.
3. Бағаламау. Қатысушылар бірін-бірі сынамайды.
4. Үндемеу мүмкіншілігі. Өз ойын айтуға мәжбүрлемеу.
5. Қатынас көптігі. Топта барлығымен қарым-қатынаста болу.
6. Конфедициялдық. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.
7. Белсенділік. Әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.
8. Қолды көтеру ережесі. («Эфирде жалғыз»).
9. Топ жұмысына басынан аяғына дейін қатысу міндетті.
     10. «Тоқта!» ережесі. Егер қатысушы ойынға қатысқысы келмесе немесе сұраққа жауап бергісі             келмесе, өз пікірін айтуға дайын болмаса «тоқта!»- деп айтуға болады.
      11. «Пирог» ережесі. (Көп сөйлемеу).
2.  «Шынымды айтсам» жаттығуы
Мақсаты:  оқушылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау. 
Уақыты: 15 минут.
Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.
Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайысысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыздар. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

      

     

                             

  

    Топтама үлгілері:
Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам ...
Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда  ...
Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын стресті ұмытқанда ...
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...
Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда ...
Шынымды айтсам, мен қобалжығанда ...
Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда ...
Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде ...
Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде ...
Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда ...
Шынымды айтсам, дайындығымның нәтижесіне көз жіберсем ...
Шынымды айтсам, қолыма сынама тест қорытындысын естігенде ...
Шынымды айтсам, мектеп бітіретінімді ойласам ...
Шынымды айтсам, менде бос уақыт болған кезде ...
Шынымды айтсам, далада серуендеп жүрген кезде немесе дискотекаға  барған кезде ...
     Талдау:
Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Топ қатысушылары туралы жаңа бір ақпарат  білдіңіздер ма?
Сіздің қазаргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?
3. «Жарайсың»жаттығуы.
Мақсаты:  Стресс кезіндегі сенімді  мінез – құлықты қалыптастыру.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау:  Сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет: сыртқы, ішкі. Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын.  Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар. Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезектеп өз жетістіктері жайлы айтып бір-бірінен саусақтарымен есептеп, жетістік айтқан сайын «сен жарайсың» Бір! Сен жарайсың! Екі! деп ары қарай жалғастырады, сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңыз жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
   Егер де кімде-кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындау барысында былай дейсіз: «Мен өзімді жақсы көремін,мен қайталанбас дарамын!»     Сіз ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде, өзіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз. Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орында қалып, сыртқы  шеңберлер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді.  Ойын осы тәртіппен жалғасады.
Талдау:
Өзіңіз туралы көп есіңізге түсті ме?
Өзіңізге кейде «Мен жақсы жасадым» деп айтасыз ба?
Қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз?
Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз.
                       «Стресс –тест »    (Сауалнама оқушылардан алдын ала алынады)
Мақсаты: Жас түлектің стреске жақындығын айқындау.
Уақыты: 15 минут.
Нұсқау: Төменде жазылған сөйлемдерді оқып, келесі шкаланы қолдана отырып, өз көзқарасыңды білдіріңдер.
- Ешқандай- 1ұпай
- Сирек – 2 ұпай
- Жиі – 3 ұпай
- Әрқашан – 4 ұпай
1. Ұсақ-түйек нәрселер өте сирек менің мазамды алады.
2. Біреуді күтіп тұрған кезде, мен ыза боламын.
3. Ұялған кезде тез қызарамын.
4. Ашуланған кезде біреуді ренжітіп аламын.
5. Сынауды жек көремін, тез ашуланамын.
6. Егер қоғамдық көлікте мені біреу итерсе, мен де оны итеремін, айқайлаймын.
7. Бос уақытымда мен әрқашанда бір нәрсемен айналысып жүремін.
8. Кездесуге бұрын келемін немесе кешігемін.
9. Басқаны тыңдай алмаймын, өз ойымды оған қыстырып отырамын.
10. Тәбетімнің жоқтығына азаптанамын.
11. Өте жиі себепсіз ашуланамын, уайымдаймын.
12. Таңертең өзімді нашар сезінемін.
13. Өзімнің шаршағандығымды сезінемін, жаман ұйықтаймын.
14. Көп ұйықтағаннан кейін де, өзімді нашар сезінемін.
15. Менің ойымша жүрегім ауырады.
16. Арқам мен мойыным ауырады.
17. Үстелдің басында отырғанда саусақтарыммен ойнап, аяғымды қозғап отырамын.
18. Менің істеген істеріме мадақтауды қалаймын, барлығына солай болғанын армандаймын.
19. Мен өзімді басқалардан жақсымын деп ойлаймын.
20. Тамақтану диетасын сақтаймын.
                                          
                                         Бағалау шкаласы:
10 ұпай және одан кіші: Сіз тыныш және парасатты өмір сүресіз. ...ған мәселелерді тез шеше аласыз. Сіз өте кішіпейіл емессіз өзіңізді ...пен алдап азаптанбайсыз. Бірақ та сіз ертегідегідей өмір сүресіз.
11-45 ұпай: Сіздің өміріңіз түрлі әрекеттерге және күш салуға толы.Жаман болсын, жақсы болсын стресс сізді азаптайды, яғни сіз жетістікке жетесіз. Өмірлік көзқарасыңызды өзгерте алмағандықтан, өзіңіз туралы ойлауға уақыт бөліңіз. Сізге демалу қажет. Стреске жақынсыз.
46-60 ұпай: : Сіздің өміріңіз – үнемі күресуде. Сіз қызмет бабында басында болуды армандайсыз. Басқалардың пікірі сіз үшін маңызды болмағандықтан сіз өзіңізді стресс күйінде ұстайсыз. Егер осы бағыттан  таймасаңыз, көп жетістікке жетесіз, бірақта олар сізді қуанышқа әкеле ме? 
     Дау-дамайдан аулақ болыңыз, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз.   Әрдайым жоғары нәтижеге жетем деп ұмтылмаңыз. Анда-санда өзіңізге демалыс беріңіз.
61 ұпай және одан жоғары.  Сіздің өміріңіз машина жүргізушінің   сияқты: газ бен бірге тежеуішті де басасыз. Өзіңіздің өміріңізді  өзгертіңіз. Сіз душар болған стресс сіздің денсаулығыңызбен өміріңізге қауіп төндіреді.

3. Психологиялық кеңес:   «Стресті қалай жеңуге болады?»
Стрестің пайда болу себептері туралы әдебиетте көп жазылады.  Бұл кінә  сезімі, құндылықтардың
жойылуы, оқуға деген  жеккөрушілік және  т.б.  факторлар болады.    Мектеп стрессогендік  фактор ретінде қалыптасқан  кезде көптеген  оқушылар оған теріс қарайды. Сонда не істеу қажет?  Ең  алдымен өмірдің стилі мен өз-өзіңді өзгерту қажет. Уолтер Расселдің  сөзіне  сүйенсек: 
«Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте  сіздің  ағзаңызда күйзеліс 
токсиндері пайда болып,  нәтижесінде  сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе  ауруға шалдығасыз», 
«Істеген ісіңізді  сүю қажет немесе  сүйіспеншілікпен жасау керек» шығыс  даналығы осылай
 дейді.   Барлық істеген ісіңізді қуанышпен және ең жақсы  белгілі әдіспен  орындаңыз. Оқуға деген 
 сүйіспеншілік сіздің физикалық және жан дүниелік  күшіңізді молайтып, шаршағандықтан және 
Психикалық  денсаулығыңызға  көңіл аударыңыз. бас аурулары, жүректің қатты  соғуы, арқада, 
асқазанда, жүректе қысым пайда болуы.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: Стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейінге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: Психикалық және физикалық демалы үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: Үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын туыстардың көмегі, қолдауылары қажет. Психолологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелерің мен аталарыңды, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені оларда сізден махаббат, қамқорлық, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
        Стреске қарсы әдістер.    9 профилактикалық ереже.
Біздің өміріміздің жылдамдығының үдей түскені сонша, бұл тек біздің жүйке жүйемізге әсер етіп қана қоймай, адамның денсаулығына да кері әсерін тигізуде. Ғалымдар қазаргі «өркениетті» адамдарға «стрестік қоршауда» қалып қоймас үшін өздерінің әдістерін талмай шығаруда. Төменде берілген әдістер Австриялық мамандардың ұсынған әдістері.
1. Аптадағы жарты күнді өзіңізге ұнайтындай етіп өткізіңіз: суда жүзіңіз, билеңіз. Демалып, қыдырыңыз немесе бақтағы орындыққа отырыңыз. Өзіңізді тек қана жұмысқа арнағаныңызды тоқтатыңыз!
2. Күніне бір реттен кем емес өзіңізге ең қымбат адамға жылы сөз айтыңыз. Оның сізге де сондай жауап қайтаратындығына күмәніңіз болмасын. 
3. Аптасына 2 немесе 3 рет дене жаттығуын жасаңыз. Жаттығулар адамды мезі ететіндей болмасын, егер жаттығудан кейін сізге душ қабылдау керек болса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе жаттығуды дұрыс жасамадыңыз. 
4. Суды көбірек ішіңіз (спиртті сусын емес), денені қалыпта ұстау үшін күніне 1-1,5 литр су ішу қажет. 
5. Аптасына бір рет өзіңізге «зиянын» тигізетін іспен де айналысып көріңіз 
(мысалы, тәттілер жеу арқылы диетаны сәл-сәл бұзуға болады немесе әдеттегіден ерте немесе кеш жатыңыз). Өзіңізді бақылауда ұстаңыз, егер бұл әдеттерді қайталай беріп дағдыға айналдырып алсаңыз, онда сіз ипохондрик (ешкімнің айтқанын елемейтін адамдар) боласыз.
6. Өз өміріңізді бұзуға асықпаңыз. Сізге келген кейбір хаттар мен телефон қоңырауларына көңіліңіз соқпаса жауап бермей-ақ қойыңыз. Жұмысы жоқ кейбір адамдар сізге ұнамайтын және керек емес әңгімелерді айтып сіздің өміріңіздің минуттарын, сағаттарын (сондай-ақ, күндерін де) ұрлауда, сөйтіп сізде стресстер туғызуда. 
7. Көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе қала сыртына шығып айқайлаңыз. Бұндай әрекеттер адамды сресстен құтқаруға көмектеседі. 
8. Күніне ең аз дегенде бір банан жеңіз. Онда барлық дәрумендер, микроэлементтер бар, сонымен қатар оның энергетикалық құндылығы жоғары. 
9. Өзіңізге жазатын қондырғысы бар телефон аппаратын сатып алыңыз (нөмер анықтауышы бар). Бұл сізге әрбір қоңырау келген сайын орныңыздан тұрмауыңыз үшін және сізге қажет барлық ақпаратты алу үшін қажет.
    Онша қиын емес әдістер, келісесіз бе?
Бұл әдістерді орындау арқылы сіз көптеген стрестерден аулақ боласыз.
 «Аааа және Ииии» жаттығуы
  Мақсаты: «Мен» позитивті бейнені дамыту; көңіл-күйді көтеру оптимизмін ұялату.
  Жүргізу техникасы: топ қатысушылары айнала тұрады.
«Аааа» дыбысынан энергия алу
  Нұсқау: Мен сіздерді өздеріңізді жаңа күшпен толықтыруыңызға көмектесемін. Тұрып терең дем алып, оны шығарып тастаңыз. Сосын ауаны толтырып, оны дыбыспен шығарып тастаңыз. «Аааа» деп ұзақ етіп дыбыстаңыз. Сіздер осы сәтте шаршаудың, қайғыдан арылғандай әсер алыңыздар. Ауа жинағанда көңілді және қуанышты ойлар бірге еніп жатқандай әсер алыңыздар.
  Әрбір тыныс алғанда «Аааа» дыбысын шаршау, жағымсыз сезімдер, кеткенше бірте-бірте қатты айтып қайталайсыздар (1 минут).
«Ииии» дыбысынан энергия алу
  Нұсқау: Бір мезетте өз орныңыздан тұрып, «Жедел жәрдем» машинасы сияқты дыбыстаймыз. Қолыңызды басыңызға қойып, ұзартып «Ииии» дыбысын дауыстып айтыңыз. Осы дыбыстар сіздің басыңыз қалай дірілдеп жатқанын сезінуге тырысыңыз. Ал енді дабыл сигналы сияқты бірде төмен, бірде жоғары дыбыстаңыз. Біраз уақыттан кейін өз күшіңізді сақтағаныңызды байқайсыз (30 секунд).
  Кейбір жағдайда басқа да дауысты дыбыстармен эксперимент жасап, қайсысы сергектік әкелетінін сезініңіз. Сіздер «Аааа», «Ииии», «Оооо» және «Уууу» дыбыстарымен дабыл сигналы етіп ойнауыңызға болады. Жаттығу барысында бұл дыбыстарды бірде төмен, бірде жоғары етіп айтыңыз.
  Талдау: 
  Өз жағдайыңыз туралы айтыңыздар.

«Жүйкелік-психологиялық қысымнан арылу тәсілдері»
 Мақсаты: Өзін-өзі реттеу түсінігі мен таныстыру және жүйкелік-психикалық қысымнан арылудың тиімді тәсілдерін ұсыну.
Уақыты: 7 минут
Жүйкелік-психикалық қысымнан арылудың тәсілдері:
1. Релаксация – қатаю, релаксация – қатаю және осылайша қайталау.
2. Спорт сабақтары.
3. Контрасты душ.
4. Кір жуу.
5. Ыдыс жуу.
6. Саусақпен сурет салу (1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу).
7. Газетті мыжып және лақтыру.
8. Жарыс: өз қысымыңызды газетті мыжуға пайдалану, газетті мүмкіндігінше кішкентай етіп және алысқа лақтырыңыз.
9. Газетті жақсылап жыртып, оны қоқыс тастағышқа тастау.
10. Газеттен өз көңіл-күйіңізді жасаңыз.
11. Газеттің беттерін бояу.
12. Сүйікті әніңізді қатты дауыстап айту.
13. Бірде жай бірде қатты айғайлау.
14. Музыкаға билеу, бірде жай, бірде қарқынды билеу.
15. Жанып тұрған балауызға қарау.
16. 10 рет терең дем алу.
17. Орманда, аулада немесе далада серуендеу және айғайлау.
18. Тісіңізді ішкі жағынан санаңыз.

4. Бой сергіту.   « Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту. 
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Қанекей, бір-бірімізбен тығыз тұрыңыздар. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз).  Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 айналып, ойынды жалғастырыңыздар.

    Талдау:
Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма?
Әлде, тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма?
Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер?


5. «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.
Мақсаты: Эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылдықты дамыту.
Қажетті құралдар: ватман қағазы,  түсті қағаздар, қайшы, фломастерлер, қарындаштар, жапсырма немесе скоч.
Нұсқау: Бір ватман қағазын алып, үлкен жүрек қырқыңыздар, оны қабырғаға жапсырыңыздар. Ал енді әрқайсысыңыз түсті қағазды алып, жүрекше қырқыңыздар. Оған осы топ қатысушыларына арналған тілек жазыңыздар.
  Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Біз ол үшін кішкене жүрекшелерді оған жапсыруымыз керек. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тіріліп келеді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренингтің барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. 
     Талдау:
Бұл жаттығу қандай сезімдер мен эмоциялар тудырды? Жаттығу ұнады ма?
Жағымды нәрсені айту жеңіл болды ма?
Басқа жүрекшелерде жазылған сезімдер ұнайды ма?
Бұл күн сізге не әкелді?
6. Аутотренинг: «Өз жұлдызыңды тап»
Мақсаты: Оқушының сенімділігін арттыру, жүйке-психикалық қысымнан арылту, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Нұсқау: Аспанда сансыз көп жұлдыздар жарқырап сәуле шашып тұр. Айналам тып-тыпыш, ешқандай сыбдыр естілмейді. Сенің жаның жайланып, бойыңды тылсым әсер күш билейді.
Аспандағы жұлдыздарға жаймен назар салып, көз таста. Осы жұлдыз сенің жаныңа жақын әсер етеді. Ерекшеленген  жұлдызды таңдап, алақаныңа алып, оған ұзақ таңдана қара, ол гауһар тастай жалт-жұлт етіп өз сұлулығын көрсетеді. Сен ол жұлдызға қарап, ішімдегі бар тілегіңді, алға қойған мақсаттарыңды, орындалмаған армандарыңды, сырыңды айт. Себебі ол сенің жұлдызың, сенің жол көрсетушің және болашаққа жетелеушің.  
     Талдау:
Аутотренингтен кейінгі көңіл-күйлерін қандай?
7.    «Қатаю, күштену қош бол!» жаттығуы.
  Мақсаты: Қатаюдан арылудың тәсілдерін оқыту.
  Уақыты: 10 минут
  Нұсқау:  Қазір біз сіздермен жарысамыз. Газет парағын алыңыздар, оны мыжығанда бүкіл күшіңізді салыңыз. Алысырақ тастаңыз.
  Талдау: 
  Өзіңізді қалай сезінесіз?
  Өз қатаю сезіміңізден арылдыңыз ба?
  Жаттығуға дейінгі, кейінгі сезімдер.
8.    «Келесіде кездескенше» жаттығуы
  Мақсаты: топ қатысушыларынан қайтымды байланыс алу, сенімділігін дамыту.
  Уақыты: 5 минут
  Материал: «Күн» жұмсақ ойыншығы
  Нұсқау: Менің қолымда ғажайып күн. Ол бүгінгі күнге шуақ шашып, бізге жылылық, қуаныш, бақыт әкеледі. Сіздер осы күнді бір-біріңізге беріп, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тілектеріңізді топ қатысушыларына арнайсыз.
  Біздің бүгінгі тренингіміз аяқталуға жақын, бірақ біздер келесі тренингте кездесеміз деген үмітпен қоштасамыз.
  Талдау: 
Бүгінгі сабақ сізге не берді?
Жаңа нені білдіңіз?
Болашақта нені қолданар едіңіз?
10. Оқушылар бүгінгі тренингтен алған әсерлерін айтып шығады. 
Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?
Өзіңізге қандай да бір қорытындыға келуге, бір нәрсені сезінуіне көмектесті ме?

Уа, досым, назар аудар денсаулыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға,  - деп ақын жырлағандай, жанымыздың саулық рухын аман сақтау үшін салауатты өмір салтын  үстанып, қатаюдан арылу тәсілдерін пайдаланып,  бір-бірімізге жылылық, қуаныш сыйлай білейік. Тренинг сабағымызға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі тренингте кездескенше аман-сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қабілет және дарындылық»
Мазасыздықтан арылайық
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау
ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау
Мен және Болашақ!
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Эксперимент жаттығуы
Он бөлме ойыны (10 мин)
Суретті жалғастыр және біреуге беру жаттығуы
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11789 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык