Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
 
          Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғарғы оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады» деп көрсеткендей  жаңа ХХІ ғасыр, компьютерлендіру заманы. 
         Еліміздегі  саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. 
         Білім беруді қайта құру мұғалімнен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап қойылады. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. 
         «Білім туралы» заңның 41 бабында мұғалімнің міндеттерін көрсететін норма анықталған. Заңның осы бабына сәйкес мұғалім оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттің білім стандарты талаптарын төмен болмауына қол жеткізуге міндетті. Ал, тәжірбие көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеген қол жеткізуге кепілдік бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерін технологиялау педагогикалық практиканың жаңа, болашағы мол бағыты деп есептеліп отыр.
        Қазақстан Республикасындағы басты мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім беру.
        Орта мектеп бағдарламасындағы ең негізгі пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті.
 
 
 
 
Қазіргі мұғалім бейнесі
         Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады. 
 Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
 Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жетеді;
 Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
 Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
 Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
 Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
        Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі.
         Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;
        Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:
 Сабақта ақпараттық  технологиялар құралдарын қолдану;
 Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
 Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
                  Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды  қолданғанымыз аса маңызды. XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім  мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.
         Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты. Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан     өткен педагогтардың үлесі 2015 жылы олардың жалпы санының 90% -ын құрайды деп 2020 жылға дейін арналған стратегиялық бағдарламада көзделген. Олай болса, математика пәнінің  мұғалімі де компьютерді  жетік меңгеруі  қажет.                         
         Сабақ - шығармашылық ізденіс дейміз. Өз сабақтарымдағы басты бағдар -оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жэне оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп әзірлеу екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан басталады. Мұғалім оқушының сабақтағы эрбір әрекетін алдын ала жоспарлап отырса, оқушының ойлау, болжау, тұжырымдау сияқты негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады. Ақпараттық технолгияны пайдалана отырып өткізілген сабағымның үлгісін ұсынып отырмын. 
Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
1. Логарифмдік функцияның анықталу облысы, логарифмнің негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, теңсіздіктерді шешу.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, есеп шығару белсенділіктерін арттыру.
3. Жүйелітүрде жұмыс істеуге , тиянақтылыққа, нәтижеге жетуге ұмтылуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
  Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
  Сабақтың түрі: конфренция - сабақ
  Сабақтың көрнекілігі:этимологиялық анықтама, тарихи дерек; «Логарифм - өмірде» слайд презентациясы. 
Ұйымдастыру. Сабақтың барысы:
1. Логарифмдік фунцияның шығу тарихына шолу жасап жіберейін.
Логарифм (logos — қатынас және arіthmos — сан), N санының  негізі бойынша логарифмі — N санын алу үшін а саны дәрежеленетін m дәреже көрсеткіші (Логарифм негізі), бұл logaN түрінде белгіленеді. Сонымен, егер am=N болса, m=logaN. а<0 болғанда шексіз көп оң сандардың нақты логарифмі болмас еді, сондықтан да a>0 деп алынады. Логарифмдік функциялардың қасиеті бойынша, кез келген оң санның берілген негізі бойынша бір ғана нақты Логарифмі болады (теріс санның Логарифмі комплекс сан).
Логарифмнің негізгі қасиеттері: loga(МN)=logaМ+logaN; loga(M/N)=logaM–logaN;
logaNk= =klogaN;(яғни сандарды көбейту және бөлу Л-ін олардың Л-дерін қосу мен алуға, ал дәрежеге шығару мен түбір табу Логарифмін сол дәреже немесе түбір көрсеткішіне көбейту мен бөлуге, яғни барынша қарапайым амалдарға келтіруге мүмкіндік береді). Егер a негізі белгілі болса, анықталған Логарифм жүйесі туралы айтуға болады. Әдетте lgN түрінде белгіленетін ондық Логарифм (a=10) көбірек қолданылады. 10k (k — бүтін сан) санынан басқа рационал санның ондық Логарифмі ондық бөлшек түрінде жуықтап өрнектелетін трансцендент сан. Ондық Логарифмнің бүтін бөлігін сипаттамасы, ал бөлшек бөлігін мантиссасы деп атайды. lg(10kN)=k+lgN болғандықтан, 10k көбейткішімен ерекшеленетін сандардың ондық Логарифмінің мантиссасы бірдей, тек сипаттамалары әр түрлі болады. Логарифм кестелері осы қасиетке негізделіп жасалған, онда бүтін сандардың тек мантиссалары ғана берілген. Негізі e=2,71828... трансцендент сан болатын натурал Логарифмнің де маңызы зор; ол lnN түрінде белгіленеді. Логарифмнің бір негізінен екінші негізіне ауысу үшін logbN=logaN/logab формуласы қолданылады. 1/logab көбейткіші a негізден b негізге ауысу (өту) модулі деп аталады. Натурал Логарифмнен ондық Логарифмге немесе керісінше өту lnN=lgN/lge, lgN=lnN/ln10; 1/lge=2,30258; 1/ln10=0,43429... формулалары арқылы жүзеге асырылады.
        Логарифм атауын Дж. Непер ұсынған. Логарифм ең алдымен 16 ғасырда астрономияның тез дамуымен, астрономия бақылауларды анықтай түсуге және астрономия есептеулердің күрделілене түсуіне байланысты ашылды. Алғашқы Логарифм кестелерінің авторлары геометриялық прогрессия қасиеттері мен оның мүшелерінің дәреже көрсеткіштерінен құрастырылған арифметикалық прогрессия қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті пайдаланған. Бұл тәуелділіктерді б.з.б. 3 ғасырда Архимед ішінара байқаған болатын, 1484 ж. Н.Шюке, 1544 ж. М.Штифель оларды жақсы білген. Алғашқы Логарифм кестелерін 1614 — 1619 ж. Дж.Непер мен 1620 ж. Й.Бюрги бір-біріне тәуелсіз және бір мезгілде құрастырған. Логарифмді теория тұрғыдан зерттеуде Бельгия математигі Григорий мен Л.Эйлер (1707 —1783) еңбектерінің маңызы зор.
2. Ой қозғау. (Өтілген тақырып бойынша формулаларды еске түсіру).
І. Сәйкестік тест
1. a logab                                                                                  2.   log a b- log a c
2. loga                                                                                     3. log a b+ log a c
3. loga (bc)                                                    1.  b
4. log a b2p                                                                             4. 2p log a b
5.  log a2p b                                                   6.  1
6. loga a                                                        7. с= log a ac
7. Санды логарифм арқылы жазу.           8.    log a b
8. log a b                                                     
3. Теңсіздіктерді шешуде қолданылатын тұжырымдар.
1. a > 1   болғанда, log a f (x) > log a g(x)
    f(x) > 0
    g(x) >0                          
    f(x )> 0
Теңсіздікті шешейік:log1(4x+1)<-2
1) Функцияның анықталу облысын анықтайық
4x + 1>0;      4x>-1;        x>-1/4.
2) y=log1/7 x кемімелі функция болғандықтан, яғни 1/7 < 1
x + 1>(1/7)-2;     4x + 1 > 49;     4x > 48;   x > 12.
Жауабы:  x€(12; +∞)
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР 
1. Сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз. 
2. 2.    8 санының оң жағына да, сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6 –ға бөлінеді. Біз қандай сан жаздық?
3. Сандар белгілі бір арифметикалық заңдылықпен берілген. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз. 
 
4. Егер            және            белгілері арифметикалық амалдар болса, сұақ белгісінің орнында қандай сан болуы керек?
      (6      3)        5 = 10    
      (8      3)        4 = 10        
      (7      4)        2 = ?           
        2011 жылы Азиадада Қазақстандық  команда   53 – алтын мен 38 -күміс, пен қола медаль жеңіп алды.      Барлығы неше медаль жеңіп алды?  Жауабы: 70
        Сабақты қорытындылау.
        Логарифмді ойлап табу – есептеу техникасының үлкен жетістігі болды. ХVI ғасырды осы жетістігіне қол жеткізген шотландық Лорд Джон Непер болды. Ол 1914 жылы өзінің «Логарифм Канонын суреттеу» деп аталатын еңбегін жарыққа шығарды.
Үйге тапсырма: тест есептері, 
Сабақтың тақырыбы: «Функция» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімдерін есептер шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау.
Дамытушылығы: Алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру, дарындылығын анықтау.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Әдісі: Топтық.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, парақшалар.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты үш топқа бөлемін.  «Тапқырлар», «Алғырлар», «Ойшылдар».
Сабақты төрт деңгейлік құрылымға бөлемін 
1. Танымдық деңгей (ауызша сұрақтар)   2. Алгоритмдік деңгей  3. Эвристикалық деңгей
4. Шығармашылық деңгей.
І. Танымдық деңгей. Тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қоямын.
1. Функция дегеніміз не?         
2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?
3. Функция графигінің анықтамасын айтып беріңдер.
4. Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?
5. y=kx+l функциясының графигі қалай салынады?
6. y=3x+5 функциясының графигінен l –дің мәні неге тең?
ІІ. Алгоритмдік деңгей.
Тест тапсырмалары
ІІІ. Эвристикалық деңгей.   Кітап бойынша № 1413
   “Функция” сөзі латынның functio  сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. “Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигінің есімін табу үшін тапсырмалар орындаймыз. ( Готфрид Вильгельм Лейбниц). 
1) f (2) = 6               6= 2 k              k=3                          Л
2) f (7) = -35           -35 = 7 k          k= -5                        Е          
3)  f (3) = 27            27 = 3 k           k=9                          Й        
4)  f (0,5) = 4            4= 0,5 k          k=8                          Б   
5)  f (5) = 1                    = 5 k          k=                            Н
6)   f (4) = -32            -32 = 4 k       k=-8                         И   
7) f (5) = 25               25= 5 k          k=5                          Ц
IV.  Шығармашылық  деңгей 
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей                   ІІ деңгей                  ІІІ деңгей
№  1409                   №  1414                   № 1417
Үйге тапсырма: №  1424,  1425      Бағалау.    Қорытынды.
        Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адам-ның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір оқу үрдісі алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.
 
Аннотация
          Бұл баяндамада оқушыларды  казіргі заман сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан - жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу, оқу-тәрбие жүйесінің барлық деңгейін жетілдіру, оның тиімділігі мен сапасын жоғарлату мақсатында компьютерді математика пәнінде оқыту құралы ретінде пайдалану  ұсынылды.
        Ал біздің мақсатымыз – ақпараттық технологияны терең меңгерген, қажетті ақпаратты іздеп, осыған байланысты өзі шешім қабылдайтын жылдам өзгеріп жататын заманға лайықты, жаңашыл  адам тәрбиелеу.
        В данном докладе широко даны разнообразные формы работы и методы обучения на основе компьютерной технологии. Это современные методы решения дидактических задач с помощью нового мощного технического средства. Использование компьютерного метода обучения на уроках математики делает процесс обучения более адекватным индивидуальным особенностям каждого ученика.
       А в век технологий и большого  потока информации использование информационного-коммуникационных технологий активизирует мыслительные процессы, память учащихся, развивает творческое вооброжение и повышает интерес к предмету.
       Использование компьютерной поддержки сохраняет устойчивый интерес и повышает качество успеваемости
 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.
2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  даму бағдарламасы.
4. Оқушыларда математикалық есептерді шығара білу біліктіліктерінің қалыптасуының психологиялық негіздері // «Қазақстан жоғары мектебі» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №1. 
5. Ақпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту құралы ретінде қолдану // Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Талдықорған, 2009

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру»
Логарифмдік теңдеулерді шешу
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
«Функция» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Логарифмдік өрнектерді түрлендіру” тақрыбына есептер шығару.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3061 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык