Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шоқан Уәлиханов зерттеуіндегі жер-су аттары мен аспан денелері туралы аңыздар


Шоқан Уәлиханов зерттеуіндегі жер-су аттары мен аспан денелері туралы аңыздар
Шоқан Уәлиханов зерттеуіндегі жер-су аттары мен аспан денелері туралы аңыздар
 
Зерттеудің мақсаты:      Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың  өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі туралы айту. Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау, қорытынды жасау , сабақ алу.Шоқан еңбекетеріндегі айтылған өсиетті сөздерді бойымызға сіңіріп , қадір –қасиетін түсіну.
Өзектілігі:   Қазақ халқының ұлы ғалымы, жарқын жұлдызы Шоқан Уәлиханов өзінің туған еліне өшпес мол әдеби – тарихи мұра қалдырды.  Сондықтан мен ұлы ғалымның шығармаларын зерттей отырып, өз құрбыларымның түсінгенін қаладым. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы  қабылданған. Сол бағдарламада  және Елбасымыздың Жолдауында  халқымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту көзделген. Біз соған өз үлесімізді қосу үшін осы тақырыпты таңдадық.
  Зерттеудің міндеті:Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың зерттеу жұмыстарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру, топтарға жіктей отырып зерттеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері:  зерттеудің материалы  ретінде деректер, түсіндірме , оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды. 
Болжам: Ұлы ғалым Шоқан Уалиханов  еңбектерін анықтағанда  мынадай ойға келдік : ұлы ғалымдардың жолын қуып, халқымызға,  елімізге еңбек сіңірген ғалым боламыз.                                             
Зерттеу әдіс- тәсілдері: зерттеудің барысында  жинақтау, салыстыру, талдау тәрізді зерттеу әдістері  пайдаланылды.
 
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: зерттеу барысында  алынған нәтижелерді тірек сызбалар жасауда, сыныптан тыс жұмыстарында , әдебиеттік оқу және дүниетану сабақтарында  пайдалануға болады.
 
Зерттеудің жаңалығы: осы жобаны зерттей отырып біз ұлы ғалым Шоқан Уалиханов еңбектерінің құндылығын, таңғажайып сырларын, қадір- қасиетін білдік.
Зерттеу жұмысының құндылығы: ғылыми жоба кіріспеден негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Мазмұны:
 
I Кіріспе:
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. 
Г.Н. Потанин
 
II Негізгі бөлімі
1. Жер – су атаулары туралы аңыздары
2. Аспан денелері туралы аңыздары
 
III Қорытынды бөлім
 
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
                            
Кіріспе:
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. 
Г.Н. Потанин
 
                             
1835 жылы қараша айында әйгілі Абылай ханның шаңырағында Шыңғыс сұлтанның отбасында Құсмұрын бекінісінде Мұхаммед – Қанапия есімді сәби дүниеге келді.Ол титейінен алғыр зейінді болып өсті. Тілі де ерте шығып, зеректігімен көзге түсті..Әсіресе ол сәби шағынан үлкендердің әңгімесіне ерекше қызығушылық танытты. Әдетте аға сұлтан ордасына ат басын бұрар қонақ көп. Олардың арасында әкімшілік жайымен жүрген ел бейлеушілермен қатар, ескі әңгімелерді мол білетін қариялар, кезінде талай жорықтарды бастан өткерген кеуделі батырлар, сөзден өренек өретін билер мен шешендер, жыраулар мен өнерпаздар да баршылық. Сондайда Шыңғыс шаңырағында неше түрлі қилы әңгімелер арнасының ағыл- тегіл ақтарылып жататын дағдысы бар. 
Ал оларды есі кете қызығып тыңдаушылардың бірі  
 сол үйдің кішкентайы Мұхаммед- Қанафия.
 Ел аузында қалған сөздерде оның азан шақырып қойған әуелгі атының Шоқан болып өзгергені де осы тұрғыдан байыпталады.
                                           
Үлкендердің қасында тапылжымастан  шоқиып отырып әңгіме тыңдайтын баланы ата-анасы : «Шоқиғаным, Шоқаным ,- деп еркелетеді екен. Ақырында оны кейіннен бүкіл ағайын – туған, ел- жұрты да осылайша атап кетті. Бастапқыда Мұхаммед- Қанафия- кей ресми документтерде ғана болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды. Жаһан ғылымның биіктеріне , туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқанбоп, Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов болып аталды.
Тілі шығып, сөз түсіне бастаған шақтан –ақ сұлтан үйінің тәрбиесіне сай, жас баланың санасына оның хан тұқымы, айбынды Абылайдың шөбересі екендігіне қатысты әңгіме де шым- шымдап сіңірле бастады. Оған әрдайым «сен тура сол бабаңа тартқансың» деген сөздер айтылатын.
     Жас бала құмарта құлақ түретін қилы әңгімелер қатарында сол Абылай бабасы жайындағы аңыздар мен сөздер де тым мол. Оларды бар есіл –дертімен тыңдау үстінде Шоқанның көз алдында  сонау бір арпалысқа толы заман суреті , Бөгебай мен Қабанбай, Сырымбет пен Малайсары сынды ардақты батырлардың кесек бітімдері , олардың туған жерді жаулардан азат ету жолындағы ерлік жорықтары елестейтін.
              
Шоқанның балалық шағы әуелі Құсмұрында , содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте өткізген . Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған ғажайып сұлу өңір.
         Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді.
        Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» парыз болған. Сондықтан Шоқан шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген.
Шоқанның бала кезіндегі қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уалихановтардың үйінде ұзақ тұрған орыстың суретшілері мен геодезистерінен үйренеді. Оның үстіне Уәлихановтардың аулына  жиі- жиі қонаққа келіп жүрген орыс ғалымдары, инженелер мен білімді офицерлер де қабілетті баланы көркем өнер әдебиетіне құштарландыра түседі.
       Жас Шоқан сұңқар салып , саяттық құруға өте құмар болған. Сахарада саяхаттап ұзақ жүру оның дағдысына айналған.  Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман, өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалап , Шоқан өзінің туған елінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алған
      Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшие түседі. Ол үлкен қалада оқуды армандайды.. Шыңғыста оған терең білім беру үшін көрнекті оқу орнына  кіргенін қалайды.
       
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп , әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді.
      Сібір кадет корпусы 1845 жылы сібір линиялық казактарының әскери учелищесі негізінде құрылған және сол кездегі ең жақсы оқу орындарының бірі деп саналған.
        Шоқан кадет корпусына келгенде  орыс тілін білмейтін, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты.Ол үздік оқыды, тіпті өз құрдастарының алдына түсті. «Шоқан тез кемелденді,- деп еске алды оны мектептес досы Г.Н.Потанин».
        Еңбеккерлігімен және жеке басының жоғары қасиеттерімен ұштасқан жас Шоқанның терең білімі, әдеттен тыс зеректігі корпустың көптеген оқытушыларын таңдандырды. Шоқанның ерекше қабілеті әсіресе тарихты, географияны және шығыс әдебиетін оқып үйрену тұсында айқын көрінді және осы қасиеттерінің арқасында ол жұрттың назарын өзіне аударды.
      Арада екі-үш жыл өткенен кейін Шоқан өз класының алды ғана болмай, тіпті жоғары класс оқушыларын да өзінің зеректігімен басып озды.
      Екінші курстан бастап Шоқан мен  оның ұстаздары арасында етене жақындық  және достық  қатынастар орнайды.
      Жазғы демалыс кездерінде Шоқан Уалиханов сахарадағы өзінің ауылы- Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алуымен өзінің туған еңбекқор халқының өмірін жақыннан көріп , оның өлең жырларын, аңыз ертегілерін жазып алып, халық тұрмысының көріністерін суретке салып бейнелеуіне мүмкіндік беретін.
      Өзінің туған елі мен Шығыс елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде –ақ Шоқанның ойында болды. Ол «зерттелмеген Азияда» үлкен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді арман етеді. «Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, ғалым болуы да ықтималдеп жүрген кезде, Шоқан небәрі он төрт- он бес жаста ғана болатын»- дейді Г.Н.Потанин.  Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, өзінің замандастарынан өресі  анағұрлым биік адам болып шығады. Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты әскерлердің корнет деген офицерлік атақ алып шығады .
      Орыс тілін жетік білетін білімді Шоқанды, орыс геграфиялық ұйымы Азия халықтарының тұрмыс тіршілігін геграфилық жағдайын білуге жұмсайды. Шоқан қырғыз жеріне бірнеше рет сапар шегіп Қашқарияға атақты саяхатын жасау кезінде сол кездің жергілікті халықтарының бай ауыз әдебиетін жинақтап қағаз бетіне түсіреддіі. Шоқан тоқтаған елді мекендеріндегі  жер -су атауларының шығу тегі  туралы аңыздарды да жинақтап өзінің күнделігіне жазып отырған.
 Шоқанның замандас достары : Г.Н Потанин, Н.М Ядринцев, И.И Ибрагимов, Н.Ф Усов, Достаевский т.б ғалымдар болған
 
                    Жер – су атаулары туралы аңыздары
Шоқан бала кезінде нағашыларының аулына қыдырып бара жатқан кезде Зеренді көлінің шығу тегін білді. Көлдің Зеренді деп аталу себебі қарағайлы , таулы жерде жүретін зерен деген киік тектес бір қоңыр аң бар көрнеді. Сол аң осы қарағайлы адырда көп болады екен. 
 
Мына көлден су ішіп,қарағайды  қоныстап жүрсе керек.. Бертін келе ел қоныстанып жазда жайлау, қыста қыстау еткен соң, басқа  елі аз жерге қоныс аударып кеткен. Ертедегі елдің әдетінде  жерге, көлге ат қойғанда, сол жерді, суды қоныстаған аңның , құстың балықтың атына байланыстырып атай берген . Сол сияқты зерен көп қоныстанғандықтан  көл Зеренді аталыпты.
      Шоқан зертеуінде Семей қаласының  Семей атаулының сөзі- осы қорған ішінденгі жеті шатырлы балшық үйлер болғандығынан делінген дерек тапты. Ол жеті шатыр бір кездегі көшпелі қазақ жоңғар елдерінің бекініс етіп тұрғанын дәлелдейді екен. 
   
                                        Шыңғыс тауы «Хан биігі»
 
Қазақтың ұлы ақын Абай туған «Шыңғыс» тауы туралы да Шоқан аңыз жазып кеткен. Шыңғыс тауының биік қырқаларынан ереуілдеп көрінген биік шоқыны «Хан биігі»- деп аталады. Бұл шоқының хан биігі  аталғаны, ерте кезде Шыңғыс хан  деген дүние жүзін алған үлкен хан болыпты. Ол кісінің өз тегі монғол екен. Шығыс жақтағы елдерді жаулап боп, осы көшпелі қазақ елдерін шабуға келіпті. Қара нөпір үлкен даңқпен келген Шыңғыс ханның қолына көшпелі ел қарсы тұра аларма , соғыспай бағынып, алдарынан сыйлық алып шығып , мына Орда тауына Шыңғыс ханның ордасын тіккізіп құрмет көрсетіпті. «Біздің сізді ұлы хан тұтып бас игеніміздің белгісі болсын»,- деп, ел  ағалары Шыңғыс ханның өзін  анау биіктің басына алып шығып, ақ киізге орап төбелеріне хан көтеріпті. Сонан сол биік «Хан биігі» бүкіл тау сілемі «Шыңғыс тауы» атаныпты. Мына орда биігі  Шыңғыс ордасын тіккеннен «Орда» атаныпты.
 
«Қапал тауы»  қазақ сөзінде «Қапал» деген жеке атау болмаған. Өйткені қазақ сөзінде қапа болу бар-қайғылы  деген мағынада. Ол жер атына қойылмайды. Бұл жердің аты жер жаралып су аққанан «Қопалы» болатын. Оның аталу себебі – мынау жатқан  алқап қопа, ши, бір құнарлы қоныс болғандықтан айтылған. Сырттан келген төрелердің тілі келмей  Қапал деп аталып кеткен.
                 
Жетісу өлкесі- өлкенің бұлай деп аталу себебі Балқаш  көліне құятын: Лепсі, Ақсу, Қаратал, Іле, Көксу және Тентек, Аякөз- жеті өзенді сол жердің тұрғылықты халқы  «Жетісу» деп атаған.
 
«Қарқаралы» өзенінің аталуын Шоқан ел аузынан жазып алған аңызда былай деп түсіндіреді: «Ертеде қарқаралы деп қыздардың басына киетін үкісін айтатын болған. Ел көшкен кезде екі қыз бала ойнап жүріп көштен қалып қойған. Олар жол бойында  кездескен өзенді кесіп өтпек болған кезде суға кетіп қалған. Олардың үкілері су бетінде толқып қалып қойған. Сондықтан сол өзенді Қарқаралы деп атап кеткен.
 
        
                              «Сантас» тауы
Алатаудың Жоңғар Алатауы бөлігінде Сантас деп аталатын өте қолайлы асу бар. Осы асу арқылы халық таудың арғы – бетіне барып – келіп отырған. Мұның Сантас деп аталу себебін саяхатшы Шоқан өз күнделігінде: «Сантас атауы Ақсақ Темірдің кезінен қалған деседі. Әрбір жорыққа шыған алдында қаһарды Темір хан өзінің әрбір жауынгеріне қолдарын бір тас алып үюді бұйырған. Ал жорықтан келе жатқан кезде оның жауынгерлері үйілген тастан бір тас алып кететін болған. Қалған үйінді тасқа қарап Ақсақ темір сол жорықтан қанша жауынгерден айырылғанын білетін болған. Сол үйінділер кейінірек бірігіп, асуға айналып, ал халық оны көп тастарына қарап Сантас деп айтатын болған.  Шоқының жоғарғы белгісі 75 метр, аумағы оңтүстіктен егістікке созылып жатыр, ұзындығы 8 км шамасында. Тау көбінесе жазатын бор, ізбес (әк) және құмдармен күрделенген. Таудың қатты, тік беткейлері оңтүстікке қараған және теңіз бен батысқа қарап тұр. Батыс жағындағы баурайларында бор шығады, жергілікті тұрғындар қазып алады. Қазылған шұңқырларда жыландар мекендейді. Шығыс және солтүстік баурайында жазықтар тырс-бетегелі даласында шілік және шайқурай жапырақты тобылғымен көмкерілген. 
Бор шөгінділеріне ерекше тән кальций тұздары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солтүстік таудың етегіне қарай сортаңды және жер асты өсінділері қызшөп, бұзаубаспен жамылған. 
Сантас тауы облыстағы геологиялық – ботаникалық ескерткіш болып саналады.
Верный бекінісінде «Алмалық» деген жер бар . Бұл жердің бұлай аталу себебі осы алқапта жабайы алма, өрі, шие, алмұрт жемістері аса қалың өседі. Сондықтан жергілікті елдер «Алмалық» деп атап кеткен.
                      
                                       «Кеген» ауылы
Алматы облысында кезінде өз алдына аудан болған «Кеген» атты елді мекен бар. Қазіргі кезде бұл аудан Райымбек ауданының құрамында. Сол Кеген елді мекенінің шығу туралы аңызды Шоқан былай деп түсіндіреді. «Кеген» деген сөз  қазақ сөзі емес. Бізден бұрын осы жерлерді Жоңғар хандығы мекендепті.. Олардың елін қазақ қалмақ деп атайды. Сол елдің атауынан қалған көрінеді. Ол қалмақ жұрты бұлтқа табынады, суретке сиынып, соны тәңірі көретін көрнеді. Ол молдаларының үлкенін «Геген» деп атайды екен. Осы өзен бойында солардың «Гегені» тұрыпты. Сонан өзен аты «Кеген» атанып кетсе керек.
Шоқан  экспедициясының  бір тоқталған  жері Шалкөде жайлауы болды.Бұл жайлау басы Көгершінді бұлағынан басталып, аяғы Кегенге құятын Шалкөде өзенінің бойы. Шоқанға қызықты болған  өзен бойындағы ертеде салынған бекін орны. Бұл бекініс «Шартас» деп аталады екен. Шартастың айналасында бірнеше аңызға өзек боларлық суреттер тасқа ойылып салынған. Үңгір тастың солтүстік- шығысына таман жалпақ- жалпақ тастар қатарынан созылған. Солардың бірнешеуінде: бұғының, еліктің суреттері ойылып салынған. Үңгірге кіре берісте, оңтүстік шығысқа таман, дөңгелек қора сияқты шағын алаң бар екен. Осы алаңның іргелігі құсаған жалпақ таста астау сияқты ұзынша ойық тұр. Сол өзекше ойықтың оңтүстік шетінде жұдырық сиятындай тесік бар. Оның сыртында екі ротасы текшеленіп ойылған екі сым тас тұр.        
«Шартас» жайында аңызды Шоқан былай деп баяндайды: қырғыз елінің  Манас деген батыры- манабы болыпты. Ол кезде  қырғыз, қазақ бөлінбейді  екен. Қазақтан шыққан Ер Көкше деген батырмен екеуі қол бастап, ел қорғап осы Алатау маңында қалмақтармен соғысыпты. Сол Манастың Ер Көкшемен тізе қоса жаумен алысқандағы бір бекінісі осы жер болыпты. Дөңгелек алаңда Манастың құла аты жібек арқанмен арқандаулы тұрады екен.. Сондағы жібек арқанның бір ұшы тесік тасқа байлаулы болады екен. Ал сыртқы екі сәкі тастағы ойықтың  бірінде арпа, бірінде тұз астауда су тұрады деседі.
 
 
Құсмұрын- Шоқанның туған жері. Құсмұрын–осы аттас көлдің күнгейіндегі мекен. Жергілікті  білетін жұрттың айтуынша , бұл атау негізінде көлге емес, оның оңтүстігіндегі биік қырқаға қатысты туған. Бір жағы сүйірлене  барып бітетін ол төбе кейде алыстан байқағанда  қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсайды екен. Сондықтан да ол Құсмұрын аталып кеткен. 
Шоқанның қырғыздар туралы жазбаларында  «Бұғы» тайпасы туралы жазған аңызы бар.
«Бұғы» денегіміз сүтқоректі, аша тұяқты, кәдімгі мүйізді жануар. Тайпаның бұғы деп атануы жөнінде  халық арасында тамаша бір ертегі бар. Қар мырза мен Асан  Аламышық тауында бұғы аулап жүріп, бір топ маралдың ішінен бұғы мүйізді ғажайвп сұлу қыз бен баланы көреді. Баланы өлтіреді де, қызды бауырының үстіне  құлай кетіп, өлігін құшып, зар еңіреп жатқан жерінде ұстап алады. Мүйізді қыздың қарғысына ұшыраған Қара мырза мен Асан бала көрмей өтіпті, дейді аңыз.
Сұлуды ру басы Мырзағұлға алып келеді, сонан кейін Мырзағұл оған өзінің Жаманқұл деген немересін үйлендіреді. Кейінгі ұрпақтарының айтуына қарағанда ру анасы болған бұл әйелдің өзі жай кісі болмапты (киелі, қасиетті деген ұғымда) және де өзінің ғажайып даналығымен даңқы шығып, мүйіз бәйбіші атаныпты. Кейін бұл бәйбіше басын сумен жуып, жуындысын күңіне адам аяғы баспаған жерге төккізе жүріп, ақыры, маңдайындағы зейнетті әшкейінен  айырылыпты,  деседі. Бұл қызметті атқарып жүрген күң , әуестіктің салдарынан ба, әлде төгетін қолайлы жер таба алмады ма, әйтеуір, сол қасиетті суды ішіп содан жүкті болады да ұл туады, ұлының атын Желден қояды.
Алатау қырғыздары бұл қасиетті мүйізді ананың есімін күні бүгінге дейін қадір тұтып, қайғылы бір кезеңге тап болғанда, соған арнап құрбан шалып, жалбарынып, тілек тілейді. 
Мүйізді ананы Ыстықкөлдің қамқоршысы деп санайды және халықтың пікірінше оның рухы Ыстықкөл аймағын қорып, шарқ ұрып, ұшып жүреді екен.
Алатау ордасында сонау ерте заманның өзіне-ақ ханыда, сұлтаны да, бегі де болған емес, елді өздерінің рубасылары патрихалдық жолмен басқарып келеген. Аңыз былай дейді: бір кездері қығыздар ханға (оның қай кездің ханы және қай хан екені сірә белгісіз болуы керек,біреулер оны Жәнібек деп атйді) Жошы деген  кіші баласы өздеріне хан болуын тілеп, өтініш етіпті.Хан қырғыздардың өтінішін қабыл алып, өзінің ұлын кішкене бала еріне (ашамайға) мінгізіді де, елшілермен бірге атандырып жібереді. Бірақ Алатау ордасына бара жатқан жолында ханзада құланның ұйіріне тап болады да,соларды қуып жүріп қаза табады.
Халық аңызы осы оқиға керемет бір үлкен орды әкеліп байланыстырады. Бұл ор Қаратаудың басымен ұласып жатқан  Қоры өзенінін басталып, барлық тауларды кесіп өтеді де Ықылыас деген асудан аса Ілеге қарай беттеп, одан сірә Қашқараға дейін барады, сонан соң басқа жаққа бұрылып кетеді. Бұл оқиғаны тағыда толтыра түсетін тағы бір қызық аңыз  бар. Алатаудың Қашқар жақ бетінде, Шу өзенінің бас жағында, Хан тағы деп аталатын мекен- қоныстың маңында, аумағы жүз шақырымдай келетін кең жерді қоршап қаздырған терең бір ордың ізі бар. Бұл орды құландардан қаза тапқан ханзаданың әкесі қаздырған екен дейді. Сөйтеді де қол астындағы елдің бәрін жиғызып, Алатау сыртындағы далаға жауып жібереді де, құлан үйірінің бәрін қуып, сол орға қарай айдатады. Құландар орға құлап шетінен қырыла береді, тек ең соңғы екі құлан (бірі айғыр, бірі бие) ордан өлген құландардың үстін басып , бетпақ далаға өтіп кетеді де, құлан тұқымы қайтадан өсіп- өніп, көбейіп кетеді. Алатауда құланның жоқ болуы себебі әне содан болған, қазірде олар қырғыздың батыс бөлігінде мекендейді. 
Алатау қырғыздары бақытсыздыққа ұшырап , өздерінің қалап алған ханынан айырылған соң, қайтып ешкімге жалынбайды да, сөйтіп хансыз қалады. Ақсақ құлан –Жошы хан бұл халықтың ең алғашқы және ең соңғы ханы болып қалады.
Аспан денелері туралы аңыздары
Арқадан Атырауға дейінгі сайын далада көшіп қонып жүрген қазақ халқын табиғаттың төл баласы деседе болады. Олар табиғаттағы барлық құбылыстарға таңданып, ырым етумен қатар киелі нәрсе деп ұғып табына білген. Ертедегі адамдардың нәресте – пәк көңіл – санасы күнді, айды, жұлдыздарды, мәңгілік өзгерістегі бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты.
Кейбір қазақтардың ойынша, жұлдыздар асыл тастардан үйілген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететіндігіне сенеді.Енді біреулердің пікірінше , әрбір жұлдыз жердегі әрбір адамның жанымен сәйкес келеді, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да ағып түседі. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «Менің жұлдызым жоғары» деп айтатын болған. Болып- толып бақытты адамды «жұлдызы жанған» деседі.
 
Жетіқарақшы шоқ жұлдыздары  жеті ұры деп аталған. Ел аңызы бойынша, жұлдыздың көкжиек астына түсіп батуы оның тынығып ұйықтағаны. Ол түнде ұйықтамайды, күндіз көрінбейді. Жеті ұрының тұтқынында Үркердің қызы бар деп атайды .
         
Қазақ халқында Кемпірқосаққа байланысты мынадай аңыз бар: «Аспан әлемінде алып кемпір өмір сүреді. Ол өте тамақсау, күніне қырық қой, қырық мес қымыз ішеді . Оның қойларында есеп жоқ, күні түні аспан әлемінде жайылып жүреді. Бірақ қойларының түсі жердегі қойларды түсі секілді емес, олар жеті түсті- қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көкшіл болып келеді. Жаңбыр жауғаннан кейін күн шыққан бойда кемпір қойларын жердегі қазақ әйелдерше қосақтап саууға кіріседі Сонда аспан әлемінде қосақтаулы тұрған қойлар жердегі адамдарға көрінеді екен» Сондықтан қазақтар жаңбырдан кейін көрінетін бұл құбылысты кемпір қосақ деп атайтын болған.
Жетіқарақшының топ басшысы Қыранқарақшы Үркердің қызын мінгестіріп алып, үнемі қашып жүреді. Үркер қызын құтқармақшы болып қуып жүреді. Қазақтар Үркерге қарап түннің қай сағаты екенін және жыл мезгілін анықтайды.
Қазақтар аспанда Құс жолы бар деп есептеген. Сол жолдар арқылы жыл құстары күзде оңтүстікке, көктемде бізге ұшып келеді деп санаған.
 
Қазақтар күнді әулие тұтқан. Ауырған кезде ырым етіп, бара жатқан күнге қарап ұшықтаған. Халық алаулап, қызарып батып бара жатқан күннен шошынатын болған. Егер күн осылай батып бара жатса, ертеңгі күні жаман оқиға болады деп сескенген, егер бұлтқа батса, келесі күні жаңбырлы болатынын біліп отырған.
Қазақ халқы көкті , яғни аспанды, аспан денелерінің барлығын құрметтеген. Халық кейде табиғаттың көптеген құбылыстарын түсінбеген. Мысалы, күннің күркіреуінен қатты қорқатын болған. Оны тәңірдің қаһарлы даусы, ал найзағайды шайтандарға атқан оқ деп түсінген. 
        
Шоқан табиғат құдіретінің тағы бір көрнісі – құйынға аса мән берген. Өзінің табиғаттың тылысым күштерін баян еткен еңбегінде құйын туралы былай дейді: Құйын- өзінен өзі туған, тәңірлердің бірі деп саналатын болуға тиіс, өйткені қазақтар құйынды көргенде  «тіфу, тіфу, тіфу!» деп үш рет түкіреді. Сонымен қатар, құйынға тап болған кезде адам етпетіне жата қалу керек, өйткені құйынның ішінде шайтан болады, ал шайтан адамның бет аузын қисайтып жібереді деген ұғым болған.
 
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, ұлтымыздың ұлы перзенті Шоқан алғашқы боп беймәлім күйдегі табиғи құбылыстары мен жер- су атауларының  құпиясын зерттеп, жинақтады. Өзге ұлттың ойшыл өкілдеріне туған халқының жер-су аттары мен аспан денелері туралы аса көркемдікпен пайымдаған наным- сенімдерін аңыздарын жария етті. Шоқан өз елінің өнеге толы үрдістерін көрсетуді көздеді. 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Шоқан Уалиханов «Таңдамалы» Алматы: Жазушы 1985жыл.
 
2. Ж. Бейсенбаев «Жасын тағдыр –жарқылы»
 
      3.Сапарғали Бегелин «Шоқан асулары»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Аққан жұлдыз" атты сыныптан тыс іс-шара
Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Ш. Уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов – ғалым
Шоқан Уәлиханов
С. Бегалин Бала Шоқан
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12261 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык