Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 17972 |
|
|
|
Жергілікті жерді бағдарлау.
Сабақтың тақырыбы: §7.Жергілікті жерді бағдарлау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын,азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту.
2.Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін арттыруға,өздігінен білім алуға,сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру,бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту.
3.Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық,өнеге-тәлімдерін(үлкенді тыңдау,адамгершілік,
ұйымшылдық,тапқырлық)үйрету және табиғат сұлулығын тану,оны аялау,қорғау,туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек,көкжиек тұстары туралы түсінігі.
Негізгі ұғымдар:бағдарлау, азимут,тұсбағар,
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»
әңгімесі,тұсбағдарлар,үлестірмелер,транспортирлер,
атлас,Қызылорда қаласының планы,суреттер.жұмыс дәптері.
Техникалық құралдары: интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері,тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,физика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгендеу, топқа бөліп отырғызу.
2.Сабаққа даярлығын білу,күннің ауа райы жайлы хабарын,
үйге берілген тапсырманы білу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.№1-2-слайд
1.«Сандар сөйлейді» ойыны.Тақтадағы кестені әр оқушының қалауы бойынша ашып,сұрақтарға жауап алу.
365 күн 24 150млн шқ 4
40000шқ 6371шқ
66,5 29
2.Сұрақтарға толық жауап алғанда,тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
ІІІ.Жаңа сабақ. №3,4,5 слайд
Сабақтың эпиграфы:
Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Неге сабақтың эпиграфы ретінде Ы.Алтынсарин атамыздың өлеңінен үзінді алып отырмыз? Сендер үйде Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»әңгімесін оқыдыңдар.Осы әңгімеден бүгінгі сабаққа байланысты не айтар едіңдер?
Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау.
Жоспары :
1.Тұрған жерді және жүру бағытын тұсбағармен анықтау.
2.Азимут бойынша жол тауып жүру.
Оқулықтың 21-бетіндегі тірек білімді еске түсіруге арналған сұрақтарды оқып жауап берейік:№6-слайд
1. «Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не?
2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары қалай деп аталады?
3.Тұсбағдарды пайдаланып пайдаланып,көкжиек тұстарын қалай бағдарлайды?
4.Қандай табиғи белгілерге қарап,көкжиек тұстарын анықтауға болады?
5.Бағдарлау деген не?
І.Қызығушылықты ояту.
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып,оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.
-Үсен көшті табу үшін,жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?
Оқушылар жауабы:
1.Малдың жас тезегін тауып алуы;
2.Молалы жерде ел болады;
3.Құс ұшқан жерде көл болады,көлді жерде ел болады.
Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.
ІІ.Мағынаны тану.
1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын,
бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Бағдарлаудың екі түрі бар:
а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау.
Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз.Белгісіз жерде жүру,жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі.Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды.№7-слайд
Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады.Азимут арабша ас-сумут –жол деген мағына береді.
Азимут А әрпімен белгіленеді.
Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады.№8,9,-слайдтар
Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°)
Шеңбердің әр бөлігін 90°–тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады.
Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін.Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді.
2.Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту.№10-11-слайд
Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің
тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.
Азимут (арабша ас-сумут –жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады.
Топтарға тұсбағар беріліп,тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін көрсетемін.Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін.№12-слайд
ІІІ.Ой-толғаныс.
Ереже жазылған тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.
1-топ.Ережені есіңе сақта!Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.№13-слайд
Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта:
Мысалы Аº (СШ)=90º:2=45 º
1. Аº (ОШ)=90º+?....
2. Аº(ОБ) =180 º+?...
3. Аº(СБ) =?-45 º=....
2-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.
Транспортирді пайдаланып,суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта.№14-слайд
3-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.
Картада және планда арнайы бағытпен солтүстік көрстілмесе,онда жоғарғы жағы солтүстік,төменгі жағы оңтүстік,оң жағы шығыс,сол жағы батыс.
Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар. Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта,қандай азимутта орналасқанын анықта.№15-слайд
ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16-слайд
1.Ортаға 4 оқушы шығады.Ойша бетіңді солтүстікке қарат.Сонда арт жағың.......,сол жағың.....,оң жағың....., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.
2.Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17-слайд
3.Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18-слайд
V.Қорыту,бағалау.№19-слайд
Әр топ бағалау парағын толтырып өткізеді.
Бағалау парағы
Топтағы оқушының аты-жөні Талдау жұмысына
белсене
қатысуы Орындалған тапсырмалар-дың
бағасы Қосымша сұрақтарға жауап беруі Басқаны тыңдай және тыңдата білуі Қоры-тынды баға
++ жоғары
+ орташа
-- төмен
VІ.Үйге тапсырма. 1).§7 оқу.2).3-тапсырма.
Ашық сабақ
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |