Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері


Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері

Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алдыңғы сабақта алған географиялық координаттар, оларды анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру.

Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою:

1. Географиялық координаттар дегеніміз не?

2. Географиялық ендік дегеніміз не?

3. Географиялық бойлық дегеніміз не?

4. Глобустан қашықтықты қалай өлшеуге болады?

5. Неге жер бетінен картаға еш бұрмаланусыз түсіруге болмайды?

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(13 мин)

Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз.

Градус торы дегеніміз- меридиан мен параллель сызықтарының қиылысында пайда болған торды айтады.

Картада географиялық координатты анықтайтын формула:

Мысалы: нүкте 40º пен 45º солтүстік ендіктердің, 70º пен 75º шығыс бойлықтардың аралығында жатыр. Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғыш пен екі параллельдің ара қашықтығын (АВ) және төменгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз. Картада АВ 5º тең.

АВ-5º                      

АН-х                 

                                 х= АН*5º/ АВ

АН қашықтығының градус мөлшерін 40º-қа қосамыз. Егер картадан АН қашықтығын орнына ВН қашықтығын өлшесек, табылған шаманы 45º-тан алып тастар едік. Бәрібір нәтижесі бірдей.

Бойлықтарды да осы әдіспен есептеп табамыз. Сызғышпен СД және СН қашықтықтарын өлшейміз:

СД-5º

СН-х

                   х= СН*5º/ СД

Шыққан нүкте 70º қосамыз Н нүктенің бойлығы шығады.

 

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

(10 мин)

Төмендегі тапсырмаларды орындау:

географиялық объектінің координатасы

Географиялық объектінің аты

6º ш.б. 46º с.е.

72º ш.б. 48º с.е.

72º б.б. 32º о.е.

60º б.б. 66º о.е.

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(7 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

- Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар?

- Градус торы дегеніміз не?

- Тақтадан ендік пен бойлықты сызып көрсет.

- Гринвич меридианнын тап.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§  13 оқу. Өздерің тұрған мемлекеттің, облысты, қаланың координатасын анықту.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру
Глобус. Глобустан картаға көшу
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері
Сарамандық жұмыс №1
Глобус. Глобустан картаға көшу
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4095 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык