Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау


План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау

План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жерді компоспен қалай бағдарлау керек екендігін түсіндіру. Азимут туралы түсінік қалыптастыру және азимут арқылы жол табуды, анықтау туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардағы алған дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде  оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: тұсбағар  

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

5. Бағалау кезеңі

6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)

Азимут (арабша ас-сумут -жол)- деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады.

Азимут бойынша жүру дегеніміз- алдын- ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды тұсбағдармен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Осындай жолды айтады.

Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер алдын-ала дайындалып алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт- жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, тұсбағдардың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісті жол жүруші бір бағдармен екінші бағдарға дейін жетіп отырады.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

 

 

 

 

 

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

(10 мин)

Оқушылармен класта орналасқан кез-келген заттың азимутын анықтау, дәптерге сызып алу.

 

Мұғалім көмегімен кез-келген заттың азимутын анықтау. Оны дәптерге сызып алу.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Сонымен азимут дегеніміз не?
  2. Азимут не үшін қажет?
  3. Азимут арқылы бағдарлау үшін не істеу керек?
  4. Азимуттың сызбасын градуспен тақтаға сызып, түсіндір.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

5. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§ 7 оқу. Анықтамаларды жаттау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб
Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру
Глобус. Глобустан картаға көшу
Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу
Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы
Жергілікті жерді бағдарлау
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Жергілікті жерді бағдарлау.
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5816 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык