Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Хайуанаттарды мүсіндеу.


Хайуанаттарды мүсіндеу.

         Хайуанаттарды  мүсіндеу.


Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттарды  мүсіндеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру.Хайуанаттардың мүсіндері жасалу әдістерін үйрету.Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой- қиялдарға, шығармашылық     ізденістерге баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың теориялық ойларын ықшамдап,ұйымшылдыққа, нақтылыққа, жүйелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап.
Көрнекілігі: Хайуанаттар  суреті, ермексаз, слайдтар, көрме ұйымдастыру.
                               

                                   Сабақтың  барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ермексазбен жұмыс.
5. Топтық тапсырмалар.
6. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7. Қорытындылау, бағалау.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Топпен жұмыс     (қоян, қасқыр, түлкі, аю)   (әр топқа бір негізгі элементтің түрін көрсету ) 

 І топ. Ою дегеніміз не?           

 ІІ топ. Сырмақ дегеніміз не?  

 ІІІ топ. Оюмен қандай заттарды  безендіруге болады?

 ІV топ. Оюдың негізгі элементтерін ата.


Жаңа сабақ

(Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақты шешкенде шығады)
1. «Қимылсыз, өлі табиғат» деп аударылады,онда жеміс- жидек,гүл бейнеленеді.

2. Өзі айлакер,өзі бір қу,жүрген жері айқай да шу.

3. Қазір жылдың қай мезгілі

   4. Қарындаш іздерін өшіруге арналған құрал.

       5. Бояулар арқылы жасалынатын өнер туындысы

 

Н

А

Т

Ю

Р

М

О

Р

Т

 
 

Т

Ү

Л

К

І

 

Қ

Ы

С

 

Ө

Ш

І

Р

Г

І

Ш

К

Е

С

К

І

Н

Д

Е

М

Е

 

Латынның «Sculptura» – «қашау, кесу,шабу,пластика» сөзінен шыққан

   Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.

Мүсін түрлері: жұмыр мүсін,бедерлі мүсін.

Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.

Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.

Жануарларды бейнелеу- өнердегі өте көне дәуірден келе жатқан тақырып.

Барлық кезеңдегі суретшілер хайуанаттарды мүсіндеп, суретін салып бейнеленген.Бейнелеу өнерінің анималистикалық жанры осылай пайда болған.    Анималистер құстар,жәндіктер мен жануарлар өмірінен сурет салып, табиғат туралы кітаптарды олардың бейнесімен безендірген. Олар өздері бейнелеп отырған жәндіктер мен жануарлардың, құстардың тіршілігін, мінез – құлқын, түр- тұлғасын жақсы білген.

   Қазақстан анималист – суретшілер: Бапанов Әлімбай, Телжанов Канафия Темір - Болатұлы, Шаяхметов Кәмил Махмұдұлы, Наурызбаев Хакімжан Исмаханұлы Досмағамбетов Төлегенді айтсақ, Есіл жағасындағы барыс бейнесін және баланың өмірін қасқыр құтқарған қасқыр  мүсіндеген мүсіндері бар

Анималист – суретшілердің жануарларды, құстарды бейнелеу барысындағы жұмыс кезеңдері:

  • Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау:
  • Оларға тән қозғалысты анықтау:
  • Олардың жүріс- тұрысымен, қозғалу қылығымен таныстыру:
  • Сыртқы түр – тұлғасының ерекшелігі (терісі, түгі,қауырсыны)

Оқушылармен бірге анималист – суретшілердің жұмыс кезеңдері бойынша хайуанаттарды бейнеленген фотосуреттер көрсету.(слайд)

 

Оқулықпен жұмыс:

 

Хайуанаттар мінездеме беру.
Берілген үлгіні көрсете отырып, хайуанаттар ермексаздан мүсіндеп жасау. Ермексаздан берілген үлгіге қарап, тиянақты түрде орындау.
 

Есіңе сақта !

                                             Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

 

 1.Ермексазды ауызға салмау;

 2.Жұмыс орныңды таза сақтау;

 3.Жұмыс аяқталған соң, қолды жуу.

 4.Орамал қолдану.

                                 

                      Мүсіндеу жолдары

  • Мүсіндейтін хайуанатымыздың түсіне сәйкес ермексазымызды таңдап аламыз
  • Ермексазды бөліктерге бөлу.
  • Алақан арасына салып илеу, жұмсарту.
  • Алдымен жануарлардың  денесін, одан соң басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап алу.
  • Бөліктерді жапсырып біріктіру. Мысалы: қоянның денесіне басын жапсырамыз, содан кейін құйрығын, аяғын, құлағын жапсыру; Біріккен жерлерін тегістеу.

                 Сергіту сәті

     Ұзын құлақ , сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

«Артық сөзді тап» ойыны.


* Аю, түлкі, қасқыр, мысық

* Балық, сазан,шортан,  көгершін.
* Орындық, үстел, парта, сауысқан.
* Сиыр, түйе,қой,  қарлығаш.


Қорытындылау.

 

1. Мүсіннің қандай түрлерін білесің?

2.Мүсін қандай заттардан жасалады?

3. Мүсін қандай тәсілмен жасалады?

4. Анималист –суретшілер нені бейнелейді?

 

Әр топ өз хайуанаттарына  өлең құрастыру

Бағалау.

Оқушылардың ермексаздан жасалған хайуанаттар мүсінін тексеру, мадақтау.  Көрме ұйымдастыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәндік қолданбалы өнер
Хайуанаттар бағында
Натюрморт жанры
Орта ғасырлардағы өнер
Римнің мәдени өмірі
Африкада кімдер тұрады?
Аққала
Хохлома ыдысы
Ермексаз және менің сүйікті кейіпкерлерім
Архитектура және өнер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 14907 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык