Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 2283 |
|
|
|
Ғажайып информатика
Тақырыбы: «Ғажайып информатика»
Мақсаты: Оқушылардың компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін арттыру, компьютерлік іскерлігін дамыту.
І жүргізуші : Тойлап маржандай боп өлеңдесіп ,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата-салт , баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
ІІ жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Информатика жайында
Ойын сайысты бастаймыз
І жүргізуші: Жас достарым
Мұны жақсы ұғайық
Информатика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну
Есебіңіз , программаңыз дүние кілті әлі де
ІІ жүргізуші: «Ғажайып информатика» сайысына қатысушы ойыншыларын ортаға шақырып,
сайысымыздың әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлайық.
І жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
ІІ жүргізуші: Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді –дей отырып , сайысымыздың І кезеңі «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруға сөз береміз
І жүргізуші: Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып , шындарға биік қонғайсың демекпіз. Сайысымыздың «Білімді мыңды жығар» атты ІІ кезеңін бастаймыз.
ІІ жүргізуші: Сіздерге ортақ 20 сұрақ беріледі .
1. Вирустардың кері әсерін жоятын программа (антивирус)
2. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жад)
3. Екілік жүйенің сандары (0,1)
4. Логикалық қосу қалай аталады ? (дизьюнкция)
5. Логикалық көбейту қалай аталады ?(коньюнкция)
6. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
7. Қағаздағы көріністі дисплейге (экранға ) түсіруші құрылғы (сканер)
8. Компьютердің ми, ең басты бөлігі (процессор)
9. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)
10. Winzip, winrar қандай программа (Архиватор)
11. Принтердің түрлерін ата (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
12. Ақпарттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
13. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Бээбидж)
14. Эем-нің неше буыны бар ? (5 буыны)
15. «Информатика» ғылымы нені зерттейді ? (ақпараттық процестерді)
16. Ақпарттың неше түрі бар ? (3 түрі бар Мәтіндік, символдық, графикалық)
17. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. (жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан)
18. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы ( модем)
19. Дүние жүзілік компьютерлер арасындағы байланыс (Интернет )
20. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (интерфейс)
І жүргізуші: Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Компьютер емей немене ?
ІІ жүргізуші: Робаттай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене ? сайсымыздың «Көркем сурет» атта ІІІ кезеңінде компьютермен жұмыс істеу яғни Paint редакторында геометриялық фигураларды пайдаланып құрақтардың эскизін жасау .
І жүргізуші: Білмегенді білдірген
Өлшем киім кигізген
Компьютер емей немене ?
ІІ жүргізуші: Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене ? ІV кезең «Белгісіз әлем» Оқушылар бұл кезеңде берілген сөздерді ASCII коды және сәйкестендіру кестесі арқылы кодтап табу керек
І топ
88 8Д 94 8Е 90 8С 80 92 88 8А 80
10001000 10001101 10010100 10001110 10010000 10001100 10000000 10010010 10001000 10001010 10000000
И Н Ф О Р М А Т И К А
ІІ топ
57 69 6Е 64 6F 77 73
01010111 01101001 01101110 01100100 01101111 01110111 01110011
W i n d o w s
ІІІ топ
8F E0 AE A3 E0 A0 AC AC A0
10001111 11100000 10101110 10100011 11100000 10100000 10101100 10101100 10100000
П р о г р а м м а
ІV топ
88 АD E2 A5 E0 E4 A5 A9 E1
10001000 101011011 11100010 10100101 11100000 11100100 10100101 10101001 11100001
И н т е р ф е й с
І жүргізуші : Болам десең , теңізші , не ұшқыш қаласың
Дәрігерлікте жақсы ғой
Қызметке жарасың
Сондықтан да , сондықтан
Сол ғылымның тілін біл !
ІІ жүргізуші : Ал сол үшін біздерге
Информатика керек қой !
Сондықтан да , сондықтан
Сол ғылымның тілін біл !
І жүргізуші: V кезең «Ұшқыр ойлар» бұл кезеңде оқушылар белгілі бір тақырыпқа
обьектілер орналастырып , анимациялық эффектілер орнату
ІІ жүргізуші : Сайысымыздың сонңында білімімен, ұтымды жауабымен , шапшаңдығымен жеңіп шыққан топтарды марапаттау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы ,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар ,білім қусақ
ІІ жүргізуші : Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет !
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |