Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4088 |
|
|
|
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Құрметті ұстаздар мен студенттер сіздер бүгін математика, физика, информатика, экономика айлығына арналған «Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр? » атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен,
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен,
Компьютер емей немене?
Енді ортаға әрі білімді, әрі тапқыр, әрі жүйрік студенттерден құралған «Бэббидж ұрпақтары», «Gamery», «Интернет» топтарын ортаға шақырайық. Топтар орналасып болса,
Әділқазы, аққазыға бір сәлем,
Әділеттілікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір,
Сарапта, әділдікпен шеше біл, – дегендей әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
Информатика пәнінің мұғалімі, ПЦК жетекшісі: Шоңыраева Әлия Рамазанқызы.
Информатика пәнінің мұғалімі: Қанатова Айнұр.
Математиа пәнінің мұғалімі – Тасжанова Балжан Кеңесқызы.
Олай болса іске сәт!
I – тур. «Белес» деп аталады. Бұл тур 2 бөлімнен тұрады: 1) викториналық сұрақтар; 2) әрбір топ экранда берілген сұраққа жауап береді. Әр топқа 6 сұрақтан қойылады, әрбір сұрақ 10 ұпайға ие.
I – топтың сұрақтары:
1. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? /Чарлз Бэббидж/
2. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны... /Файл/
3. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы қалай аталады? /Модем/
4. 1 кбайтты қанша байт бар? /1024 байт/
5. Дыбыс шығару кұрылғысы. /Калонка/
6. Ақпаратты шығару құрылғысы /принтер/
7. Курсордың сол жағындағы символды өшіру пернесі /Backspake/
8. Компьютер жанына қойылатын өсімдік /Кактус/
II – топтың сұрақтары:
1. Ертедегі гректер мен римдіктердің есепшотқа ұқсас есептеу құралы? /Абак/
2. Ақпарат өлшеудің ең кіші бірлігі? /Бит/
3. Жұмыс үстелінің обьектілерін ата. /Мой компьютер, Мои документы.../
4. Мәтіндік құжаттар құруға арналған программа. /Мәтіндік редактор/
5. Вирустардың кері әсерін жоюға арналған программа /Антивирус/
6. Акпараттың неше түрі бар? /мәтіндік, графикалык, символдык/
7. Мәліметтерді енгізу пернесі /Enter/
8. Бос орын қалдыру пернесі /Пробел/
III – топтың сұрақтары:
1. Сурет салуға арналған программа. /Paint/
2. Мәтін түрлерін ата. /Кәдімгі, кестелік, программалық, енгізілген обьектілер/
3. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. /Курсор/
4. Word редакторын жүктеудің 3 тәсілін көрсет. /Пиктограмма, пуск, office/
5. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті кұрылғы. /модем/
6. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? /informatio/
7. Курсордың оң жағындағы символды өшіру пернесі /Delete/
8. Дүниежүзілік компьютерлік желі /Интернет/
Енді 1-турдың 2-ші бөлімі бойынша проектор экранындағы батырмалар-дың біреуін таңдау арқылы компьютердің құрылғыларын дәл атап және қандай қызмет атқаратынын айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
II – тур. «Сиқырлы есептер». Бұл турда санау жүйелеріне 1 тапсырма берілген. 1) Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне айналдыруға арналған тапсырма. Толық жауапқа 20 ұпай беріледі, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі. 3 минут уақыт беріледі
1) Санау жүйелері
1. Мен 1111(15) жастамын. Мектеп табалдырығын 111(7) жасымда аттадым. Мен 10001(17) мектептің 1001(9) сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001(25) оқушы.
2. Менің класымда 10001(17) оқушы. 1001(9) оқушы ұл бала, 1000(8) оқушы қыз бала.1011(11) оқушы озат оқиды. 110(6) оқушы жақсы оқиды.
3. Ол 10000(16) жаста болатын, 1010(10) сыныпқа баратын. Портфелінде 100(4) кітабы, 111(7) дәптері болатын. Сабақтан 1110(14) қайтатын.
Топтар есептерін шығарып жатқанда,
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін көрерменге берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік,- деп көрермендерімізге кезек береміз.
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. /Компьютер/
2. ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? /60 – 70 см/
3. Компьютер ауруы. /Вирус/
4. Дүнижүзілік компьютерлік желі. /Интернет/
5. Компьютердің «ақыл - ойы», ең басты бөлігі. /Процессор/
6. 1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? /5/
7. Мәліметті енгізу пернесі? / Enter /
8. Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді. /Тышқан/
9. Санау жүйелерінің қандай түрлері бар? /Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық/
10. Файлдар жиыны. /Бума-папка/
11. Баспа құрылғысы. /Принтер/
12. Графиксызғыш құрылғы. /Плоттер/
13. Сазгер қорап. /Сазтаған-колонкалар/
14. Жолдар мен бағанның қиылысуы. /Ұяшық/
15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттың көркемделуі. /Пішімдеу/
16. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиыны. /Санау жүйесі/
17. Сыртқы жады. /Диск/
18. Сиялы қорап /Бүрккіш принтер/
19. Монитор қандай құрылғы /ақпарат шығарушы/
Екінші тур бойынша әділқазылар алқасынан жинаған ұпай сандарын сұраймыз.
III – тур. «Заңдылықтарды сақтау» . Бұл турда математикалық өрнектер беріледі, осы өрнектерді Паскаль тіліне заңдылықтарын сақтай отырып аудару қажет. Толық тапсырманы орындаған топқа 20 ұпай, ал жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі. Есептерді шығаруға 3 минут уақыт берілген.
1-тапсырма:
І топ: (а-в)²)*(а+2в)/ (sin²x);
ІІ топ:(sin²x+cos²x)/x³;
ІІІ топ:(x-y)³/(sin²x-cos²x);
Жауабы:
І топ:(sgr(a-b)*( a+2*b))/ sgr(sin(x));
ІІ топ:(sgr(sin(x))+sgr(cos(x)))/(sgr(x)*x);
ІІІ топ:(sgr(x-y)*(x-y))/(sgr(sin(x))-sgr(cos(x)));
IV – тур. «Кім жүйрік?». Қатені табу. Берілген мәтіннен компьютермен жұмыс істеген кездегі жіберген қателіктерді анықтау, дұрыс жауабын беру, яғни компьютердің құрылғыларының дұрыс қызметін анықтап айту. Бұл турда толық жауапқа 20 ұпай беріледі, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі. 5 минут уақыт беріледі.
Мәтінді оқып, тапқан қателерді жазу.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын, Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын.Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саласын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын. /5 қате/
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады.
4. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салынады.
5. Микрофон арқылы әндерді тыңдауға болады.
2. Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын. /3 қате/
1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын.
3. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез – келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтеді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын. /3 қате/
1. Word графикалық редакторы емес.
2. Word – та суреттің кез – келген бөлігін бояу оңай емес.
3. Графикалық .bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.
«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын V бөлімін бастаймыз.
V. Ғажайып үштік. Бұл бөлімде топ студенттері төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр сұраққа 1 минут беріледі.
20 ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1) 20 сол жақ. Ақпараттың өлшем бірліктері?
Жауабы: бит, байт, килобайт,
мегабайт, гигабайт, терабайт
2) 20 орта. Қандай стандартты бағдарламалар бар?
Жауабы: Блокнот, Калькулятор,
Paint графикалық редакторы,
WordPad
3) 20 оң жақ. Компьютердің негізгі құрылғылары
Жауабы: жүйелік блок, монитор,
пернетақта
30 ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1) 30 сол жақ. «5» екілік жүйеде қандай сан?
Жауабы: 101
2) 30 орта. Ішкі сақтау құрылғысымен байланыста болатын құрылғы?
Жауабы: процессор
3) 30 оң жақ. Word редакторы қандай құжаттармен жұмыс істеуге арналған?
Жауабы: мәтіндік
құжаттармен
40 ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1) 40 сол жақ. 1, 2, 4,8 сандарының тізбегі берілген. Келесі санды тап.
Жауабы: 16
2) 40 орта. 5х6 өлшемді кестенің қайсысы жолы мен бағаны болып табылады?
Жауабы: 5-жолы
6-бағаны
3) 40 оң жақ. Қарапайым Web-беттерді жасауға арналған бағдарлама және
оның кеңейтілуі?
Жауабы: Блокнот,
кеңейтілуі: htm немесеhtml
VI – тур. «Режиссер» (Шығармашылық жұмыс).
Әр топ өздері дайындап әкелген слайдтарын, фильмдерін демонстрациялайды. Қай программада өңделгені туралы айтып өтеді. Әр команда өздері түсірген көрсетіп қорғайды. Ол бағаланды
1. Тақырыптың өзектілігі
2. Сюжеттің тартымдылығы
3. Фильмді қорғау – бағытында бағаланды.
Бұл турда студенттердің жұмысына 40 ұпай беріледі. 4 минут уақыт беріледі.
Әділқазылар мүшелеріне қорытынды сөз береміз.
Шындықты алғаш таратқан ,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Информатика ғылымы емей немене?- деп сайысымызды аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |