Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Информатика әлемі


Информатика әлемі

Информатика әлемі

А.Р.Сыдық

Талғар қаласы,  № 7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар

мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі

Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд

1-жүргізуші

Сіздерді апталыққа шақырамыз

Сұрақпен бастарыңызды қатырамыз

Информатиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз

 

2-жүргізуші

Апталық он сегізінші ақпанда басталды

Ұмыт болғанды еске салды

Қиын да болса қызық сабақ

Жұмыс істетейік бастарды

 

1-жүргізуші

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Информатика   елінде

Информатика тілінде

Сұрақ шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

 

2-жүргізуші

Шабыттасып шалқысып

Сұрақпен ән салысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге бастайық

1-жүргізуші

Мұнда қызық табылар

Суретті жұмбақ шеш жұмбақ

Ой, хой, бір қызық кеш болар

Өздеріңмен бес болар.

-         Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемі» сайысына қош келіпсіздер!

-         Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші

Әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:

Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі:

Бірлестік жетекшісі:

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

Таныстыру

Бәйге

Полиглот

Ғажайып жетілік

Егер мен болсам…

Көкпар

Жорға

Оқушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.

1-жүргізуші

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Компьютер» және «Интернет» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

1 кезең -Таныстыру

  1. «Компьютер» тобы
  2. «Интернет» тобына

2-жүргізуші

2-кезең. Бәйге

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-

дей отырып,Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушыларға  сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады.

1-жүргізуші

 «Компьютер» тобына

Сұрақтары:

1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ (Терезе)

2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (Интерфейс)

3. Caps Lock пернесінің қызметі (бас әріптермен жазады)

4. Жаңа буманы қалай құрамыз?

( Жұмыс столында тышқанның оң жағын шертіп, Создать-папку командасын орындаймыз. Файл менюінен Создать-папку командасын орындаймыз)

5.  Өшіру кезінде пайдаланылатын пернелерді ата? ( BACKSPACE, DEL)

6. Қағаздағы кескінді экран бетіне шығаратын құрылғы (Сканер)

2-жүргізуші

«Интернет» тобына

1. Аталған байттар тізбегі? (файл)
2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? ( пернетақта, )
3.Компьютердің ақыл – ойы? ( процессор)
4. Мәтін дегеніміз не? ( Жолдар тізбегі)
5 Вирустың кері әсерін жоятын программа? ( антивирус)
6. Мензердін алдындагы символды кетіретін перне ( Delete,)

1-жүргізуші

3 кезең. Полиглот. Бұл жерде әр топқа сұрақ қойылады, жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады.

«Компьютер» тобына

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)

2. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус, кактус )

2-жүргізуші

«Интернет» тобына

  1.  Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы … (тоқ, ток, currnt)
    2. Өнер алды қызыл … (тіл, язык, landuade)
    3. Өшірілген папкалар қай жерде сақталады?   (себет, корзин,  )
  2. Өзінен зиянды сәуле шашатын,

Адам көзін құртатын жалмауыз

1-жүргізуші

 4-кезең.  Ғажайып жетілік

Жетіліктің сұрағы көп сабақтан

Әр шәкірттердің білгірі алға шығады

Асықпаңдар, ойланыңдар балалар

Үш жауап бар, біреуі оның шырағы

Сайысымыздың келесі кезеңі- «Ғажайып жетілік». Өздеріңіз білесіздер Информатика сабағы басқа сабақтармен тығыз байланыста.

Сондықтан сіздерге әр түрлі пәннен сұрақ жасырылған.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

 

20. Қазақ әдебиеті пәнінен- «Сыр сандық» өлеңінің авторы. (С.Сейфуллин)

20. Тарих пәнінен -Әль-Фараби дегеніміз кім, қай жерде дүниеге  келді? (ғұлама философы, 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді.)

20. Сыйлық

30. Физика пәнінен- Инерция дегеніміз не?

(дене басқа дене әсерін тигізгендегі жылдамдығын сақтау құбылысы)

30. Математика пәнінен- Гипотенуза деп нені айтамыз?

30. Жұмыс үтелінің фонын ауыстыру (маустың оң жағын басып Свойства – Рабочи стол- сурет көрсету – ОК)

40. Биология пәнінен-Астық тұқымдастарды ата? Бидай, тары, сулы, арпа

40. Орыс әдебиетінен – Жил старик со своею старухой.

У самого синего моря;Өлең жолдарының авторы кім?

(А.С.Пушкин. «Сказка о рыбаке и рыбке»)

40. География пәнінен-Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхиты)

Қосымша сұрақ

2-жүргізуші

5-кезең . Егер мен болсам…

Егер болсақ мамандықтың иесі

Не істер едің бұл өмірге жүйелі

Ауыр тастан, өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, баба сөзі киелі

 Сайысымыздың келесі кезеңі- “Егер мен болсам…”

Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 1 минут уақыт берейік.

1.Табақтағы су

2.Сабын

3.Орамал

4.Ақ бет қағаз

5.Спирт

6.Мақта

7.Қайшы

 8. Сым

Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің  бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады.

1-жүргізуші

6-кезең Көкпар

Білімдіден шығады алғыр, шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің  есең

Сайысымыздың келесі кезеңі- “Көкпар»

Ортаға екі топ басшысын шақырамыз. Таңдап алынған тақырыптары бойынша сөз қозғайды.

  1. Компьютердің зияны

2. Компьютердің пайдасы

Компьютердің пайдасы өте зор». Алдымен компьютерге анықтама берейік. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық  құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Армысыздар аса қадірлі көрермен. Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме? Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы ауырады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге зиян әсер етеді. Бала ұдайы отырғаннан түрлі ауруларға шалдығады. Таза ауа қажет. Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

 2-жүргізуші

Топ басшыларымыз дайын болғанша көрермендерімізге жұмбақ жасырамыз.

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,
    Қашан болсын жыпылықтап тұрады     (меңзер, курсор)
  2. Төртбұрышты әйнек, 
    Тұнып тұрған әлек.                                           (монитор)
  3. Кемірушіге ұқсайды,

Құйрығы ұзын, түсі сұр. 
Білгіш болсаң жауап бер,
Осы заттың аты не?                                          (тышқан)

  1. Ұзынтұра жалқаубек, 
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды.                                     (бос орын пернесі)
  2. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені.                                  (кактус)
  3. Ақпараттарды қағазға шығарады,
    Бұл құрылғы қалай деп аталады?                    (принтер)
  4. Билогияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды ол өлшер.     (бит)
  5. Ақпартты қағаздағы

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы. (сканер)

2-жүргізуші

7-кезең . Ойлан тап.

Ең қиыны жарыстың кезеңі келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр суретке 5 секунд уақыт беріледі сосын келесі суретке ауысады.

 «Компьютер» тобына

1-жүргізуші

«Интернет» тобына

 2-жүргізуші

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

 - дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы

Талғар қаласы, № 7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар

мектеп-лицей мұғалімі

Мекен жайы: Талғар қаласы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Информатика және өмір.
Жас информатиктер
Информатика алғырлары сайысы
Информатика әлемі
Информатика әлемінде сайысы
Информатика лидері
Көңілді информатика
Ғажайып информатика
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3555 | Қосты: Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык