Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Маусымдық белгілер


Маусымдық белгілер

Сабақ тақырыбы: Маусымдық белгілер

Сабақ мақсаты: Маусымдық белгілер туралы түсініктерін дамытады.
Сабақ міндеттері: 
1.Топқа бөліне отырып тақырыпты өздері ашады.
2. Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас жасап, өз оқуына және сыныптастарының оқуына жауапкершілікпен қарайды.
3. Ұсынылған проблемаға шығармашылық тұрғыдан келеді.
Оқу нәтижесі: Топпен жұмыс жасау барысында бүгінгі сабақтың негізгі идеясын ашады және маусымдық белгілерге шолу жасайды.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, бағалау критерийлері, смайликтер, маркер, плакат, интереактивті тақта, суреттер, жыл мезгілінің не себептен ауысатынын көрсететін видеоролик.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, тест тапсырмасы, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, елестету әдісі, көңіл-күйлерін көтеру сәті.
Оқуға арналған тапсырмалар: Ғаламтордан Жыл мезгілдерін суреттейтін өлеңдер табу үшін мәліметтер қарастыру кіреді
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
   Ендеше сабаққа кіріспей тұрып, көңіл-күйімізді көтеру үшін жаттығу жасайық.
   Топқа бөлініп отырған соң, көңіл-күйлерін көтеру үшін барлығы хормен:
   Біз білімді баламыз,                            1-керегі жоқ...
Күнде «бестік» аламыз.                        2-керегі жоқ...
Жалқаулықты тастаймыз,                    3-керегі жоқ.            
Жаңа сабақ бастаймыз!                        4-тамаша.
Біз 20 баламыз                                       5-тамаша!
Бүгін неше аламыз?
Кешегі күнгі рефлексияға қысқаша тоқталамын.
 Балалар бізде қазір дүниетану сабағы, өзге күндерге қарағанда ерекше, себебі бізде ашық сабақ. Өзіміздің біліміміздің жоғары деңгейде екенін қысылмай көрсететін сәт осы...
І. Қызығушылығын ояту
Енді топқа бөлініп аламыз, ол үшін мына суреттер қиындыларын тауып, сол арқылы тақырыпты ашып алайық.
Гүлдің суретін алған оқушылар 1-ші қатарға отырсын.
Бұлттың  суретін алған оқушылар 2-ші қатарға отырсын.
Қардың суретін алған оқушылар 3-ші топқа отырсын.
 Құстың  суретін алған оқушылар 4-ші топқа отырсын.
Тапсырма: 
- Алған сурет қиындылары арқылы мозайка құрап, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып алайық.
Әр топ өз мезгілдері туралы ерекшелігін айтыңдар, әрі бір ақынның жыл мезгілі туралы өлеңімен қорытып беріңдер. Ақындар өлеңдерін ғаламтор арқылы іздеуге болатындығын ескертемін. 
Әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып отырамын. 
- Жазда ауа райы қандай болады? 
- Ол қалай өзгереді?
- Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім?
- Ауа райын білу не үшін қажет?
Сергіту сәті: « Астананың ауа-райы»тренингін жасатамын.
ІІ. Мағынаны тану:
Оқушылар өз мезгілдерін ортада қорғайды. 
 Интерактивті тақтадан жыл мезгілдерінің суреті көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс:
Төрт  топ мәтіннің 4 бөлігін бөліп оқиды.
Мәтінді бекіту:
Мәтін соңындағы сұрақтар қойылады
Жазғы күн тоқырауынан кейін күн қалай өзгереді?
Күзгі күн мен түннің теңелуінен кейін қандай өзгерістер болады?
Қысқы  күн тоқырауынан кейін күн қалай өзгереді?
Көктемгі күн мен түннің теңелуі қай кезде болады
Маусымдық өзгерістер неліктен болады деп ойлайсыңдар?
Интерактивті тақтадан маусымдық өзгерістер туралы видео көрсетіледі.
Неліктен жыл мезгілдері ауысады екен?
 Дәптермен жұмыс: Интерактивті тақтадан тақырып бойынша алғашқы сөйлемі жазылады, оқушылар мәтіннен тауып жазу керек.
Маусымның 22-сінде...
23-кыркүйекте...
22 –желтоқсанда...
21-наурызда...
(Шығармашылық жұмыс)
І топқа жаз мезгілі бойынша жұмбақтар құрастыру
ІІ топқа «Алтын күз» тақырыбында шағын эссе жаз
ІІІ топқа қыс туралы бір шумақ өлең құрастыру
ІҮ топқа көктем тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыру
Сабақты қорытындылау:
Оқушылар өз жұмыстарын қорғап шығады.
кері байланыс жасаймын.
Балалар бүгін сабақта ұнаған жайттарды күліп тұрған, яғни «алақай!» деген смайликтерге ,
ұнамаған жайттарды ашуланып тұрған смаиликте «әттеген-ай!» жазу бар осы смайликке жазасыңдар, ал айтатын ұсыныстарыңмен сұрақтарың болса ойланып тұрған смаиликтерде «айтарым бар...» деген смайликтерге жазып, тақтаға магниттермен жабыстырып қойыңдар.
Оқушылар тақтаға жабыстырады.
Үйге тапсырма:  Мәтінді мазмұндау; өзіне ұнаған мезгілдің суретін салу
Бағалау: топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Топ басшының бағалауы мен өз-өздеріңді бағалаған парақшаларыңды күнделіктеріңе салып маған бересіңдер, мен қойып беремін. Сабақта белсенділік танытқандарың үшін рахмет!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Жыл мезгілдері
Сыйлық берілетін қуаныштар
Қысқы ауа райы
Қайырымды бала Г.Әзімбаева
Маусымдық белгілер
Жазғытұрым ашық сабақ
Ана
Көктем келді.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 1966 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык