Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.


Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.

 Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.

11.02.2014

Күні

сейсенбі

Сабақ

 Дүниетану

4« а»-сыныбы

Оқушылар саны -1 6

 

Сабақтың тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.

 

Сілтеме:

«Бастауыш сыныпта оқыту»журналы,интернет желісі,оқулық, т.б.

 

Сабақтың мақсаты:

   Күн мен түннің ауысуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

1.Глобус туралы алған білімдерін бекіту

2.Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау  жасау қабілеттерін дамыту.

3.Ғаламшарымызда тіршіліктің жойылмауына ат салысуға шақыру.

 

Сабақтың түрі:

 Жаңа сабақ

 

Әдіс-тәсілдері:

Жұптық,топтық жұмыс

 

Пәнаралық байланыс:

  Сурет

 

Ұйымдастыру кезеңі   10 мин.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

  1. Сәлемдесу
  2. Оқушыларды тексеру
  3. Оқушыларды төрт  топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту. Психологиялық жағдайды қалыптастыру: Терең дем алып, дем шығарыңдар. Бір-біріңе қарап, жымиып, маған қараңдар. – Балалар, көңіл-күйлеріңнің жақсы екеніне қуаныштымын, сондықтан сабағымыз  жақсы  өтеді деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта күн мен түннің ауысуы жайлы түсініктерімізді пысықтаймыз.Интербелсенді тақтадан көңілді тренингті тамашалау,қайталау.

4.Мұғалім сөзжұмбақ жасырады (сөзжұмбақты өз қалауымша құрастырамын).

Амандасады.

 

 

 

 

 

Психологиялық тренингке қатысып,мұқият орындайды.

 

 

 

 

 

 

 Сөзжұмбақты шешеді,мұғалімнің айтқанымен салыстырады.

 

Сабақтың негізгі бөлімі   20 мин

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

   

          Мағынаны тану.

 Тәжірибе жұмысын жүргізу:күн мен түннің ауысуын шамның  жануы арқылы бақылау.Бір оқушыны ортаға шығарып,тәжірибе өткізу.

 

         Тәжірибе жұмысы:

Бір оқушыны ортаға шығарып,тәжірибе өткізу.

1.Мұғалім қолына шам жағып,оқушы оған теріс қарап тұрады.Балаға шам көрінбейді,ендеше- «түн» (өйткені жарық түспейді).

2.Біртіндеп бұрылсаң,сенің бетіне жарық түседі

Сенің алдыңда -«күн» (өйткені жарық түседі).

3.Одан әрі бұрылып,шамның жарығын біртіндеп жоғалтасын,ендеше «кеш» болғанын байқаймыз.

4.Тағы шамға теріс тұрып,мүлде қараңғыны көреміз, «түн» келгенін сеземіз.

 

   Оқулықпен жұмыс: жұппен атқару

  1.Мәтінді оқу.

-Өткен сабақтарда Күннің жарығы мен жылуынсыз тіршілік жоқ екенін оқыдық.

-Жерді неліктен  «біздің ғарыштық кемеміз»дейміз?

Топтық жұмыс   1-топ :Тәжірибеде алған білімдерін оқулықтағымен салыстыру,нені байқадыңдар. 

     2 топ: Глобусқа зер сал.Одан экватор,меридиан мен параллель сызықтарын көрсет.Глобуста құрлық пен су қалай бейнеленген?

   3 топ: Флипчартқа күн мен түннің ауысуын  суреттеу (өз түсініктері бойынша).

4 топ: Ғаламшар,аспан денелері жайлы синквейн (бес жолды өлең) құрастыру.

  

 

 

Пікір айт:

   -Бұл тарау материалдары неге математикадан алған білімдерімізді талап етеді?

   - Жердің өз білігінен айналуының маңызы?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  тәжірибе жасауға белсене  қатысады,өз сұрақтарын қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Әр жұп мәтінді  оқиды,бір-біріне  түсіндіреді.

Тапсырманың сұрақтарына жауапты топпен іздейді.

 

1-ші мен 2-ші топтың  оқушылары сұраққа жауапты «Менің ойымша...»деп бастайды,ойларын сауатты,толық жеткізуге талпынады.

 

3-ші топтың оқушылары суретті бірігіп салады,оны сынып алдында қорғайды (сыни тұрғыдан ойлайды) .

4-ші топтың оқушылары синквейн құрастыруды талап ететін ережелерді қайталайды,өз өлеңдерін ортаға салады.Басқа топтардың оқушыларына синквейн құрастыруды ұсынады.

 

Сұрақтарға жауаптарды сыныппен іздестіру.

 

 

Қорыту.  Күтілетін нәтиже     10 мин.

 
 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

   Жаңа тақырыпты қорытындылайды.

-Тәулік деген не?

 

-Адамдар жердің өз білігінен айналуын неге сезбейді?

Жердің өз осінен айналу себебінен күн мен түн ауысады.Жерге жарық түскен жағы күндіз,ал көлеңке жағында осы уақытта түн болады.

Жер өз осін 24 сағатта толық бір айналып шығады.Осы уақыт аралығы тәулік деп аталады.

 

Ойларын жинақтайды,өз жауаптарын қайтарады.

 

Кейін мұғалімнің ақпаратымен салыстырып,қорытындылайды.

 

Бағалау    5 мин

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Оқушыларды формативті,суммативті түрде бағалау.                   

Өзара бағалау,мұғалім қойған бағасымен салыстыру,талдау.

 

Үйге тапсырма  

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Мәтінді әңгімелеу,сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың зерттеу жүргізу қабілеттерін дамыту мақсатында аспан денелері,жалпы ғаламшар жайлы бейнефильм жинақтауды ұсыну.

Тапсырманы күнделікке белгілеп алады,түсінбегенін  сұрайды.

 

           

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы. 5 сынып жаратылыстану
Жай және құрмалас сөйлемді қайталаймыз.
Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні
Шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
Жердің өз осінен айналғанда, өзгерістер болатыны жайында түсінік беру
Тіл дамыту
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы
Рационал сандарды бөлу
Кестелер. Кестелерді құру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4784 | Қосты: Болатова Дина Амангельдиевна | Ілмек сөздер:
avatar
• 26 января 2015 04:37
Баланы дамытуға арналған, жақсы сабақ
avatar
• 26 января 2015 16:04
Сабақтың құрылымы дұрыс ұйымдастырылған.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык