Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Глобус – Жер шарының моделі


Глобус – Жер шарының моделі

Глобус – Жер шарының моделі

Пәні: география

Сынып: 6 в

Сабақтың тақырыбы: Глобус – Жер шарының моделі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға глобус тарихы, шығу мәліметтері, глобустың негізгі түрлері, глобус жердің шар тәріздес пішінінің бұрмалаусыз дәл бейнеленетіндегі жөнінде жан-жақты терең білім беру;

Дамытушылық: «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарын қалыптастыру.  Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған түсінік қалыптастыру. Градус торы бойынша көкжиек тұстарын анықтау икемділігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, жер шарының жарты шарлар картасы, атлас, кескін карта, слайд

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, сурет, сызу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ беру әдісі: Ауызша баяндау, жеке,топпен жұмыс, сұрақ-жауап, картамен жұмыс,  «Миға шабуыл» стратегиясы,Венн  диаграммасы, кластер құру, екі  бөлімді  күнделік т.б

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Ә) Оқушыларды түгендеу.

Б) Оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасы: Мына сөздерге анықтама бер:

Масштаб, план, горизантальдар, абсолют биіктік, салыстырмалы биіктік.

Топтастыру стратегиясы қолданылып оқушылар  арқылы 3топқа бөлінеді.

1-топ “Карта”

2-топ ”Жер”

3-топ “Глобус”

Жаңа сабақ. Глобус –жердің моделі.

Оқушыларға тақырыппен танысуға уақыт беріледі. Электронды оқулықтан қосымша ақпарат беріледі.

Глобустың тарихы туралы Алшын Іңкәр дайындаған слайдты тамашалайды.

 «Миға шабуыл» стратегиясы

І топқа: Ежелгі халықтар жердің пішінін қандай деп ойлаған?

ІІ топқа:Жердің шар тәріздес екендігіне қандай дәлелдер келтіруге болады?

ІІІ топқа: Неліктен глобус жердің дәл үлгісі деп айтылады?

Әлемдегі жалғыз глобустар мұражайы

 Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар. 1492 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм глобус жасайды. Бұл алғашқы сақталған глобустардың бірі. Бұл глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шығыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).

 Әр топқа  тапсырмалар беріледі.

1-топқа: Глобус дегеніміз не? (кластер құрастыр)

2-топқа: Параллель, меридиан деп нені атайды? (Венн диаграммасы)

3-топқа: Географиялық координат деген не? (тірек сызба)

Екі бөлімді күнделік.

Сұраулы сөздер

Тақырыптың негізгі түсінігі

  1. Не?

Жер

  1. Қандай?

Шар тәрізі

  1. Айырмашылығы неде?

Глобус жердің нақты үлгісі ал картаға жазық

 болып түсіріледі.

  1. Неге байланысты?

Күн сәулесі әркелкі таралады,экватор жағына тік түседі,полюстерге қарай барған сайын

көлбейлене түседі.

 

Глобустан қашықтықтарды өлшеу.

Глобуста масштаб оңтүстік жарты шарда болады. Мектепте оқу мақсатында 1:30000000 (ең ірі) пен 1:83000000 арасындағы масштабтардағы глобустар пайдаланады.

Тапсырма: Астана мен Мадагаскар аралығын өлшеу.125см*300км=37500 км

Сөздікпен жұмыс.

-                Латынша экватор-теңейткіш деген сөз

-                Грекше параллель-қатар жүруші деген сөз

-                Латын тілінен аударғанда меридиан-түскілік деген мағынаны білдіреді.

-                Латынша глобус-шар

-                Латынша план-жалпақ.

V.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

«Кім жылдам?»

1.Глобустан және жарты шарлар картасынан полюстерді,экватор,параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.

Жер бетіндегі нүктелердің географиялық координаталарын анықтау.

Жер бетіндегі нүкте

Географиялық ендік

Географиялық бойлық

Алматы

 

 

Мәскеу

 

 

Лондон

 

 

VІ.Жаңа сабақты бекіту.

«Дұрыс-бұрыс?»  ойыны(егер дұрыс болса шапалақ ұрамыз)

1.Жер шарында 2 полюс бар. (дұрыс)

2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды. (дұрыс)

3.Экватор сөзі  «түскілік» мағынаны білдіреді. (бұрыс)

4.Жерді тең екі жарты шарға  меридиан бөледі. (бұрыс)

5.Жер экваторының ұзындығы 40000 километр. (дұрыс)

6.Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллель деп аталады. (дұрыс)

7.Оңтүстік,солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды (дұрыс)

8. Алғашқы глобусты жасаған М. Бехайм. (дұрыс)

9.Гринвич абсерваториясы Вена қаласында орналасқан. (бұрыс)

10. ҚР солтүстік шарты шарда орналасқан (дұрыс)

VІІ.Бағалау

VІІІ.Үйге тапсырма.  

§11 оқып келу. Глобус туралы мәлімет жинақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Глобустың градус торы
Глобус. Географиялық координата
Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Глобус – Жер шарының моделі
Глобус
Глобус. Глобустан картаға көшу
Глобус – Жердің моделі ашық сабақ
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Жер- шар тәріздес дене. Глобус- Жердің дәл үлгісі
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 18552 | Қосты: Аманжан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык