Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz



Сабақтың тақырыбы: Бөлу

Сабақтың мақсаты:Халқымыздың өткен тарихына көз жібере отырып,ұлттық өнерді,халықтық кәсіпті танытып,оны үйретіп бағалай білуге баулу.
1.Білімділігі:Оқушыларға бөлу тақырыбын үйрету,ережелерін әртүрлі есептеулерде пайдалана білу,өтілген тақырыпты оқушылар санасына бекіту.
2.Дамытушылығы:Ойлау қабілетін,ынтасын,өз бетімен еңбектену сезімін дамыту.
3.Тәрбиелігі:Оқушыларды ізденімпаздыққа,ойшылдыққа,ұқыптылыққа.шыдамдылыққа,сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Керуен-саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:Аралас сабақ
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындығын,қатысын тексеру.
2.Негізгі бөлім.
Рационал сандарды бөлу амалы-рационал сандарды көбейтуге кері амал.Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса,бөлінді теріс сан болады.
(-) (-) ÷ (+) = (-)                     (+) ÷ (-) = (-)
- а / в = - с                                 а / ( -в ) = - с ,                      - с < 0
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса,бөлінді оң сан болады.
( - ) ÷ ( - ) = ( + )
Нөл санын кез келген нөлден өзге рационал санға бөлгендегі бөлінді нөлге тең. 0 / (- 5) = 0 себебі 0 * (- 5) = 0
Нөлге бөлуге болмайды.
VIIғасырдан бастап XII ғасырға жеткен Ұлы Жібек жолындағы дала кемесі,түйелердің қаз-қатар тіркесіп,үстіндегі ауыр жүктен белі қайысып,маң-маң басып келе жатыр.Құмды,шөлді жерлерден қиналмай өтеді.Өйткені,ол шаруаға өте қолайлы,шөлге шыдамды болып келеді.
Бір шеті-Үндістан,екінші шеті-Қытай.Оның ұзындығы 7мың шақырым болған.Ол заманда Қытай жібегі осы жолдармен тасылды,сондықтан да «Жібек жолы»-деп аталады.Бүгін біз өз мектебімізден Қытай еліне сапар шегеміз.Ең біріншіден әрқайсыларына өз міндеттеріңді бөліп береміз.
Керуен басы-керуен бастап жүретін адам.
Түйекеш-түйелерді жайып,күтіп бағушы.
Көріпкел-жолды болжап,бағдарлаушы.
Кірекеш-Керуеншілерге ас дайындаушы.
Қолдай-керуенді жолшыбай шапқыншылардан қорғаушы.
Жаушы қалаға кіруге рұқсат сұраушы.
Ал енді балалар,елімізден ұзақ сапарға аттанамыз.Түйекештер түйелерді дайындау үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Үй тапсырмаларынан сұрақ.
1.Рационал сандар қалай азайтылады?
2.Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?
3.Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
4.Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса,көбейтінді неге тең болады?
Осымен түйелеріміз дайын.
Балалар көріпкел алдағы жолды болжады.Ал ендеше Шаш (Ташкент) қаласына жолға шығайық.
Міне,балалар Шаш қаласына келдік.Енді балалар әр түрлі әшекейлер сатып алу үшін мына есептерді шығаруымыз керек.
№1 Сырға №551 (1,2,3)
№2 Жүзік №552 (1,2,3)
№3 Моншақ №553 (1,2,3)
Өзіміз олжалы болдық.Шаш қаласының әміршісі мынадай тапсырманы орындауды бұйырды.
1.Есеп:
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз.
Көбейтіпте аламыз.
2.Есеп:
Гүлдарияүйдегі екі әкені және екі баланы Ұлы Жеңістің мерекесімен құттықтау үшін базардан қалампыр гүлінің 9талын сатып алды да,оларға тең қылып бөліп берді.Ойланып,шешуін тап.
Енді Сайрам қаласына барар жолда,көріпкел алдымыздан қарақшылар шығуы мүмкін деген болжам айтып отыр.Сондықтан қолдайларға мынадай тапсырма береміз,(140бет) дәптерге.
№557 есеп. (1,2,3)
Біз алыс жолдан шаршап келдік.Жолшыбай күн де ыстық болды,сондықтан кірекеш бізге сусын берсін.Ас дайын болғанша ұзындықты өлшейтін қандай бірліктерді білесіңдер?
Домбыраның басы 1/10м,мойны 1⁄2м,шанағы 2/5м.Домбыраның ұзындығы неше метр?
Енді асымызды ішіп,шөлімізді қандырып жолға шығайық.Алдағы Қытай еліне бару үшін рұқсат сұрауға екі жаушы аттандырдық.Қытай әміршісі рұқсат берер алдында мына тапсырмаларды беріпті.
Үш әке,үш бала бес орынды жеңіл машинамен қала сыртына демалысқа шығады.Жолда оларды МАИ қызметкері тоқтатып,жүргізушінің құжаттарын тексерді.Ол жүргізушіге еш шара қолданбай жібереді.Машинада артық адам бар сияқты емес пе?Қане,ойланайық,МАИ қызметкері неге байқамайды?
Керуеншілердің сапарға шыққандағы мақсаты сауда  саттықпен айналысу.Енді біз кілемдерімізді Қытай еліне сатып келейік,егер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер,онда кілемімізді саттық деп ойлаймыз.
Қорытынды:Сонымен қысқа да,қызықты сапарымыз аяқталды.Біз төрт елдің сауда саттық дәстүрімен таныстық.Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Енді мектебімізге қайтып оралайық.
Үйге тапсырма:№561,562,563.
Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөзжұмбақ шешу
Рационал сандарға амалдар қолдану.
Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Рационал сандарды салыстыру
Рационал сандарды көбейту және бөлуге есептер шығару
Рационал сандарды бөлу.
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды қосу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 1942 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык