Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4844 |
|
|
|
Ұстаз-мектептің жүрегі
Тақырыбы: Ұстаз-мектептің жүрегі
Күй .
Айгул:Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі...,мейлінше шешен, өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да, жат адамдарына да әділ...,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Қоңырау соғылып,мұғалім оқушыларды білімге шақырады.
Салтанат :Мұғалім: Бір аллаға сиынып,
Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар,шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,іздемей-ақ табылар.
Айгүл:Арада біріз жылдар өтті. (Оқушылар мамандық иелері атанады)
(Ғалым,дәрігер,май қызметкері,құрылысшы,биші,аспазшы,суретші,өрт сөндіруші т.б) Барлығы ортаға шығып,ұстаздарына алғыс айтады.
Хор: Ұстазым
Айгүл: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Жанар: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Айгүл: Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Армысыздар,құрметті көрермендер – ұлағатты ұстаздар қауымы!
Жанар: Бүгінгі «Ұстаз –мектептің жүрегі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде Ұстаз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер үшін де,шәкірттер үшін де ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, он бір жыл бойы оқушыларыңызды білімнің кәусар бұлағымен сусындататын асыл жандар ол өздеріңізсіздер– аяулы ұстаздар.
Айгүл: Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жанар: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз киелі шаңырағымыздың басшысы Бақытжан Жұмабайұлына беріледі.
Жанар: Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Айгүл: Ұстаз деген ұлағатты шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Жанар: Олай болса, сіздердің құрметтеріңізге Абдраманова Алтынай мен Игенбаева Салтанаттың орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар!
Айгүл: Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.
Жанар : Олай, болса, Айгүл, қиыны мен қызығын бірге алып жүрген білікті ұстаздарымыздың ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.
Айгүл: Дұрыс айтасын, Жанар, ендеше келесі кезекті ұстаздарымыздың жүректен шыққан жылы лебізін тыңдау үшін «Жүректен шыққан жылы сөз» атты ойнымызға берелік.
Жанар: Мына қорапшаның ішіндегі өздеріңіз қалаған жүрекке , осы сөздерді қатыстыра отырып, жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді өтінеміз!
Айгүл: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе білім ордамыздың білікті ұстаздарының жүректен шыққан жылы лебіздерін тыңдайық.
Жанар: Ұстаз деген өмірімнің кәусар бұлағы,
Ұстаз деген тіршілігімнің шұғылалы шуағы.
Ұстаз деген теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымызда тұлғасы биік тұрады.
Айгүл: Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету –бейнет.Сол бейнеттің зейнетін көріп жүрген тәжірибелі тәлімгер ұстаздарға сөз берелік.
Жанар: Ортаға сол тәжірибелі тәлімгер ұстаздарымыз:
Апайларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.
Айгүл: Жетектедің шыға алмас биікке,
Шыға алмайтын тауда жортқан киік те.
Түсіндіріп өмір атты ғаламды,
Аяулы ұстаз, көрдің отқа күйіп те.
Сіздердің құрметтеріңізге « Қазақ биі»
Айгүл: Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,
Кім көрінген ілікпейді жүлдеге.
Мүсіндеуге келешектің келбетін,
Күн-күн сайын шығады ол мінбеге.
Ендеше, Жанар келесі кезекті сауалнамаға берелік.
Сауалнама жүргізіледі
Жанар: Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі» - деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық.
Айгүл: Ендеше, келесі сауалымыз мектеп басшысы Бақытжан Жұмабайұлына беріледі.
Жанар: Ағай осыған дейін Ана бақытыәке бақыты дегенді естіп жүрміз, ал сіздің ше ұстаз бақыты деген не?
Айгүл: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі», - деген екен қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин.
Айнұр апай , Бүгінгі мектеп жүрегі атанып жүрген ұстаздар қауымына сіздің көңіліңіз тола ма?
Жанар : Ұстаз!Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ.
Олай болса, Кенжегүл апай, ұстаздық қызметіңізден шаршап шалдығып, әттеген-ай деген кездеріңіз болды ма?
Айгүл: Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
Сондай-ақ, Нұргүл апай, Алғаш қалам ұстатып, өмірдің қыры мен сырын меңгерткен алғашқы ұстаздарға қандай ақыл берер едіңіз?
Жанар : Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөзі бар.
Сіздің ойыңызша Тәрбиемен білімді қатар беру ұстаздар қауымына қиындық тудырмай ма?
Айгүл: Серке Қожамқұлов : «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген екен.
Светлана апай, Шәкірт кезіңізден есіңізде қалған қызықты жайт айтып беріңізші?
Жанар: Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін де ұстаз.
Айгүл: Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі - бір адамдарға қарыздар. Ол – ұстаз. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Жанар: Айгүл, ендеше, еңбек жолын жаңа бастап келе жатқан жас мамандарды ортаға шақырайықшы.
Әр бірлестіктен бір жас маман шығуларын сұраймыз.
Қазір, біз жас мамандармен «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.
1- сұрақ: Сіз қандай мұғалімсіз?
2- сұрақ: Мерекелік кештен кейін Наурыз алып қашты не істейсіз?
3-сұрақ: Отбасында қандай ана боласыз?
4-сұрақ: Мектепте қандай шәкірт болдыңыз?
5-сұрақ: Мерекелік кештен кейін қайда барасыз?
Айгүл: Ия, мұғалім қандай қиыншылық кездессе де шешімін тауып, тығырықтан шыға білу қажет. Бір сөзбен айтсақ «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу керек.
Жанар: Ендеше, Айгүл, еңбек жолын жаңа бастап келе жатқан жас мамандарымызға не айтар едің?
Айгүл: Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы-бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын бүгінгі жас маман, келешек білікті ұстаздардың қатарына енетін сіздерсіндер.Біз сіздердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез-келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз!
«Әйел бір қолымен әлемді тербетеді, бір қолымен бесікті тербетеді» дегендей әлемге әйгілі ұстаз атанып, өмірде өз бақыттарыңызды тауып, ұстаз – ана деген сөзді қатар алып жүрулеріңізге шын жүректен тілек білдіреміз!Сіздердің құрметтеріңізге Қамзаев Жандостың орындауында
«Күзгі бақ» әні.
Қол соғыш қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Жанар: Осындай қызығы мен қиындығы қатар істі алып жүрген ұстаздар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Айгүл: Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Хор орындалады «Бастауыш мектеп»
Айгү л: Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, дана бола алады.
Ең бастысы ұстаз мына өмірде,
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.
Осымен, бастауыш бірлестігінің ұйымдастырылуымен болып отырған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
Бірге: Кездескенше күн жақсы болсын, ағайын!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |