Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Егістіктанудың мағынасы. Жерді өңдеу. Қарақұмық, картоп, жүгері нің агробиологиялық ситаттамасы


Егістіктанудың мағынасы. Жерді өңдеу. Қарақұмық, картоп, жүгері нің агробиологиялық ситаттамасы

Сабақтың тақырыбы: Егістіктанудың мағынасы. Жерді өңдеу. Қарақұмық, картоп, жүгері нің агробиологиялық ситаттамасы

Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдебиеті (І курс).
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.
ІІ.Тарауды бекіту бөлімі. Сабақты бастамас бұрын топ оқушылары осы тарау бойынша өтілген алты ауыл шаруашыгығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді.Олар мыналар: әр топтың аты, ұраны, таңбасы болады.
Бірінші топтың аты «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым». Екінші топтың аты «Сыдыра жыртқыш», ұраны: «Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем».
Үшінші топтың аты «Тырма», ұраны: «Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып».
Төртінші топтың аты «Нығыздауыш», ұраны: «Біз жалынды жастармыз, білімге жол бастаймыз».
Бесінші топтың аты «Өңдеуіш», ұраны: «Еңбек етсем еселі. Оңға ісім өседі».
Алтыншы топтың аты «Тегістеуіш». Ұраны: «Ізденістен ілгері іске». Бұл жарыс тапсырмаларына топтағы барлық оқушы қатысуға тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек. Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады.
Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміңе, білім қос».
- деп, оқушылардың оқуға, жұмысқа деген ынта ықыластарын оятамыз. Әр топқа төрт-бес оқушыдан келеді. Жарыс сабағы бес тапсырмадан тұрады. Сонда жарыс шарты бойынша бірде-бір оқушы қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.
Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар.
1.«Бәйге».
2.Машиналардың құрылысы.
3.Мақал-мәтелдер.(Егіншілік).
4.Жұмбақтар.
Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?
Жауабы:Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.
Корпус санына қарай соқалар қалай аталынады?
Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.
Соқаның негізгі жұмыс органдары:1-дискілі пышақ,2- шым аударғыш,3- түрен, қайырма, жақтау (атыз тақтасы),5- корпус.
Сыдыра жыртқыштың құрылысы:1-рама,2- екі оң жақ секциялары,3-екі сол жақ секциялары,4-брустар,5-доңғалақтар,6-гидробасқару механизмі,7- тегістегіштер,8- реттелетін төмендеткіштер.
Тырманың құрылысы:1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе,2-тісті брус,3- көлбеулікті реттеу пышағы.
Нығыздауыштың құрылысы:1-бір алдыңғы, екі артқы буыннан, 2-рамадан,3- он үш дискіден,4-осьтен,5- тіркемеден,6-жүгі бар жәшіктен.
Өңдеуіштің құрылысы:1-рамадан,2-тіркеу тетегі,3- доңғалақ,4- жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.
Тегістеуіштің құрылысы:1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.
V1.Қорытынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтардың артықшылығы, қазіргі бәсекелестік заманда оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады.Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі мұғалім сабаққа дайындалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі арытып отырады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.
Шахмат – ақыл-ой спорты
Санды және әріпті өрнектер
Көшбасшы-биолог
Жүзден жүйрік
Білімнің жағып шырағын. Зат есімнің түрленуі
П. Вигитациялық кезеңде дақылдарды баптап-күту
Топырақты өңдеу, егінді егу
Ғажайып тапқырлар сайысы
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1488 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык