Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алюминий электр сымдарын ұштау


Алюминий электр сымдарын ұштау

Сабақтың тақырыбы: Алюминий электр сымдарын ұштау

Сабақ мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың сымдарды монтаждау туралы түсінігін қалыптастыру: алюминий сымдарды өзара жалғау, ұштау және тармақтау туралы теориялық білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету; СТО бағыттары арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
в) тәрбиелік: Отанға, еңбекке, мамандыққа сүйіспеншілігін арттыру - ұқыптылыққа, ынтымақшылдыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; көптеген жаңалықтан өзіне қажеттісін таңдай білуге үйрету.
 Сабақ көрнекіліктері: ГАО гильзасы, припой, флюс, шөміш, дәнекерлеу құралы, нұсқамалық карта, кубиктер, бағалау бетшелері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Электрматериалтану, электротехника, өндірістік оқу,
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру 1 - 2мин
1) Оқушыларды тексеру, белгілеу.
2) Сыныптың және оқушылардың дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе 10 мин
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 10мин
Сабақ жоспары: 1. Алюминий сымдарды жалғау әдістері.
2. Қимасы 10мм2 дейінгі сымдарды престеу
арқылы жалғау
3. 2, 5 - 10 мм2 алюминий сымдарды
дәнекерлеп жалғау
Электр қондырғылардың жұмыс сенімділігі сымдардың жалғану, тармақтау, ұштау сапасына байланысты. Жалғанған, ұштанған, тармақталған орындар механикалық төзімді, электрлік кедергісі аз, желідегі токтық жүктеменің күрт артуынан жиі қызғанда, салқындағанда бүтін күйінде қалуы тиіс. Бұл талаптар монтаждау технологиясын қатаң сақтағанда, сондай - ақ, жалғағыш детальдар мен құралдарды дұрыс таңдағанда ғана орындалады.
Алюминий және мыс ток өткізгіш сымдарды жалғау мен ұштаудың негізгі әдістерінің бірі - престеу мен пісіру. Кей жағдайда ток сымдарды дәнекерлеу арқылы да жалғау - ды, ұштауды қолданады.
Бұл әдіс сенімді болғанымен көп уақытты және материалды қажет етеді. Себебі, припой қымбатқа түседі. Жалғаудың, ұштаудың және тармақтаудың әдістерін сым материалына байланысты таңдайды. Себебі, алюминийдің физикалық қасиеттері мыстан өзгеше.
Көптеген ток сымдар алюминий тал сымды етіп жасалады. Себебі, алюминий кең тараған, мысқа қарағанда арзан, жеңіл.  
Көлденең қимасы 10 мм2 дейінгі бір тал сымды алюминий өткізгіш пен кабельдерді алюминий гильзада престейді. Ол үшін бір немесе екі жерден қысатын ПК - 2М қысқышы мен ГКМ гидравликалық қысқышы қолданылады. Престеп болған соң жалғану орнын асфальтты немесе глифтальды лакпен қаптайды. Содан соң жабысқыш таспамен оқшау лайды да, ауа мен су кірмес үшін, екінші рет лакпен қаптайды. Престеу операциясы төмендегі ретпен жасалады.
Гильзаны кесте бойынша таңдап алады. ГАО гильзасын бір жағынан немесе екі жағынан толтырылатын болып бөлінеді. Қысқыш түрі де кестемен анықталады. Сосын пышақ немесе қысқыш көмегімен сым оқшаулағышы алынады. Жалаң сымдарды кварц вазелинмен немесе техникалық вазелинмен майлайды. Тал сым кесінділерінің біразын гильзадан сәл үлкендеу етіп алады да тазалайды. Кварц вазелин пастамен майлайды. Гильзаның ішкі бетін техникалық вазелинге малынған щеткамен тазартады. Содан соң кварц вазелин пастамен майлайды. Ол үшін жіңішке таяқша қолданады. Гильза ішіне тал сымның толғанын тексеру керек. Гильза іші бос болмауы керек. Қажет болса, артық сымды қайырып, ішіне салады. Бір жақты гильзаны бір рет, екі жақтыны екі рет қысып престейді. Престелу өлшемі кестемен сай болуы тиіс. Престелген орынды полиэтилен қалпақпен немесе жабысқыш таспамен оқшаулайды. Цинк - вазелинді паста улы болғандықтан, жұмыс кезінде аса сақтықты талап етеді. 
Көлденең қимасы 2, 5 - 10 мм2 дейінгі бір тал сымды
алюминий өткізгіш пен кабельдердің дәнекерлеу
арқылы жалғануы мен тармақталуы
Дәнекерлеу - жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі. Алюминий сымдар үшін А маркалы припойлар қолданылады. Дәнекерлеу операциясы төмендегі тәртіппен жүреді: Әр тал сымның оқшаулағышын алады, щеткамен немесе пышақпен мұқият тазартады да, араларында қуыс пайда болатындай етіп, қосақтап бұрайды. Сымдарды алюминий - дің балқу температурасына жуық (8600С) температураға дейін дәнекерлеу шамымен немесе газдық жанарғымен қыздырады. Припой таяқшасымен жалғанған жерді сүртеді. Осылайша сым бетіндегі жай балқитын оксидтік пленканы алады. Балқыған припой сымдар арасындағы қуысты толтыру керек. Жалғанған жерді бензинге малынған таза шүберекпен сүртеді, соңынан глифтальды немесе поливинилхлоридті лакпен қаптайды. Сыртынан жабысқыш таспамен оқшаулайды және екінші қайтара лакпен қаптайды.
Дәнекерлеу және престеу кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет, құрал - саймандарды және материалдарды үнемді, ұқыпты пайдалану керек.
4. Престеу әдісі
5. Дәнекерлеу әдісі
6. Дәнекерлеу әдісінің кемшілігі

V. Жаңа сабақты бекіту 5 мин

«Кубизм» нені білдің?
1) Суреттеңіз: Жалғау, ұштау, тармақтау дегенді қала түсінесің?
2) Сипаттаңыз: Гильзамен престеу әдісін сипаттаңыз.
3) Салыстырыңыз: Дәнекерлеу мен престеу әдістерін салыстырыңыз
4) Қарсыласыңыз немесе қолдаңыз: Сымдарды жалғау әдісі сым
материалына байланысты.
5) Дәлелдеңіз: Екі әдістің де қажет екендігін дәлелдеп беріңіз.
6) Ұсыныс жасаңыз: Алюминий сымдардың жалғанған жерінде
«гальваникалық бу» пайда болды. Ол жалғанған
жерді «бу» бүлдірмес үшін не істеу керек?

VІ. Қорытынды.


VІІ. Бағалау 1 - 2 мин
VІІІ. Үйге тапсырм


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өткізгіштерді тізбектей және пареллель жалғау
Алюминий және оның қосылыстары.
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Тұрғын үйдің не пәтердің электр жүйесін жөндеу технологиясы
Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту
Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау және жобалау
Тұрмыстық техника туралы түсінік. Электр машиналардың құрылысы мен жұмысы
Сымдарды ұштау,электротехникалық материалдармен жұмыс істеу Электр тізбегін құру
Алюминий және оның қосылыстары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык