Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 18291 |
|
|
|
Гимнастикалық жаттығулар
Гимнастикалық жаттығулар
Жалпы мақсаты Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту. Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту. Ептілікке, илгіштікке тәрбиелеу.
Сілтеме АКТ арқылы гимнастикадан слайдтар көрсету, 9 сынып әдістемелігі, нұсқаулық
Оқу нәтижесі Гимнастика жаттығулар түрін білу, тану, меңгеру
Негізгі идеялар Сабақтың ұйымдастыруында қосымша сұрақтар арқылы оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға және еркін сезінуге бағыттау
Акробатикалық жаттығулардың орындалуын қызықтырақ ету,слайд көрсету арқылы ойлауын қамту.
Тапсырма көздері Топпен жұмыс жүргізу
А) Қыздарға арналған гимнастикалық құралдардың түрі
Б) Ұлдарға арналған гимнастикалық құралдардың түрі
В)Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер
Әр топ постер қорғайды осы тақырыпта және ойларын ортаға айтады
Акробатика жаттығулары
1.Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.
2.Қолды тіреп отыру ж/е төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
3.Артқа домалап, жаурынға тұру.
4.Қарлығаш бейнесін салу.
5.Көпір салу
6.Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу.
Спорттық гимнастика Сатыда жаттығу тартылып шығу және қайта түсу
Көркем гимнастика (Қызар) обручты белден айналдыру лентамен жаттығу және доппен жаттығу
Міндеттері Түсіндірме, практикалық жаттығу түрлері:/болжап айту арқылы тауып алады да орындайды/
1. Топтағы жұмыс; Топтағы жұмыс ережелері
2. Бірлескен жұмыс
3. Сыни ойлау
Дереккөздер Интернет сайттарынан алған материалдарға шолу жасау 9 сынып.Дене тәрбиесі оқулығы.С.Қасымбекова, С.Тайжанов «Мектептегі дене шынықтыру» журналы Спортық газеттер мен журналдар.Ресурстар
Ұйымдастыру бөлімі: 15 минут
1.Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау
2.Саптық жаттығулар.
3.Жалпы дамыту жаттығуы.
а)жүру,жүгіру жаттығулары
ә) /Қара жорға биімен/ би ырғағын салу буынды қозғалту қыздырыну
(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.Жаттығуларды қатесіз орындату.)
Негізгі бөлімі: 20-25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру,тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Қазақстандық гимнасшыларға тоқталуЕрнар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова туралы көрсетіп алу олардың еңбектеріне ауызша тоқталу.
4. Көрекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
5. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
Слайдтан көрсетілетіндер:
Қазақстанның гимнастика, акробатика жаттығуларынан
Олимпиадада, әлемдік деңгейге көтерілген спортшыларымыз Ернар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова .
Оқушыларды 3 топқа бөліп:
1 топ: Гимнастикалық жаттығу сатыда жатығу жасау.
2 топ: Акробатикалық жаттығу төсеніште жаттығу жасау.
3 топ: Көркем гимнастика (қыздар) лента,доп,обручпен жаттығу жасау.
Жаттығу кезінде оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады
Сұрақ жауап:
-Өзіңді қалай сезіңдің?
-Өзіңе ауыр немесе жеңіл болдыма?
Ұзақтығы 15 минут.
Топпен жұмыс жүргізу /10минут/
А)Спорттық гимнастикада ұлдарға арналған жаттығу құралдары қандай?
Б) Гимнастикада қыздарға арналған жаттығу құралдары қандай?
В)Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер?
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғап дәлелдеп талдау керек топ өздеріне берілген жатығу бойынша практика жүзінде көрсетеді
Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтың дұрыс орындалуына сырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсетеді.
Қолды тіреп отыру ж/е төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу
Артқа домалап, жаурынға тұру.
Қарлығаш бейнесін салу.
Көпір салу
Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу.
Гимнастикалық құрал-жабдықтар қосымша тапсырмалар
Оқушылармен кері байланыс смайликке сабақ туралы өз ойларын стикермен жапсырып қалдыру.
Қорытынды бөлімі. 5-минут
1. Сапқа тұру
2. БҮҮ-стратегиясы
3. Үйге тапсырма Гимнастика,акробатика және көркем гимнастика туралы мәліметтер жинау
4. Мадақтау, Бағалау
Б Ү Ү-стратегиясы
Білетінім Үйренгенім Үйренетінім
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |