Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2497 |
|
|
|
Көңілді тапқырлар
Тақырыбы: Көңілді тапқырлар
Мақсаты: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс жасауға үйрету; информатикадан алған білімдерін пысықтау; оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру
Міндеті: оқушылардың инттеллектуалды қабілеттерін дамыту; презентация жасауды практикада қолдана білуді үйрету; алған білімдерін пысықтайды.\
Күтілетін нәтиже: презентация жасай алады, алған білімдерін практикада қолдана алады; информатика пәніне деген қызығушылықтары артады.
Түрі: интеллектуалды сайыс.
Жабдығы: интерактивті тақта, «Білім кілті»
Барысы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Көңілді тапқырлар» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1- бөлім «Таныстыру» (Презентация дайындау: топтың аты, девизі, құрамын таныстыру).
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау).
4- бөлім «Бәйге».
5- бөлім « Мақал –сөз мәйегі».
6- бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
6. Файлдар жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
3 бөлімді бастайық «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау) топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және дұрыс шешетін болса, сол топқа 10 ұпай беріледі.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп
4 – бөлімді бастайық «Бәйге» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «_________» тобына кезек береміз.
1. Компьютер миі? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Графикалық редактор? (Paint)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)
13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
15. Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі)
16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
17. Банкрот (топтан 2 ұпай алынады)
18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
19. « Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)
20. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын есептеп отыруды.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп
5-бөлімді бастайық « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына.-деп
6-бөлімді бастайық «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт» бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
----------------------------------------
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
Келесі сайыстарда кездескенше сау саламатта болыңыздар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |