Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді.  Ұялшақ, тұйық балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Осындай сенімдер 6 сынып оқушысы Қастай Нұржан мен 5 сынып оқушысы Оразбек Инарада байқалады.  Топпен  жұмыс кезінде  көптеген жаңа қырларынан өздерін көрмете алды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артып түгелдей белсене қатысатын болды. 
         
6-сынып Қастай Нұржан                            5-сынып Оразбек Инара
Мысалы :  жеке  жұмыс барысында сабаққа немқұрайлықпен қарайтын , қызығушылықтары төмен  Нұржан мен Инара топтық жұмыста ыңталары артып, ой өрістері дамып, жаңа қырларынан ашыла бастады.  Нұржан топтық жұмыс кезінде өзіне деген сенімділігі,сұраққа жауап беру жылдамдығы, сыныптастырының алдында қысылу мінезі жоғалып, өзін –өзі еркін  ұстай алатындығы байқалды.Инараның  өзіне ғана емес, топқа деген жауапкершілігі бар екені де байқалды. Топпен жұмыс жасау Нұржанға әсер еткені соншалықты туа біткен  байсалдылық,ұялшақтық,қоғамнан ерекшеленуді қаламайтын мінезі байқалмай  жоғарыда көрсетілген қасиеттері басымырақ болды,мүмкіндіктері артты.Ал Инара топта басқа балалармен ой бөлісіп, өз ойын ортаға салып, жеке ой бары байқалды.  Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы күшейіп  топпен ұйымшылдық , келісімділік , бір- біріне деген сенімділік , өз-ара пікір алмасу , түсіністікпен қарау ,бір-біріне сенім арту  белсенділігі байқалд

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Қазақ тілі сабақтарында «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ
Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы сабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау
Көшбасшы болуға ұмтыламыз
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Бейнелеу терапиясы
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың түрлері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3704 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык