Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8158 |
|
|
|
Тәртібінде олқылықтары бар оқушылармен жүргізетін психокоррекциялық жұмыстар
Баяндама тақырыбы: Тәртібінде олқылықтары бар оқушылармен жүргізетін психокоррекциялық жұмыстар
Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеуі қажет болды.
Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан, АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур секілді белгілі ғалымдар болды.
Психокоррекция дегеніміз-адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрлі болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға топтастыруға болады. Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.
Т-топтарының негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға жағымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп, осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойынша Т-топтардың басым көпшілігіне тән
10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық – топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайтуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттеріне сендіру – топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттердің орын алатынына, болашақта табысты болатынына сендіру.
3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру – жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру - өзінің теріс эмоциональдық жағдайын жансыз нәрсеге көшіру.
7. Бірін-бірі үйрету – топ мүшелерінің эмоциональдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары – қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез – басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
10. Катарсис – топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысындағы өздерінің нақ айқындалған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Сонымен қатар, әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Сондықтан бұл жас кезеңдегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процесстерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалаыптастыру, қысқаша айтқанда, оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі, осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктегенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені, баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайына алып келуі мүмкін. Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилатика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдерімен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.
Қазақ топрағында бала жанының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда алғаш сараптаған көсемсөз зергерлері Жүсіпбек дүлдүл ақын Мағжан еді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжанның пікірінше, тәрбие түрі төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптештеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де, ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзеу ойлайтын , дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толғандыратын болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып,шын адам болғандығы.
Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» деп, ата-анаға талап қояды.
Баланың мінез-құлқы, табиғатқа қатынасы айналадағы басқа адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасатын болғандықтан, Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән маңыз береді: « ... баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туыстары өздері ізгі құлықты болуы тиісті». «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалымен қорытындылайды.
Ж.Аймауытов: «Шәкірттерді ешуақытта намыстандыра алмаған оқытушы қолындағы қаруынан айырылған болып табылады. Жақсы оқытушы болу үшін ілтипатты, тұрақты, кең мінезді, жатық, ойына берік, ұстамды болу керек...»,- дейді автор.
Жеке адамды жан –жақты дамтудың ең басты факторы-тәрбие, өмір жағдайы және қоршаған ортасы. Олай болса, әрбір жеке адамның өмірден алған тәжрибесі, қоғамдағы қарым –қатынасы әрқалай болғандықтан әрбір адамның өзгешеліктері дара ерекшеліктерімен мінезделеді. Жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы зерттеушілер балалардың тәртібінің нашарлауын екі топқа бөліп қарастырды.
Совет психологы С.Л.Рубенштейіннің детерменизмді түсіну заңына көңіл қойып «сыртқы себептер ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі» деуі ден қоярлық қағида.Олай болса тәрбиелеу процесінің нәтижелігі жеке тұлғаның ішкі жағдайына байланысты.Барлық тәрбие жұмыстарында оқушылардың жеке қызығушылығы мен таңдауымен ұсыныстарын ескерген жөн.Мінез-құлық ауытқушылығын адам дамуындағы әсіресе жеткіншек жастағы қиын кезеңдердің бірі деп санаймыз. Баланың ересек адам болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі әдеттегі мектеп оқуынан түрлі әлуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ ағзаның белсенді гармоналды қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал, көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән: туыстарының басқаруынан, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата - ананың қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн. Жалпы мектептегі жұмыс тәжірибемізде тәртібінде олқылықтары бар оқушылар кездесіп қалады. Мен оларды диагностикалық жұмыстар арқылы үш топқа бөлдім:
Күнделікті мектеп
тәртібін бұзатын, кішігірім
ұрлықтар жасайтын оқушылар( тәртібі төмендеген оқушылар)
Қоғамдық ортада бұзақылық жасап, қоғамға зияны тиетін оқушылар (тәртібі нашар оқушылар)
А – Q ақыл ой жасы храналогиялық жасына сәйкес келмейтін неврозға ұшыраған оқушылар (үнемі қадағалауды қажет ететін оқушылар
10-сынып оқушысы А.Н қиқар, ашуланшақ, сыныптағы міндеттерін орындаудан бойын аулақ ұстайтын, білім алуға құмарлығы жоқ оқушы болды. Баланың теріс қылықтарына байланысты сынып жетекшісі ата-анасына ескертті. Ата-ананың үйдегі жазалау тәсілдері ешқандай нәтиже бермеді. Үйде тәртібімді түзеймін деген оқушы мектепке келген соң баяғы әдетіне басатын еді. Мұғалімдер тарапынан, сынып жетекшісінен оқушыға көптеген мін айтылды. Баланын жағымсыз мінезі туралы педагогикалық кеңесте ата-анасы, сынып жетекшісі, тәрбие жұмысы орынбасары және менің қатысуымен оқушының мектептегі, қоғамдық ортадағы іс-әрекеті талқыланды. Баламен жеке сөйлескенде қателіктерін мойынына алып, мектеп ережесіне қайшы келетін тәртіпсіздіктерін қайталамауға уәдесін алдық.
А.Н жеке қызығушылығын анықтау үшін сауалнама беріп, тпотық тренигтерге қатыстырып отырдым. «Қиын оқушы деген кім?» ,«Темпераментті анықтау әдістемесі», «Мен және менің әлемім» әдістемесі, «Менің есімім», «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері», «Жанжалдың жағымды, жағымсыз жағы» атты топтық тренингтер, сауалнама жүргізілді. Сынып жетекшісіне «социометрия» әдісін жүргізуге тапсырма берілді. Бұл әдіс бойынша сыныптағы он алты оқушының үш оқушысын жанына жақын тұтатыны белгілі болды. Сырттай бақылай отырып, А-ның сыныптастарымен ұжымдағы байланысында салқындық байқалса, мазасы кетіп ыдырынып жүретінін байқадым. А-ның қатар құрбыларымен қарым-қатынас жасаудағы кілті сыныптас достарымен санасу, мектептің қоғамдық жұмыстарына атсалысу, соның негізінде оқушының бойындағы ұйымдастырушылық қасиетінің бар екені анықталды. Қосымша міндетке
А-ның бойындағы ұйымдастырушылық қабілетті қоғамдық мәні бар тапсырмалар жүктеумен дамытуды, тәрбиелеуді басты міндет қылып алдым. Бұл жолда адам санасына әсер етудің 2 фактордың біреуін алдым. Ол – мадақтау тәсілі. Алдын ала баламен жеке сөйлесіп, қандайда бір қоғамдық жұмыс болсын жасаймын десе қолынан келетінін жеткізе отырып сенім артатынымды білдірдім. Нәтижесінде А-ның қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, оқушылар комитеті құрамына кіруі, ата-анасына, сынып жетекшісіне сөз келтірмеуі, оған артылған сенім, жылы лебізбен айтылған сөз, орынды жерде мадақтау тәсілін қолдану өз жемісін берді. Оқушының бойында ұжымға деген көзқарас дұрыс қалыптасты. Сынып жетістігі үшін күресу дағдысы қалыптасты, орынсыз сабаққа келмеуін тоқтатты. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, қазір жоғарғы оқу орнының 3-курс студенті.
5-сынып оқушысы Б.Т сабақ үстінде үнемі сылбыр, сабақты автоматты түрде тыңдайтын. Ешқандай айналасында болып жатқан іс-әрекеттерге қызықпайтыны сабақ беріп жүрген мені алаңдататын. Үзілісте балалармен ойнамайды, партаның үстіне кітаптарын құшақтап жата береді. Бұл жайды сынып жетекшісі Зайтунаға ескерттім. Баламен жеке сөйлесіп, сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде баланың отбасы сәтсіз отбасы екені анықталды. Баланың бұл жағдайы әкесімен қамқоршы әпкесіне жеткізілді, баланың анасына барғысы келетіні жөнінде айтылды. Атасы немересінің анасына баруына тиым салып, өзі тәрбиелейтінін айтты. Бала ауыр психологиялық күйзелісте болды, сабаққа келмеуді шығарды. Бұл жағдайдан кейін қамқоршы апасынан қолхат алынды. Сынып жетекшісімен бірлесіп қаладағы анасына баласының жағдайын жеткіздік. Бір айдан кейін бала анасымен табысты.
Жалпы тәртібінде олқылықтары бар оқушының жеке зерттеу жұмыстарын жүргізгенде үш бағытта қарастырдым:
Бастапқы кезең -оқушының тәртібінің нашарлауына себепші болған жағдайларды анықтау. Оқушы болмысын, тәртібінің нашарлығымен қатар мінез-құлқының шамалы болсада жақсы сапаларын көруге болады. Міне осы оңды қасиеттерін негіздей отырып оны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспарын жасауға болады.
Дайындық кезең -оқушыға әсер етуде сынып мүшелерінің беделінің, абыройының шоқтығы биік болуы тиіс. Сынып жетекшімен оқушының бір-бірін түсінуі, тығыз қарым-қатынасқа түсуі баланың іс-әрекетін басқаруға жағдай туғызады.
Күрес кезең- осы кезеңде жеке тұлғаның ішкі дүниесінде екі түрлі ауытқушылық яғни «күрес» пайда болады. Бірінде бұрынғы теріс қылықтары артта қалса, екіншісінде қалыптасқан оңды жаңа сапалары алға итермелейді.Күрес кезеңі ең нәтижелі кезең. Өйткені оқушы өз өзін тәрбиелеуге талпынып мінез-құлқының оңды қасиеттерін дамытады.
Мақсаты: қатысушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Әркім қолдарын жұмып отырады, жүргізушінің бұйрығымен бәрі саусақтарын «ашады» Топтың қатысушылары бір- біріне қарамай, бір ғана саусағын көрсетуге тырысу керек.
Қатысушылар бір- бірімен келісуге, «заңсыз» әдістермен өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді.
Талдау: Осы тапсырма несімен ұнады ? Несі ұнамады ?Тапсырманы орындау оңай болды ма ? Қандай қиындықтарға кезектіңіз?
Жаттығу: « Дәліз»
Мақсаты: топта нағыз сенімділік орнату.
1 Осы жаттығуды орындау барысында ойыншылардың біреуі өзгелеріне қаншылықты сенетінің тексереді. Топта нағыз сенімділік орныққан кезде жаттығуды қолданып, сабақ барысында өткізген жөн. Ойыншы кез келген жағдайда, басқалары үнемі қасында екенін және ол құлауды бастаған кезде оны ұстап алатынын білу керек.
Талдау: Құлауды бастауға өзімді мәжбүр ету жеңіл болды ма?
Тым ауыр болып көрінемін бе деп қорықтым ба?
Топ көңіл аудармайды деп қорықтым ба?
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Мақсаты:
1. Оқушыларға кикілжің туралы жан-жақты түсінік беру,кикілжіңді шешу жолдары мен таныстыру.Тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесу;
2. Әр оқушы өзін-өзі және сыныптағы барлық оқушыларды сыйлауға тәрбиелеу.Оқушылар арасында достық қарым –қатынасты қалыптастыру;
3. Тақырып бойынша оқушылардың ой-пікірлерін еркін айтуын, тіл байлығын шығармашылық ойлауын дамыту.
Сыныпты топтастыру, бес жолдық тұжырымдама.
Оқушылардың қызығушылығын ояту
1.Сабаққа психологиалық дайындық
Оқушылармен шаттық шеңберін құру
Біз тағыда біргеміз ,
Сөгілмейді іргеміз
Құшып күннің шуағын
Көрісеміз қуанып.
Сұрақ-жауап арқылы оқушылар білімі тексеріледі
Топпен жұмыс (төрт топқа төрт тапсырма беріледі)
1-тапсырма:
Кестені толтыру
Жанжалдың жағымды жағы Жанжалдың жағымсыз жағы
- Бір-бірін түсінуге ұмтылады
- Бір-біріне көмектеседі
- Ынтымақтасады
- Бір-біріне зер салып тыңдайды
- Бір-бірін кешіреді
- Жымияды
- Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді
- Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады
- Әңгімені доғаруға тырысады - Дауласып айтысады
- Бір-біріне айқайлайды
- Бір-бірін алдайды
- Бір-біріне күдікпен қарайды
- Жеңуге тырысады
- Бір-бірін алдап кетеді
- Бір-бірімен бәсекелеседі
- Бір-бірін кінәлайды
- Бір-біріне ашуланады
2-тапсырма:
5 жолдық тұжырымдама
1. Кикілжің
2. Нашар, зиян
3. Дауласады, күйзеледі,ауырады.
4. Келіспеушілік жағдайда пайда болатын келеңсіздік.
5. Жанжал.
3-тапсырма:
Кикілжіңді жеңуге көмектесетін ережелер жазу
- Кикілжің болған жағдайда өз-өзіңді ұстай біл, өзіңді тоқтата біл
- Көңіл-күйіңді басқара біл. Үнемі көңілді, күліп жүр!
- Ән, музыка тыңда!
- Мезгілімен ұйықта
- Жаттығулар жаса!
- Екі жақты да қанағатттандыратын шешім таба біл!
4-тапсырма:
Анасы мен баласы арасындағы түсініспеушілік(рольде ойнау)
Қорытынды:
Өзара қарым-қатынас пен қарама-қайшылық бір мезетте тууынан болатын құбылысты кикілжің немесе дау-дамай дейді. Кикілжің – бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады. Жанжал денсаулыққа кері әсер етеді. Адамдардың көңілін таба білу, дұрыс қарым-қатынас жасау – ең үлкен өнер. Айналадағы адамдарға мейірімді, қамқор және әділ болуың керек.
Жоғарыда өз іс-тәжірибеммен бөліспекпін деп атап көрсеткенімдегідей, өткен тәжірибем бойынша сөзім дәйекті болуы үшін қысқаша ғана кейбір мысалдар келтірген болатынмын. Мұндағы айтылған әр іс-әрекетімде менің еңбегімнің ақталғаны – оқушыларымның балаң көңілмен шынайы ризашылықтарын білдіріп, пікірлерін айтып жатады. Тіпті, бір-бірімен ренжіспей-ақ, сұрақ-талқылауларға байланысты бір-біріне және жеке өздеріне біраз уақыт бұрынғы мен қазіргі өзгерістері, жетістіктері жайлы салыстырмалы түрде баға беріп, ойларын ашық сараптап отырады. Демек, өзіндік тәрбиелеу дағдылары қалыптасты, даму бар, тұлғалық өсу бар және бұл мені қуантады. Тренингтер барысында сынып оқушыларының көздерінен ризашылық, сенім, қуаныш көрем. Олар менен психолог ретінде тағы да онан да көбірек нәрселерді күтетіндерін де сол көзқарас, сол ынта-жігерлерінен байқаймын. Мені қолымнан келгенінше, шығармашылық ізденіс пен серпінді ұмтылысқа бастап, еңбекке жетелейтұғын күш те осында. Шын мәнінде ата-ана балаларының зәредей де болса, әр тапсырма сайын ойына, бойына бір ой түйіп, бір бағыт жоспарлағанын көргісі келеді.Ата-ана баласын мектепке, мұғалімдерге сеніп тапсырады.Баласының арлы,намысты,адамгершілік сезімдерін арттыра отырып, шыншыл,адал болуын қалайды.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын ,әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан,ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Даналар балалар туралы:
К.Д. Ушинский «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан біліу тиіс» деп өз ойын түйіндейді.
«Бала нені білсе жастан, ұядан-өле-өлгенше соны таныр қиадан»
Жүсіп Баласағұн
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып:"Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүкін",-дейді.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің
отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ
қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді...»
А.С. Макаренко
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |