Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша


Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша

Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша

Астық – біздің байлығымыз. Әйтім – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. Бұл – үлкен қуаныш. Ол – қазір топ бастығы. Қыздарының үлкені – Майра да, кішісі – Сайра. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды. Менің ұмтылған тілегім – қалай да пайдалы адам болып шығу. Бес жерде бес – жиырма бес.Жақсы – ісімен жақсы. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді. Қайың – күй таңдамайтын ағаш. Ол түрлі жағдайларда өсе береді. Лупа – үлкейтіп көрсететін құрал. Оның негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін шыны.Қиярдың шықан жері – Үндістан.Оттегі – түссіз газ. 
 
Село үлкен. Бұл – Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары биыл ерекше. Мына жалпақ етек толған – қойлы ауыл. Көл балыққа кедей емес көрінеді. Ең бағалысы – қызыл балық. 
 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше
Пайда, мақтан - бәрі тұл. Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық – үшеуі оңаша қалған еді. Үйлер мен магазиндер, мектептер мен клуб үйі, адамдар, машиналар – бәрі де көмір үстінде. Мортық, ебелек, тітір, жусан – бәрі де жақсы өсіпті.Керуен көшетін сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығыда бүгін айрықша керек болған.Ақылбай, Ербол және Мағаш пен Кәкітай  - төртеуі оша әңгімелесіп отыр екен. Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін, ішкі қатынас есіктерін – бәрін де Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен.Көшелер мен аулаларда жайқалған ағаштар, көшелерге төселген тастар, сонау шахтадан тартылып келген электр қуаты – бәрі-бәрі депутаттар қолға алған істер еді. Мен апыл-құпыл киіне сала, далаға шықсам, Рақила, Дәмелі – екеуі қой қораның есігін басып қалған жал қарды аршып жатыр екен. Қисық, Роза және мен – үшеуміз бұларды жататын үйлеріне апарып, орналастырып келдік. 
 
 
Оңашаланған айқындауыш
Қазір оның бригадасында түрлі ұлт өкілдері – орыстар, украиндар, татарлар, белорустар – істейді. Сол кеште – жарық айлы, сыр құмар кеште – көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей сөз қосады. Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді. Олардың бірі – сары сақал, арық, боз – өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. 
 
Құрмалас сөйлем
Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін тұра алмады. Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар. Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. Оларда пасықтық бар, - адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, - жарқын жүз жоқ. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.  Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Екеуінің шұғылданғандығы сондай – ішке кірген кісіні аңғармайды.Есіктің киізін ойлай итерем, былай итерем, - ашылмайды. Елге мойнымды созам, - көрінбейді.
 
Төл сөз
«Баламмен ақылдасайын», - деді Ақылбай. – Сен қайда тұрасың? – деді Асан. «Автобус күтіп тұрмын», - деді Әли. 
Бала Майқыны көргеннен-ақ орнынан атып тұрып:
- Ассалаумағалейкүм, хан біткеннің қызығы, бұқара жұрттың қазығы, азығы, - деп сәлем береді. 
Шешесі: «Үйімізіден дәм-тұз татып кетсін, - деп, - сол кісіні шақыр», - деді. – Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді.  

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
​Қоян мен бұғы.
Бала тілі-бал
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Салалас құрмалас сөйлем
Сөйлем мүшелері
Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз тақырыптары бойынша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3228 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык