Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды


Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі. Оқушылардың үй хайуанаттары мен жануарлардың аттарының бас әріппен жазылатынын түсінуіне мүмкіндік туғызу, мәтінді түсініп оқуға, мәтін бойынша сұраққа жауап бере білуге төселдіру, жылқы туралы түсініктері кеңейту.
Дамытушылық: Мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта айта білуге, бір – бірін тыңдауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті күтіп баптауға, жылқы деген жануарды танып білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: ассоциация, түсіндірмелі, жеке, топтық жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, төрт түліктің, жылқының жеке суреттері.
Сабақтың барысы: 
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің белгілерін атаңдар.
- Көктем мезгіліндегі еңбек түрлерін атаңдар.
І. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ жасыру.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
Бұл қай жануар?                   
(жылқы)
- Балалар, олай болса бүгінгі сабағымыз жылқы малына байланысты болмақ.
- Сендерді ата – аналарың қалай еркелетеді.(қошақаным, ботам, құлыным)
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Ендеше, тобымыздың атын осы түліктің төлдеріне байланысты қояйық.
 
І топ «Құлыншақ»
ІІ топ «Ботақан»
ІІІ топ «Қошақан»
ІV топ «Торпақ»
- Жылқыға қатысты  қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
- Бәйге, қыз қуу,  аударыспақ,  көкпар 
жылқының түсі жылқының жүрісі жылқының жасы
торы
жирен
шұбар
бурыл желгіш
жорға
аяңшыл құлын
жабағы
тай
құнан
дөнен
бесті
бие
 
1. Мәтінді оқып, толықтыру.
2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
3. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
«Жеті лақ» ертегі  желісі бойынша лақтарды  қасқырдан құтқару ойыны
1 лаққа көмек.  Сұрақтарға жауап беру арқылы құтқару
1) Қонаққа келген кімдер?
2) Бекжан Аңсарға нені көрсетті?
3) Аңсар Бекжанға не жайында айтты?
4) Олар қайда барады?
Сөздікпен жұмыс.
Бәсіре – нағашы жұрттың мінісі.
Меймандар – алыстан келген туған – туыстар.
Кәдесі – рәсім.
Желі – құландарды байлау үшін екі қазыққа кере тартылған арқан.
Топпен жұмыс 
2 лаққа көмек. І топ. Мәтіндегі бас әріппен жазылған сөздерді тауып, дәптерге жазу.
3 лаққа көмек  ІІ топ.Үй жануарларын қатыстырып, 3 сөйлем жазу.
4 лаққа көмек. ІІІ топ.232 – жаттығу: Мәтінді көшіріп жазу. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызу.
5 лаққа көмек. ІV топ.233 – жаттығу: Суреттегі үй жануарларына ат қой. Ертегі құрастыр.
              «Білдім»  кестесін  толтыру
 
Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.
6 лаққа көмек.
1. Кішкене ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.   (қой)
2. Үстінде екі тауы бар, 
    Қызық бір жануар.    (түйе)
3. Екі айнасы бар,
    Екі найзасы бар.  (сиыр)
4. Басында таяғы бар,
    Төрт аяғы бар,
    Екі құлағы бар,
    Иегінде сақалы бар.  (ешкі)
7 лаққа көмек. «Кім жылдам?» ойыны.Көбелектерді  гүлге қондыр.
 
             лер       дар        лар        тар      тер      лар        лер
 
                 жылқы         түйе        қой        сиыр          ешкі
 
-  Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер?
-   Оқушылар жауаптары  тыңдалады.
 
                                      ІІІ. Ой толғаныс.
          ББҮ  кестесінің   соңғы бөлімін толтыру
 
       Білемін      Білдім   Үйренгім келеді
Сергіту сәті.
  -  Қай төлді қалай шақырады?
 Қой – пұшайт, пұшайт.
 Ешкі – шөре, шөре.
 Құлын -  құрау, құрау.
 Сиыр -  ахау, ахау.
  Түйе – көс, көс.
Қорытынды:
Осы сабақтан  біз нені  ұқтық?   Әр топ қорытынды жасайды.
Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Төрт түлік.
Төрт түлік және оның төлдері.
Жылқы
Төрт түлік
Төрт түлік
Төрт түлік. Үй жануарлары
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары.
Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Үй жануарлары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3655 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык