Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өткенді қайталау


Өткенді қайталау

Тақырыбы: Өткенді қайталау

Мақсаты: 
Білімділігі: Өткенді қайталай отырып, сөздерді дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйрету. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Әсемдікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы
Әдісі: Ойын, сұрақ- жауап
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суретті әліппе,  кеспе буындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушыларын түгелдеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау.
Үйреткен сана, білімді,
Сүйемін ана тілімді.
Әнімізбен бастайық,
Сабағымызды  бүгінгі. 
Ән: Әліппе
(Есік қағып поштасы келеді)
Поштасы: Оқушылар сіздерге Астана қаласынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан  хат келді. 
(хатты оқиды)
ІІІ. Ш.Берсиев атындағы орта мектептің 1 сынып оқушыларына!
Қымбатты қазақ елінің  азаматтары! Бүгінгі өтіліп жатырған алғашқы ашық сабақтарың құтты болсын! 
Мен сендердің  осы уақытқа дейін оқуды қаншалықты меңгергендеріңді  білу  мақсатымен бірнеше сұрақтар беремін. 
Кім жауап бере алса, сол оқушы келешекте Қазақстанның ел басқаратын сенімді азаматы болады.
Іске сәт жас достар!
Сұрақтар:
• Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
• Дауысты дыбыс нешеу?
• Дауыссыз дыбыс нешеу? Таңба ше? 
• Дыбыс деген не?
• Әріп деген не?
• Ел рәміздерін білесің  бе? Атап бер.
• Әліппеден қандай тақпақ жаттадыңдар. Жатқа айтып бер.
Сонымен бірге оқушылар біздің бүгінгі сабағымызды  ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. 
Олар сендерге өз тапсырмаларын әкеліпті. Енді біз достарымыздың тапсырмасын орындап оларды риза етейік.
1- тапсырма: Аң патшасы арыстанның тапсырмасы:
Ойын: Жеміс жинау.
Жеміс, көкөніс, жидек аттарын буынға бөліп жазып, себетке жинау.
ал-ма                     қи-яр                 ши -е
ал-мұрт            қар -быз             ит-мұ-рын
ба- нан               қа- уын
а-на –нас 
2- тапсырма: Қоянның тапсырмасы: Сергіту сәті.
Ән: «Сұр қоян»
3- тапсырма:  Тиіннің  тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс
4-тапсырма: Түлкінің тапсырмасы:
Ойын: «Буынға буын қос»
са                    қа                         та
5-тапсырма: Кірпінің тапсырмасы:
Сурет бойынша әңгіме құрау.                                  
6- тапсырма: Қорбаңбай аюдың тапсырмасы:
Ойын: Кімнің ойы жүйрік?                           
 
          жан                                       гүл                сұлу
            ден                                        нұр                       жан
            наз жан мұрат
 
 
 
7- тапсырма: Борсықтың тапсырмасы: 
Сәйкестендір
Түйе 
Көбелек
IV. Білімді  қорытындылап, жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, марапаттау.
V.  Үйге. Қайталау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Ә дыбысы мен әріпін бекіту
Қош бол, сүйікті даярлық!
Ә ә дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
О дыбысы және әрпі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6543 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык