Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9510 |
|
|
|
Ислам діні туралы білім
Ислам діні туралы білім
Мақсаты: Оқушылардың Ислам діні туралы білімдерін кеңейту. Пәк дініміз Исламның ел тарихындағы рөлін көрсете отырып, оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
I.Кіріспе. Дөңгелек үстелді ашу. Б.Боқпаев дінтану пәнінің мұғалімі.
II. Ой толғамдар.
III. Ауыл имамы Ұзақбай Сұлтанға сөз беру.
IV. Викториналық сұрақтар.
V. Дөңгелек үстелді қорытындылау.
Барысы:
I. Кіріспе. Б.Боқпаев дінтану пәнінің мұғалімі.
-Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар! Мектептің оқу-өндірістік жоспарына сәйкес Ислам әлеміне саяхат атты дөңгелек үстелді өткізгелі отырмыз. Осы шарамызға барлықтарыңызда қош келдіңіздер!
Мұндағы мақсатымыз: Оқушылардың Ислам діні туралы білімдерін кеңейту пәк дініміз Исламның ел тарихындағы рөлін көрсете отырып,оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Кешімізге ауыл имамы Ұзақбай Сұлтан ағаларыңыз қатысқалы отыр. Барлықтарыңыз осы кеште белсенділік танытып, атсалысуларыңызды сұраймын.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ислам әлеміне саяхат атты шағын кешімізді ашамыз. Аласапыранға толы еліміздін тарихына халықтың қалпы мен ұлттың болмысына таразы көзбен қарайықшы. Сонда біз тапқанымыздан жоғалтқанымыз қол жеткізгенімізден айырылып қалғанымыз көп екеніне, еліміз азып, жеріміз тозып, мәдениетіміз, тіліміз жоғалардай күйге жеткенімізге көз жеткіздік. Комунистік партияның атейстік насихаты дінімізге кесірін тигізді. Адамдар құдайға, бір-біріне деген сенімдерін жоғалтып діни тәрбиенің өз бетімен кеткендігі де шындық. Ал, шын мәнінде діннің діни тәрбиенің адам өмірінде маңызы зор.
1-оқушы. Ислам- Алланың діні. Бұл діндегілерді «Мұсылмандар» деп атайды. Ислам діні жер бетіне тек тазалық пен тәртіп, адамдар арасына достық, әділдік қалыптастырады. Мұсылмандар ислам шарттарын орындайды.
2-оқушы. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
3-оқушы. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.: «Рухани азық жинаңдар, оның ең жақсысы-діндарлық» - деген екен. Дүние жүзінің ұлы адамдары ислам дінінің қасиетін мойындап, ол туралы құнды пікірлер қалдырған. Батыстың ақын-жазушылары Исламның жербетінде теңдесі жоқ дін екенін жырлап кеткен. Оған Гете, Пушкин,Толстой, Бунин сияқты тұлғалардың мұралары дәлел.
4-оқушы. «Дін- ғылымның атасы»
Дін- ғылымның атасы,
Ғалым- діннің баласы,
Дін- ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар!
5-оқушы. Абай атамыз «Алланың өзі де рас, рас сөз ешқашанда жаман болмас»,-деген. Ы Алтынсариннің: «Бір Алланың атымен,кел балалар оқылық»,-деген сөзі өмір бойы айтылып келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-өмір сүрген, өмір сүріп жүрген және өмір сүретін адам баласының ең ұлысы. Алланның жолымен жүруді қалаған әр мұсылман
Пайғамбарымыздың өмірбаянын, тіршілігін жақсы біліп, оның ізімен жүруі тиіс. Ислам дінінің қасиетті мекені- Мекке.
6-оқушы. «Бес парыз»
Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.
Иманды баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.
Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар-
Құранан ешқашан да ара үзбейді.
Тұтпаса уағымен Оразаны-
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,
Инша Аллах қабыл болса қажылығың-
Анаңнан туылғандай тазарасын!
Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Тыйым жоқ бес парызда,
бізге Алла-
Келместі қолымыздан жүктемейді
Жүргізуші: Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың пәлеге жолықсаң да,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан! Сөз кезегін Аманияз мешітінің имамы- Ұзақбай Сұлтан ағаға берейік.
Оқушылар өздерінің сұрақтарын қояды.
Жүргізуші: Кезекті викториналық сұрақтарға берейік, экранға назар аударайық!
Ислам дінінің негізін салған кім?
Мұхаммед пайғамбар
Ислам дінінің бес парызы
Куәлік сөзін айту;
Намаз оқу;
Ораза ұстау;
Зекет беру;
Қажылыққа бару.
Құранда неше сүре бар?
Құранда 114 сүре бар.
Мұсылмандарда қандай мерекелер бар?
Рамазан айт, Құрбан айт мейрамы, Мәуліт мерекесі, Қадір түні.
Ең ұзақ сүре?
286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі
Ең көп таралған діндер?
Будда, Ислам, Христиан.
Қорытындылау.
Жүргізуші: «...Иман сақтауғақорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап:ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ», -деп қорытады Абай.
Ислам әлеміне саяхатты аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау – саламата болыңыздар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |